«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 ж. Конституциялық Заңының 28 бабының 3-тармағына сәйкес аудандық «Ойыл» газетінде шығып қалған Ойыл аудандық мәслихатының депутаттарының орнына тіркелген кандидаттарға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 ж. Конституциялық Заңының 28 бабының 3-тармағына сәйкес аудандық «Ойыл» газетінде шығып қалған Ойыл аудандық мәслихатының  депутаттарының орнына тіркелген кандидаттарға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ


  1. Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын орналастыру қара-ақ түсті орындауда 1шаршы см құны – 200 теңге ҚҚС-н қоса алғанда.
               2. Үгіттік материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см құны - 250  теңге  ҚҚС-н  қоса алғанда.
               3. Үгіттік материалдарын газеттер сайттарында орналастыру құны – жалпы сомадан 50%.
                  Аудандық «Ойыл» газетінің таралымы-1405 дана.
                  Газеттің шығу жиілігі  аптасына 1 рет:
                  Сейсенбі күн і- D2 форматта;
               4.Ойыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандитаттарына ұсынылатын мәтіндік, фото және т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттан сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.
               5.Үгіттік материалдарын газет беттерінде орналастыру «Ойыл газеті» ЖШС-ның қалауы бойынша жүзеге асырылады.
               6.Үгіттік материалдарын газеттерде жариялау үшін күтілетін жарияланым күніне дейін 3 (үш күн) күнтізбелік күннен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
               7.Мақалалар WORD форматында, фотосуреттер jpeg форматында қабылданады.
               8.Жасалған шарт бойынша «Ойыл» газетінде орналастырылған үгіттік материалдары үшін ақы төлеу ұсынылған шоттың негізінде, берілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
              9. Үгіттік материалдарды газетке орналастыру үшін  қабылдау  2024  жылғы

 6 наурыздан бастап 2024 жылғы 26 наурыз күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-ге дейін жүзеге асырылады.


        Р.S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар,өзгерістер енгізілуі мүмкін.
       
Редакцияның мекен-жайы: Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Көкжар көшесі, 69-үй, 318-322 бөлмелер.

 

 

 

«Ойыл газеті» ЖШС

 

 

Дата публикации
26 февраля 2024