ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 19 ақпан № 7 Ойыл ауылы
Округтік сайлау комиссиясының
шығып қалған мүшесінің орнына
комиссия мүшесін тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен № 11 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Сисенов Есет Исатайұлы комиссия мүшесі болып 2024 жылдың 19 ақпанынан бастап аудандық мәслихатпен сайланғанша дейін уақытша тағайындалсын
- Осы қаулы Ойыл аудандық мәслихатына жолдансын.
- Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Б.Т.Бисекенов
Хатшы Н.Б.Кенжебеков