Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға Ойыл ауданының №8 және №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалғандардың орнына Ойыл аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын тағайындады.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылдың 31 қаңтарынан басталады.
№8 округ орталығы: Сарбие ауылы, Әйтекеби көшесі, 48,
тел. 8(71332) 35-2-15. «Сапақкөл орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Округ шекаралары: Сарбие ауылдық округінің Сарбие ауылы және Көптоғай ауылдық округі Көптоғай ауылының Абай көшесі – 1,2/1,2/2,3,4,5,6/1,6/2,7/1,7/2,8,10/1,10/2,12/1,12/2,14,16,18; Қазақстан көшесі 8, 9,10/1,10/2,11,12,14,15/1,15/2,17/1,17/2,19/1,19/2,24,26,27,28,29,30,31,32,33,34,
35,36, 37,39,41; және Көптоғай ауылдық округі Шұбарши ауылының шекараларында.
№11 округ орталығы: Ақжар ауылы, Мектеп көшесі, 8,
тел. 8(71332) 74-8-19. «Саға мектеп-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Округ шекаралары: Қайынды ауылдық округінің Ақжар, Көсембай ауылдарының және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтің Құмжарған ауылының шекараларында.
Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.