2023 жылғы 5 қарашада өткен Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылдың 5 қарашасында Ақтөбе облысы Ойыл  ауданы әкімінің сайлауы өтті.        

Сайлаушылар тізіміне 9470 азамат енгізілді. Дауыс беруге 7034 сайлаушы, оның ішінде: есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс тыс - 127 қатысты. 

Кандидаттың жалпы саны - 3.

Ойыл ауданы әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Алдияр Арсланбек Алдиярұлы үшін  сайлаушылардың    943 дауысы берілді,

Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы үшін сайлаушылардың 3742 дауысы берілді,

Сұлтанов Айбек Өтегенұлы үшін сайлаушылардың 2154 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 140.

        Сайлау қортындысымен Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы сайланды, 1962 жылы туған, Ойыл ауданының әкімі, Ойыл ауданы Ойыл ауылында тұрады.    

 

                                                                  Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 ноября 2023