2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің сайлауына байланысты аудандық «Ойыл» газетінде аудан әкімдігіне кандидаттарға және олардың сенімді өкілдеріне баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған  Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің  сайлауына байланысты  аудандық  «Ойыл» газетінде  аудан әкімдігіне  кандидаттарға және олардың сенімді өкілдеріне баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы

ЕРЕЖЕ

 

         «Ойыл газеті» ЖШС Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің сайлауына қатысатын кандидаттарға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мие тәртібі туралы төмендегілерді хабарлайды:

  1.   Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін газеттің ақ-қара түсті бетінің 1 шаршы см. құны — 200 теңге, түрлі-түсті бетте орналастыру – 250 теңге.

   2.Сайтта жариялау құны — басылымдарда орналастырылған сайлауалды үгіт материалдарының жалпы сомасының – 50 %-ы.

  1. Аудан әкімдігіне  кандидаттардың немесе олардың сенімді өкілдерінің ұсынатын мәтіндік, фото және т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әрбетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттан сенім хаты бар тұлғаның қолы қойылады.      

     Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.

  1.   Сайлауалды үгіт материалдарын бетке орналастыру (беру тәсілі) редакцияның қарауы бойынша жүргізіледі.
  2.   Макет жасау мен баспа бетін ұсыну үшін 100 пайыздық алдын ала төлем жасалады.
  3.   Сайлауалды үгітті орналастыру «ӘКІМ САЙЛАУЫ-2023» белгісімен (бұл белгі жарнамаланатын материалдың аумағында орналасуы тиіс) қоса ұсынылады. Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен бірге беріледі.

        7.Форс-мажорлық жағдайлар Қазақстан Республикасының жалпы белгіленген колданыстағы заңдарымен анықталады.

 

         Р. S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне        

    сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.

   

                                                             «Ойыл газеті» ЖШС

 

 

 

 

Дата публикации
27 сентября 2023