Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

Ойыл ауданы Ойыл  ауылдық

округі әкімін  сайлау  қорытындылары туралы

ХАБАР

 

        2023 жылғы   14 мамырда  Ойыл  ауданының  Ойыл ауылдық округі әкімінің  сайлауы  Ойыл сайлау округі бойынша өтті.

   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына 113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының  Ойыл  ауданының Ойыл  ауылдық округі әкімінің сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Ойыл аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

Ойыл сайлау округі

Ойыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

       Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне  4402 азамат енгізілді, олардың  3140-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 13, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны  - 131.

     Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:       

     Амангосов А.С. -  1932 , Сағиданов М.Қ. - 373,  Туремуратов М.О.  - 691.

    Амангосов Артур Сарсенбаевич- 1975 жылы дүниеге келген, «Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, округ әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылының  тұрғыны,  «АМАNAТ»  партиясы Ойыл аудандық филиалы ұсынған, Ойыл  ауылдық округінің әкімі болып сайланды деп есептелсін.

                 

   Ойыл  аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 мая 2023