«Сарбие ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

 

Ойыл  ауданы  әкімінің

2015  жылғы  « 01 »  сәуірдегі

№  65  Қаулысымен 

БЕКІТІЛГЕН

«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты»

мемлекеттік  мекемесі  туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты»  ММ  Қазақстан  Республикасының  белгіленген  заңдарымен  құрылатын  мемлекеттік  басқару  және  бақылау  функцияларын  орындауға  уәкілеттік  берілген  саласындағы  (ларында)  басшылықты  жүзеге асыратын  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  органы  болып  табылады.

2.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  өз  қызметін  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  және  заңдарына,  Қазақстан  Респуб-ликасының  Президенті  мен  Үкіметінің  актілеріне,  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерге,  сондай-ақ  осы  Ережеге сәйкес жүзеге  асырады.

3.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  мемлекеттік  мекеме  ұйымдық-құқықтық  нысанындағы  заңды  тұлға  болып  табылады,  мемлекеттік  тілде  өз  атауы  бар  мөрі  мен  мөртаңбалары,  белгіленген  үлгідегі  бланкілері,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  қазынашылық  органдарында  шоттары  болады.

4.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  азаматтық-құқықтық  қатынастарға  өз  атынан  түседі.

5.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  егер  заңнамаға  сәйкес  осыған  уәкілеттік  берілген  болса,  мемлекеттің  атынан  азаматтық-құқықтық  қатынастардың  тарапы  болуға  құқығы  бар.

6.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  өз  құзыретінің  мәселе-лері  бойынша  заңнамада  белгіленген  тәртіппен  «Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  басшысының  бұйрықтарымен  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  басқа  да  актілермен  ресімделетін  шешімдер  қабылдайды.

7.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  құрылымы  мен  штат  санының  лимиті  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  бекітіледі.

8.Заңды  тұлғаның  орналасқан  жері:  Қазақстан  Республикасы  Ақтөбе  облысы  Ойыл  ауданы  Сарбие  ауылы  Жастар  көшесі  № 16.

9.Мемлекеттік  органның  толық  атауы – «Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі.

10.Осы  Ереже  «Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  құрылтай  құжаты  болып  табылады.

10.1.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  құрылтайшысы  және  басқару  жөніндегі  уәкілетті  органы  Ойыл  аудандық  Әкімдігі  болып  табылады.

11.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  қызметін  қаржыландыру  Қазақстан  Республикасының  жергілікті  бюджетінен  жүзеге  асырылады.

12.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  кәсіпкерлік  субьектілерімен  «Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  функциялары  болып  табылатын  міндеттерді  орындау  тұрғысында  шарттық  қатынастарға  түсуге  тйым  салынады.

      Егер  «Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  заңнамалық  актілермен  кірістер  әкелетін  қызметті  жүзеге  асыру  құқығы  берілсе,  онда  осындай  қызметтен  алынған  кірістер  республикалық  бюджеттің  кірісіне  жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның  миссиясы,  негізгі  міндеттері, 

функциялары,  құқықтары  мен  міндеттері

 

 

13.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  миссиясы:  Қазақстан  Республикасының  Конститутциясымен  заңдарына  сәйкес  мемлекеттік  органдармен,  ұйымдармен  және  азаматтармен  өзара  қарым-қатынаста  аумақтың  мүддесін  қорғап,  округте  Қазақстан  Республикасының  Конститутциясын,  заңдарын,  Президенті  мен  Үкіметінің  актілерін  орындауды  қамтамасыз  ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Ойыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы

 01 сәуірдегі № 65 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН:

«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» мемлекеттік  мекемесінің  

                       Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.

 

  1. 14 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

Міндеттері:

1)Ауылдық  округ  әкімі  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес:  Тиісті  әкімшілік  бөлініс  аумағында  тиісті  әкімдіктің  лауазымды  адамы  болып  табылады  және  мемлекеттік  органдармен,  ұйымдармен  және  аза-маттармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан  сенімхатсыз  өкілдік  етеді.

2)Азаматтардың  өтініштерін,  арыздарын,  шағымдарын  қарайды,  азаматтар-дың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау  жөнінде  шаралар  қолданады.

3)Салық  және  бюджетке  төленетін  басқа да  міндетті  төлемдерді  жинауға  жәрдемдеседі.

4)Әкім  аппараты  әкімшісі  болып  табылатын  бюджеттік  бағдарламаларды  әзірлеп,  тиісті  мәслихаттың  бекітуі  үшін  жоғары  тұрған  әкімдіктің  қарауына  енгізеді.

5)Азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  Қазақстан  Республикасы  Конститутциясының,  заңдарының,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметі  актілерінің,  орталық  және  жергілікті  мемлекеттік  органдар  нормативтік  құқықтық  актілерінің  нормаларын  орындауына  жәрдемдеседі.

2.15. тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

Аппараттың функциялары:

1) өз  құзыреті  шегінде  жер  қатынастарын  реттеуді  жүзеге  асырады;

2) ауылдық  округтің  коммуналдық  тұрғын  үй  қорының  сақталуын,  автомобиль  жолдарының  салынуын,  қайта  жанартылуын,  жөнделуін  және  күтіп  үсталуын  қамтамасыз  етеді. 

3) шаруа  немесе  фермер  қожалықтарын  ұйымдастыруға,  кәсіпкерлік  қызметті  дамытуға  жәрдемдеседі.

4) өз  құзыреті  шегінде  әскери  міндеттілік  және  әскери  қызмет,  азаматтық  қорғаныс,  сондай-ақ  жұмылдыру  дайындығы  мен  жұмылдыру  туралы  мәселелер  бойынша  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  орындалуын  ұйымдастырады  және  қамтамасыз  етеді.

5) әділет  органдары  жоқ  жерлерде  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  тәртіппен  нотариаттық  іс-қимылдар  жасауды,  азаматтық  хал  актілерін  тіркеуді  ұйымдастырады.

6) тарихи  және  мәдени  мұраны  сақтау  жөніндегі  жұмысты  ұйымдастырады.

7) табысы  аз  адамдарды  анықтайды,  жоғары  тұрған  органдарға  еңбекпен  қамтуды  қамтамасыз  ету,  атаулы  әлеуметтік  көмек  көрсету  жөнінде  ұсыныс

 

 

 

 

 енгізеді,  жалғызілікті  қарттарға  және  еңбекке  жарамсыз  азаматтарға  үйінде  қызмет  көрсетуді  ұйымдастырады.

8) қылмыстық-атқару  инспекциясы  провация  қызметінің  есебінде  тұрған  адамдарды  жұмысқа  орналастыруды  қамтамасыз  етеді  және  өзге  де  әлеуметтік-құқықтық  көмек  көрсетеді.

9) жергілікті  әлеуметтік  инфрақұрылымның  дамуына  жәрдемдеседі.

10) қоғамдық  көлік  қозғалысын  ұйымдастырады.

11) шұғыл  медициналық  көмек  көрсету  қажет  болған  жағдайда  ауруларды  дәрігерлік  көмек  көрсететін  жердегі  денсаулық  сақтау  ұйымына  дейін  жеткізіп  салуды  ұйымдастырады.

12) жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарымен  өзара  іс-қимыл  жасайды.

13) шаруашылықтар  бойынша  есепке  алуды  жүзеге  асырады.

14) мектепке  дейін  тәрбие  беретін  және  оқытатын   ұйымдардың,  мәдениет  мекемелерінің  қызметін  қамтамасыз  етеді.

15) өз  құзыреті  шегінде  елді  мекендерді  сумен  жабдықтауды  ұйымдастырады  және  су  пайдалану  мәселелерін  реттейді.

16) елді  мекендер  аумақтарын  абаттандыру,  жарықтандыру,  көгалдандыру  және  санитариялық  тазалау  жөніндегі  жұмыстарды  ұйымдастырады.

17) туысы  жоқ  адамдарды  жерлеуді  және  өзге  де  жерлеу  орындарын  тиісті  қалпында  күтіп-ұстау  жөніндегі  қоғамдық  жұмыстарды  ұйымдастырады.

18) кәсіпқой  емес  медиаторлардың  тізілімін  жүргізеді.     

19) ауылдық  округ  әкімінің  құзыретіне  аудан  орталығымен  көлік  қатынасын  ұйымдастыру  жөнінде  аудандық  атқарушы  органға  ұсыныстар  енгізу,  сондай-ақ  ауылдық  жерде  оқушыларды  мектепке  дейін  және  кейін  қарай  тегін  жеткізіп  салуды  ұйымдастыруда  жатады.

20) мектеп  жасына  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балаларды  есепке  алуды  ұйымдастырады,  тірек  мектептердің  (ресурс  орталықтарының)  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етеді.

21) мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытуды  қамтамасыз  етеді,  оның  ішінде  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқыту  ұйымдарына  медициналық  қызмет  көрсетуді  ұйымдастырады.

22) елді  мекен  жерінде  мал  жаятын  орындарды  айқындау.

23) тиісті  аумақта  жануарлардың  жұқпалы  аурулары  пайда  болған  жағдайда,  бас  мемлекеттік  ветеринариялық-санитариялық  инспектордың  ұсынуы  бойынша  карантин  режимін  немесе  шектеу  іс-шараларын  енгізе  отырып,  карантин  аймағының  ветеринариялық  режимін  белгілеу  туралы  шешімдер  қабылдау.

24) тиісті  аумақта  жануарлардың  жұқпалы  ауруларының  ошақтарын  жою  жөніндегі ветеринариялық-санитариялық  инспектордың  ұсынуы  бойынша  шектеу  іс-шараларын  немесе  карантинді  тоқтату  туралы  шешімдер  қабылдау.

25) Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  ветеринариялық  пункттерді  қызметтік  үй-жайлармен  қамтамасыз  ету.

26) Қазақстан  Үкіметі  белгілеген  тәртіппен  ауыл  шаруашылығы  жануарларын  бірдейлендіруді  жүргізуге  қатысу.

27) ауыл  шаруашылығы  жануарларын  қолдан  ұрықтандыратын,  мал  шаруашылығы  өнімі  мен  шикізатын  дайындайтын  мемлекеттік  пункттердің,  сою  алаңдарының  (ауыл  шаруашылығы  жануарларын  сою  алаңдарының)  мал  қорымдарының  (биотермиялық  шұққырлардың),  пестицидтерді,  улы  химикаттарды  және  олардың  ыдыстарын  арнайы  сақтау  орындарының  (көмінділерінің)  жұмыс  істеуіне  жәрдемдесу.

28) агроөнеркәсіптік  кешен  мен  ауылдық  аумақтар  саласында  жедел  ақпарат  жинауды  жүзеге  асыру  және  оны  аудандардың  (облыстық  маңызы  бар  қалалардың)  жергілікті  атқарушы  органдарына  (әкімдіктеріне)  беру.

29) ауыл  шаруашылығы  санағын  жүргізуге  қатысу.

30) микрокредит  бағдарламаларына  қатысуы  үшін  табысы  төмен  адамдарды анықтау.

31) жергілікті  мемлекеттік  басқару  мүдделерінде  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  олардың   қарауына  жатқызылған  өзгеде  өкілеттіктерді  жүзеге  асыру.

32) Қазақстан  Республикасының  Жер  Кодексінің  13  және  16-баптарында  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  жер  учаскелерін  жеке  меншікке  және  жер  пайдалануға  беру.

33) Қазақстан  Республикасының  Жер  Кодексінің  69-бабына  сәйкес  қауымдық  сервитуттар  белгілеу.

34) жер  учаскелерін  алып  қою,  соның  ішінде  мемлекет  мұқтажы  үшін  алып  қою  мәселелері  жөнінде  аудандық  әкімдікке  ұсыныстар  енгізу.

35) мүгедектерге  көмек  көрсетуді  ұйымдастырады.

36) қоғамдық  жұмыстарды,  жастар  практикасын  және  әлеуметтік  жұмыс  орындарын  ұйымдастырады.

37) дене  шынықтыру  және  спорт  жөніндегі  уәкілетті  органмен  және  мүгедектердің  қоғамдық  бірлестіктерімен  бірлесіп,  мүгедектер  арасында  сауықтыру  және  және  спорттық  іс-шаралар  өткізуді  ұйымдастырады.

38) мүгедектердің  қоғамдық  бірлестіктерімен  бірлесіп,  мәдени-бұқаралық  және  ағарту  іс-шараларын  ұйымдастырады.

39) мүгедектерге қайрымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді.

40) халықтың  әлеуметтік  жағынан  әлсіз  топтарына  қайырымдылық  көмек  көрсетуді  үйлестіреді.

41) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

42) басқаруына  берілген  аудандық  коммуналдық  мүлікті  жеке  тұлғаларға  және  мемлекеттік  емес  заңды  тұлғаларға  кейіннен  сатып  алу  құқығынсыз  мүліктік  жалға  (жалдауға)  береді.

43) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды.

44) берілген  коммуналдық  мүліктің  сақталуын  қамтамасыз  етеді.

45) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады.

46) жергілікті  атқарушы  органның  шешімімен  бекітілетін,  басқаруына  берілген  аудандық коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорынның  жылдық  қаржылық  есептілігін  келіседі.

47)  басқаруына  берілген  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорындар  өндіретін  және  өткізетін  тауарлардың  (жұмыстардың,  көрсетілетін  қызметтердің)  бағаларын  белгілейді.

48) берілген  аудандық  коммуналдық  мемлекеттік  мекемелердің  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылуының  жеке  жоспарын  бекітеді.

49) кіріс  көздерін  қалыптастырады.

50) бюджеттің  атқарылуы  жөніндегі  жөніндегі  орталық  уәкілетті  органда  әкімдердің  жергілікті  өзін-өзі  басқару  функфияларын  іске  асыруына  бағытталатын  ақшаны  есепке  жатқызуға  арналған,  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын  қамтамасыз етеді.

51) бюджет  қаржыларын  үнемдеудің  және  (немесе)  Қазақстан  Республикасының  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы  заңнамасында  көзделген  түсімдердің  есебінен  еңбек  шарты  бойынша  қызметкерлер  қабылдайды.

52) жергілікті  қоғамдастықтың  жиналысында  келісілгеннен  кейін  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  ақша  түсімдері  мен  шығыстары  жоспарын  бекітеді.

53) мемлекеттік  мекемелердің  өздерінің  игілігінде  қалатын  тауарларды  (жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді)  өткізуінен  түсетін  ақша  түсімдері  мен  шығыстарының  жиынтық  жоспарын  Қазақстан  республикасының  бюджет  заңнамасына  сәйкес  жасайды  және  бекітеді.

54) ауылдық  округ  әкімінің  құзырына  Қазақстан  Республикасының  заңдарымен  өзге  де  мәселелерді  шешу  жатқызылуы  мүмкін.

55) ауылдық  округ  әкімі  өзінің  құзыретіне  жатқызылған  мәселелер  бойынша  өзіне  жүктелген  міндеттердің  іске  асырылуы  үшін,  жоғары  тұрған  әкімнің,  аудандық  мәслихаттың  алдында  жауап  береді.

  1. 16 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

Құқықтары:

1).Өзіне  жүктелген  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  уәкілетті  мемлекеттік  органнан  және  өзге  ұйымдардан,  азаматтардан  қажетті  ақпаратты  сұратуға  және  алуға;

2).стратегиялық  жоспарды  және  (немесе)  әкім  аппараты  әкімшісі  болып  табылатын  бюджеттік  бағдарламаны  әзірлеу  кезінде  жергілікті  қоғамдастық  жиналысының  (жиынының)  талқылауына  Қазақстан  Республикасының  бюджет  заңнамасына  сәйкес  аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  бюджетінің  құрамында  көзделген  бағыттар  бойынша  жергілікті  маңызы  бар  мәселелерді  қаржыландыру  жөніндегі  ұсыныстарды  шығаруға  құқылы;

3).жергілікті  бюджетті  бекіту  (нақтылау)  кезінде  қала,  аудан  (облыстық  маңызы  бар)  мәслихаты  сессияларының  жұмысына  қатысады;

4).ауылдық  округтің  әкімі  облыс  әкімдігіне  облыстың  даму  жоспарына  енгізу  үшін  тиісті  әкімшілік-аумақтық  бірлікте  байланыс  қызметтерін  көрсетуді  ұйымдастыру  жөнінде  ұсыныс  енгізеді;

5).аудандық  маңызы  бар  қалалардың,  ауылдардың,  кенттердің,  ауылдық  округтердің  әкімдері  Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  Кодексінің  165,  300,  311  және  387-баптарында  көзделген,  аудандық  маңызы  бар  қалалардың,  ауылдардың,  кенттердің,  ауылдық  округтердің  аумағында  жасалған  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы  істерді  қарауға  және  бұзушылықтар  үшін  әкімшілік  жазалар  қолдануға  құқылы;

6).Қазақстан  Республикасы  заңдарына  сәйкес  басқа  да  құқықтарға  ие.

 

 

 

4.18 тармағындағы «мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады» деген сөздер «мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын, қызметке сайланған ауыл әкімін қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіппен аудан әкімі қызметке орналастырады, өкілеттігін тоқтатады және қызметінен босатады» деген сөздермен ауыстырылсын. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Мемлекеттік  органның  қызметін  ұйымдастыру.

 

17.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  басшылықты  «Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  жүктелген  міндеттердің  орындалуына  және  оның  функцияларын  жүзеге  асыруға  дербес  жауапты  болатын  бірінші  басшы  жүзеге  асырады.

18.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  бірінші  басшысын,  қызметке  сайланған  ауыл  әкімін  қолданыстағы  заңнамаларда  белгіленген  тәртіппен  аудан  әкімі  қызметке  тағайындайды,  өкілеттігін  тоқтатады  және  қызметінен  босатады.

19.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  бірінші  басшысының  өкілеттегі:

1)ауылдық  округ  әкімі  тиісті  әкімшілік-аумақтық  лауазымды  тұлға  болып  табылады  және  сенімхатсыз  өз  атынан  барлық  мемлекеттік  органдармен  ұйымдармен  қарым-қатынаста  болады.

2)ауылдық  округ  әкімі  аппаратының  жұмысын  ұйымдастырып  бақылайды  және  аппаратқа  жүктелген  міндеттерді  орындау  мен  оның  өз  функцияларын  жүзеге  асыруға  жеке  жауапты;

3)аппарат  қызметкерлерінің  міндеттері  мен  өкілеттіктерін  белгілейді;

4)аппарат  кадрларын  алу  және  іріктеу  бойынша  жұмысты  жүзеге  асырады;

5)аппараттың  қызметкерлерін  лауазымдарына  тағайындап,  қызметінен  босатады;

6)Қазақстан  Республикасының  заңнамалығына  сәйкес  аппараттың қызметкерлерін  көтермелеп,  тәртіптік  жаза  қолданады;

7)жұмысшылардың  еңбекақы  төлеу  қоры  шеңберінде  штаттық  кестені,  функционалды  міндеттерді  бекітеді;

 

4.Мемлекеттік  органның  мүлкі.

 

20.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  заңнамада  көзделген  жағдайларда  жедел  басқару  құқығында  оқшауланған  мүлкі  болуы  мүмкін.  «Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  мүлкі  оған  меншік  иесі  берген  мүлік,  сондай-ақ  өз  қызметі  нәтижесінде  сатып  алынған  мүлік  (ақшалай  кірістерді  қоса  алғанда)  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  тиым  салынбаған  өзге  де  көздер  есебінен  қалыптастырылады.

21.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  бекітілген  мүлік  коммуналдық  меншікке  жатады.

21.1.Аппараттың  мемлекеттік  мүлікті  басқару  жөніндегі  уәкілетті  органы  (бұдан  әрі  мемлекеттік  мүлік  жөніндегі  уәкілетті  орган)  Ойыл  аудандық  қаржы  бөлімі  болып  табылады.

22.Егер  заңнамада  өзгеше  көзделмесе,  «Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  өзіне  бекітілген  мүлікті  және  қаржыландыру  жоспары  бойынша  өзіне  бөлінген  қаражат  есебінен  сатып  алынған  мүлікті  өз  бетімен  иеліктен  шығаруға  немесе  оған  өзгедей  тәсілмен  билік  етуге  құқығы  жоқ.

 

5.Мемлекеттік  органды  қайта  ұйымдастыру  және  тарату.

 

23.«Сарбие  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» ММ  қайта  ұйымдастыру  және  тарату  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  жүзеге  асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Положение
Дата публикации
30 марта 2023