Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 -баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Саралжын ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы №4 қорытындысы негізінде, Саралжын ауылдық округінің әкімі Ойыл ауданының Саралжын ауылдық округінің Саралжын ауылының «Кеңес» көшесін «Көктал» көшесіне қайта атауды шешті.
Нормативтік құқықтық акт жобасы «Ашық НҚА» порталында 16.01.-30.01.2023 жыл аралығында орналастырылды.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=1968807&type=2