Ойыл ауданы Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылғы атқарған қызметі туралы ақпарат

Ойыл ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп кодексі саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізуде.

  Ойыл ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл 2022 жылы  5 ауылдық округ пен 8 бөлімде болып, кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру және әдеп нормаларын сақтау саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша жұмыстар атқарылды.

    Аталған кездесулер барысында әсіресе басшылық құрамға бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне қызметтік автокөліктерді мақсатсыз пайдаланбау, еңбек заңнамаларын қатаң сақтау шаралар түсіндіріліп,  ескертілді.

2022 жылғы «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсының өңірлік кезеңінде Ойыл ауданының мемлекеттік қызметшілері жоғары белсенділік танытқатын атап өткен жөн. Нәтижесінде 5 қызметші алғыс хатпен марапатталса, «Поэззия- образ-поэззия-өлең» атты номинацияда Қараой ауылдық округінің бас маманы Айтқалиев Нұрлан Айсаұлы-Бас жүлдеге ие болды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген «Талап.Еңбек.Терең ой» атты облыстық интелектуалдық байқау Ойыл аудандық кәсіпкерік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Меруенова Гүлнұр Маяққызы-алғыс хатпен марапатталды.

       Ойыл ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік - құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы - заңгер С.Маханова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен қараша айынан бастап өткізіліп жатырған «Бюрократиясыз аппарат» атты Республикалық жобалар конкурсына қатынасса, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «Жаңа әліпби-ел таңдауы» атты аудандық «Үздік мақала» байқауына «Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту» тақырыбындағы байқауға қатысты.

  «Үздік ауыл әкімі» аумақтық кезеңіне қатынасқан Көптоғай ауылдық округінің әкімі Е.Асылбаев алғыс хатпен марапатталды.

   Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында салауаттылық өмір салтын қалыптастыру бағытында, аудандық мәдениет және спорт бөлімімен бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде, бекітілген кестеге сай мемлекеттік қызметшілер тұрақты негізде әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері тұрақты түрде спортпен шұғылданып келеді.

2022 жылдың шілде айында Петропавл қаласында Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен республикалық спартакиадада Қараой ауылдық округінің әкімі А.Султанов жүлделі ІІ орын иеленсе, Облыс әкімінің кубогіне арналған спартакиада 2 мемлекеттік қызметші –І орын, 3 мемлекеттік қызметші –ІІ орын, және тағы 3 мемлекеттік қызметші –ІІІ орын иеленді.

   Мемлекеттік қызметшілердің  ұжымдағы жанжалдардың алдын алу мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында  «Халықаралық келіссөздер академиясы» ЗТБ төрайымы, кәсіби медиатор С.А.Балпейсовамен семинар тренинг өткізілді.

   2022 жылы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі -М.А.Адилханов пен аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы –Д.Н.Жүндібаев өздерінің лауазымдық функционалдық блоктарға бөлу жөніндегі өтініштері аудандық комиссияда қаралып «Б» блогынан «А» блоғына ауыстырылды

         2022 жылы Ойыл ауданы бойынша мемлекеттік қызметшілердің әдеп бұзу фактілері кездескен жоқ.

        Биылғы 2022 жылы 16 мемлекеттік қызметші әкімшілік құқық бұзушылыққа жол беріп отыр, бұл былтырғы жылмен салыстырмалы түрде қарағанда 20 пайызға азайып отыр (2021 жылы 20 әкімшілік құқық бұзушылық болатын).

2022 жылы сонымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 20 рет жеке консультативті көмек көрсетілді, оның ішінде: -13 мемлекеттік қызметшілерге, 7-уі жеке және жаңды тұлғаларға.

Есепті жылда 9 рет жеке қабылдаулар ұйымдастырылды.

         2022 жылы 71 рет  Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде -17 мемлекеттік қызметші көтермеленді.

 

 


            Аппарат басшысы,

            Әдеп жөніндегі уәкілі                                      Е.Тлепов

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 января 2023