Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, қаулының қосымшасына сәйкес «Tabys Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Тамдыкөл» кең орынынан пайдалы қазбаларды барлау үшін Көптоғай ауылдық округі және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі аумағындағы жалпы көлемі 23 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленуде.
Нормативтік құқықтық акт жобасы «Ашық НҚА» порталында 21.01.-04.02.2022 аралығында орналастырылды.