Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1- тармағына сәйкес, Ойыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындары айқындалып, бекітілуде.
Нормативтік құқықтық акт жобасы «Ашық НҚА» порталында 14.01.-28.01.2022 аралығында орналастырылды.