Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37– баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қаратал ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің Қаратал ауылының
«Конституция» көшесін «Шәкәрім» көшесіне қайта атауды шешті.
Нормативтік құқықтық акт жобасы «Ашық НҚА» порталында 12.09.-26.09.2022 аралығында орналастырылды.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14229780