Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 -баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ойыл ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 шілдедегі №2 қорытындысы негізінде, Ойыыл ауылдық округінің әкімі Ойыл ауылдық округінің Ақшатау ауылының «Балауса» көшесін «Әжібай би» көшесіне, «Шалқыма» көшесін «Алаш» көшесіне қайта атауды шешті.
Нормативтік құқықтық акт жобасы «Ашық НҚА» порталында 07.09.-21.09.2022 аралығында орналастырылды.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14222572