«Ойыл ауданының Саралжын ауылдық округінің Шиқұдық ауылының көшесін қайта атау туралы» шешімінің жобасына
пресс-релиз
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 -баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шиқұдық ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 қорытындысы негізінде, Саралжын ауылдық округінің әкімі Ойыл ауданының Саралжын ауылдық округінің Шиқұдық ауылының «Мектеп» көшесін «Қайрат Рысқұлбеков» көшесіне қайта атауды шешті.
Нормативтік құқықтық акт жобасы «Ашық НҚА» порталында 06.09.-20.09.2022 аралығында орналастырылды.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14221033