«2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулы жобасына пресс-релиз

«2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулы жобасына

пресс-релиз

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының  «Халықты  жұмыспен  қамту  туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген) сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, аудандағы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен дара кәсіпкерлердегі ауыр жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленуде.

Нормативтік құқықтық акт жобасы «Ашық НҚА» порталында 03.10.-17.10.2022 аралығында орналастырылды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14249451

Дата публикации
03 октября 2022