Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі сайлауының қортындысы және сайланған әкімді тіркеу туралы ХАБАРЫ

САЙЛАУ-2022

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі сайлауының қортындысы және сайланған әкімді тіркеу туралы ХАБАРЫ

 

         2022 жылдың 11 желтоқсанында Ш.Берсиев атындағы  ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 9 тармақшасына, 44 бабының 2 тармағына,

45 бабына, 113-10 бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қортындысын шығарды:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1050 азамат енгізілді, олардың 822-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер-21, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны- 92.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Амангосов А.С.-114, Кереев Ә.С.-70, Шауменов Н.С.-525

         Шауменов Нурлыбек Сагынганович, 1973 жылы дүниеге келген, уақытша жұмыссыз, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі  Қаратал ауылының тұрғыны, «AMANAT»  партиясы ұсынған, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі болып сайланды.

         Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  45 бабына сәйкес  2022 жылғы 12 желтоқсандағы шешімімен 2022 жылғы 11 желтоқсанда сайланған Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ әкімін тіркеді.

 

 

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ойыл ауданы Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы ШЕШІМІ

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының

1-тармағына сәйкес, 2022 жылғы 11 желтоқсанда болған  Ойыл ауданы Ш.Берсиев        атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауының  қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Шауменов Нурлыбек Сагынганович 1973 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Ойыл ауданы Қаратал ауылының тұрғыны, Ойыл ауданы Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.

            2.Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

            3.Сайланған әкімге тиісті куәлік берілсін.

 

 

Сайлау комиссиясының төрағасы                           Б.Т.Бисекенов

      

 

Сайлау комиссиясының хатшысы                           Н.Б.Кенжебеков

                                                                                 

                                                                                                        2022 жылғы   12 желтоқсан

                                                                                                                                                      

 

Дата публикации
12 декабря 2022