26 тамыз 2022 жыл №13 Саралжын ауылы
2022 жылы 26 тамызда күні сағат 1500 –де Саралжын ауылдық округінің Саралжын ауылдық клубында жергілікті қоғамдастық комиссия мүшелерінің жиналысы өтті.
Жиналысқа қатынасуға тиісті сайланған жергілікті қоғамдастық комиссия мүшелері -15. Қатысқаны -15.
Төрағалық етуші: Өмірғали Аманғали Исағалиұлы – жергілікті қоғамдастық кеңес төрағасы.
Хатшысы: Ж.Иманғалиев-жергілікті қоғамдастық кеңес хатшысы.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Тыңдалды:
М.Тажигалиев – Саралжын ауылдық округінің әкімі:
Құрметті ауыл тұрғындары! Бүгінгі жиынның күн тәртібіндегі бір сұрақ – көше атауын өзгерту. 2022 жылдың 22 сәуірінде көше атауын өзгерту бойынша жиында «Әжібай би» атауын ұсындыңыздар. Алайда 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде «Әжібай би» көшесі деп қайта атау туралы ұсыныс қабылданбады. Аталған көшені «Рәбиға Сыздықова» деп қайта атау туралы ұсыныс берілді. «Рәбиға Сыздықова» есімі Ойыл селосына берілетіндіктен, Республикалық ономастика комиссиясы мақұлданған, Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігімен келісілген «Жер-су атаулары» және «Тарихи тұлғалар» тізімдерін қарап Саралжын ауылындағы Кеңес көшесіне жаңа атау беруді ұсынамын.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары бекіту туралы» қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдар ауылдық округтің әкімімен бірлесе отырып, жергілікті қоғамдастық жиналасын өткізу мерзімін анықтайды және БАҚ-нда хабарландыру орналастырылды. Соған сәйкес «Ойыл» газетінінің 26 шілдедегі №29 (7923) санына хабарландыру жарияланды. Белгіленген күні жиналыс аяқталған соң, қорытындысы жарияланып, хаттамамен рәсімделетін болады.
Сонымен, ұсынылып отырған көшелер атаулары:
Шығып сөйлегендер:
Кошкаров Отесин – Кеңес көшесінің тұрғыны:
-Құрметті ауыл тұрғындары, Кеңес көшесінің атауының идеологиялық тұрғыдан ескіруіне байланысты «Көктал» атауын беруді ұсынамын. Кезінде ауыл адамдары өз күшімен отырғызған орманның атауын көшемізге берген дұрыс деп есептеймін.
Жұбанов Рүстем– Кеңес көшесінің тұрғыны: мен Кеңес көшесінің тұрғыны ретінде көшемнің атауы «Көктал» деп өзгертілуін қолдаймын.
Мұнан кейін сөз алған көше тұрғындары С.Жалғасов, Д.Иманов тағы басқалар сөз сөйлеп, алдыңғы сөйлегендердің сөздерін толықтырып, өз ойларын білдірді.
Жиналыста Саралжын ауылындағы Кеңес көшесінің атауын «Көктал» атауымен атау мәселесі дауысқа қойылып, барлығы бір ауыздан қолдады.
Қолдаушылар – 15 адам
Қарсы-жоқ
Қалыс қалғандар – жоқ
Жиында айтылған ұсыныс пікірлерді қортындылай келіп, жергілікті қоғамдастық комиссия мүшелерінің жиыны шешім етеді:
Жиынның төрағасы: А. Өмірғали
Хатшысы: Ж.Иманғалиев