- Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін 1 шаршы см. құны — 120 теңге.
- Сайтта жариялау құны — басылымдарда орналастырылған сайлауалды үгіт материалдарының жалпы сомасының – 50 %-ы.
- Қазақстан Республикасының Президентіне кандидаттың немесе сенімді өкілінің ұсынатын мәтіндік, фото жәнет.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әрбетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттан сенім хаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.
- Сайлауалды үгіт материалдарын бетке орналастыру (беру тәсілі) редакцияның қарауы бойынша жүргізіледі.
- Макет жасау мен баспа бетін ұсыну үшін 100 пайыздық алдын ала төлем жасалады.
- Сайлауалды үгітті орналастыру «Сайлау-2022» белгісімен (бұл белгі жарнамаланатын материалдың аумағында орналасуы тиіс) қоса ұсынылады. Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен бірге беріледі.
7.Форс-мажорлық жағдайлар Қазақстан Республикасының жалпы белгіленген колданыстағы заңдарымен анықталады.
Р. S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне
сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.
«Ойыл газеті» ЖШС