2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

 

2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 2022 жылғы 5 маусымдареспубликалық референдум өткiзiлсiн.
  2. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.
  3. Осы Жарлық және «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
  4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.
  5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
  6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

ҚазақстанРеспубликасының

               Президенті                                                  Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 мамыр

                 № 888

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған

республикалық референдум комиссиялары

қызметінің кейбір мәселелері  туралы

 

      «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңының 6-бабының                                  3-тармағына, 8-бабының  2-тармағына, 21-бабы 1-тармағының    1) және 2) тармақшаларына, 24-бабының 3-тармағына және  «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы           ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аумақтық референдум комиссияларына референдум тағайындалған күннен бастап он күннен кешіктірмей аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамдары, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  2. Республикалық референдумды әзiрлеу мен өткiзу кезiнде референдум комиссиялары тиiстi сайлау комиссияларының мөрлері мен интернет-ресурстарын пайдаланатыны белгiленсiн.
  3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалар мен аудандардың әкiмдерi референдум комиссияларының билігіне референдумды әзiрлеу мен өткiзу үшiн қажеттi үй-жайларды, жабдықтар мен көлiк құралдарын беру жөнiндегi шараларды көздесін, референдум комиссияларына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдессiн, олардың жұмысына қажетті мәліметтер мен материалдарды берсін, басқа да көмекті көрсетсін.

    4.Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

        

Төраға

 

 

Н. Әбдіров

Хатшы

 

М. Ерман

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Орталық референдум комиссиясының

2022 жылғы  06  мамырдағы 32/482

қаулысымен бекітілген

 

 

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

         1. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын жариялау

 

 

Аумақтық референдум комиссиялары

Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарды  жариялау

 

Тиісті әкімдер

Референдум тағайындалғаннан  кейін он күннен кешіктірмей

жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

          3. Республикалық референдум алдындағы үгіт

                                

 

референдум тағайындалғаннан кейін басталады және 2022 жылғы 4 маусымда сағат нөл сағатта аяқталады

 

           4. Акт бойынша учаскелiк референдум комиссиясына әрбiр учаске бойынша әкiм қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн ұсыну

 

Тиісті әкімдер

Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда

2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

           5. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсыну

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2022 жылғы 20 мамырдан кешіктірмей

 

          6.  Жекелеген  референдум  учаскелерiнде  дауыс  берудiң  басталуы  мен аяқталуының басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi сайлаушыларға жеткiзу

 

 

Аумақтық референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей

2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей

 

           7. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру  күніне дейінгі кемінде он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей

(26–б.  1–т.)

 

          8. Референдумның учаскелік комиссияларына дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін жеткізу

 

Аумақтық референдум комиссиялары

Референдум өткізуге жеті күн қалғанда

2022 жылғы 28 мамырдан  кешіктірмей

(27-б.  5-б.)

 

           9. Дауыс беру үшін референдум учаскелерін ашу және ашу туралы хаттама жасау

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Егер дауыс берудің басталуына басқа уақыт белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де дауыс беру басталады

 

           10. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Басқа дауыс беру уақыты белгіленбесе, дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 

 11. Референдум  учаскесінде  дауыстарды  санау  және  дауыс  беру

қорытындылары туралы хаттама жасау

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің аяқталуына басқаша уақыт белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады .  Санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауға тиіс

 

           12. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн референдум учаскесiнiң үй-жайында жұртшылықпен танысу үшiн арнайы бөлiнген жерде орналастыру

 

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           13. Референдум учаскесiнде дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы тиiстi аумақтық референдум комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында референдумның қорытындыларын шығару

 

Аумақтық референдум комиссиялары

Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде

 

(22-б. 1-т.(7-тт.)

 

           15. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Орталық референдум комиссиясына ұсыну

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссиялары

Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде

 

             16. Референдум қорытындыларын шығару және бұқаралық  ақпарат  құралдарында  референдум  қорытындылары туралы ресми хабарды жариялау

 

Орталық референдум комиссиясы

Референдум өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2022 жылғы 12 маусымнан кешіктірмей

(33-б.)

 

 

 

 

 

         Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер бар.

 

                                                            

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 мая 2022