ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 26 сәуір № 1 Ойыл ауылы
Учаскелік сайлау комиссияларының
шығып қалған мүшелерін босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес Ойыл ауданық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қосбаева Базаргул Амандыковна әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты № 395 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен 2022 жылдың 26 сәуірінен бастап;
- Байниязов Жумат Бурекешович сайлау комиссиясындағы міндетінен босату туралы 2022 жылғы 25 сәуірдегі өз өтінішінің негізінде № 408 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен 2022 жылдың 26 сәуірінен бастап босатылсын.
- Осы қаулы Ойыл аудандық мәслихатына жолдансын.
Төраға Б.Бисекенов
Хатшы Б.Бактыгереев