Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Қоса берiлiп отырған коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарлардың пайдалану Қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
05 апреля 2022