Ақтөбе облысыОйыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №95 «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

ШЕШТІ:

  1. Ақтөбе облысыОйыл аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы»2021 жылғы 23 желтоқсандағы №95 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №26049 тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер –8 041 715мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер–602084  мың теңге;

салықтық емес түсімдер –19 746  мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі –7 419 885 мың теңге;

2) шығындар–8 233 875мың теңге;

  • таза бюджеттік кредиттеу –11 969 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер –45 945 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –33 976  мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу –0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер –0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –-204 129мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру(профицитін пайдалану)–204 129 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі–  45 945мың теңге;

қарыздарды өтеу–33 976 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 192 160мың теңге.».

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

1) көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыруға– 834986 мың теңге;

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге– 94160 мың теңге;

3) балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке– 8627 мың теңге;

4) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға– 11064 мың теңге;

5) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға– 19067 мың теңге;

6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға– 200 мың теңге;

7) еңбек нарығын дамытуға– 70996 мың теңге;

8) мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдары, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге – 21126 мың теңге;

9) азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналықкәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 72529 мың теңге;

10) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге– 23980 мың теңге.

Аталған ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».

Келесі мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын:

«6-1. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

1) «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елдi мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға–90 098 мың теңге.

Аталған ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».

7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер түсетіні ескерілсін:

1) мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға– 45945 мың теңге.

Аталған бюджеттік кредиттердің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түскені ескерілсін:

1) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялауға– 224734 мың теңге;

2) ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 122179 мың теңге.

Аталған нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».

9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«9. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

1) көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыруға– 1 751142 мың теңге;

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге– 4000 мың теңге;

3) балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке– 2570 мың теңге;

4) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге– 13038 мың теңге;

5) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға– 8976 мың теңге;

6) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге – 90645 мың теңге;

7) нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға–
29056 мың теңге;

8) шақыру пунктіне автокөлік сатып алуға – 6 787,2 мың теңге.

Аталған ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».

10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«10. 2022 жылға функцияларының өзгеруіне байланысты аудандық бюджеттен облыстық бюджеттің шығындарын өтеуге арналған трансферттердің сомаларын бөлу көзделсін:

1) білім бойынша – 2 578 892 мың теңге;

2) спорт бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйым – 94719 мың теңге;

3) ветеринария бойынша – 79145 мың теңге.

Аталған трансферттердің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
30 марта 2022