Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

                      Ойыл ауылы                                                                                                          село Уил

 

Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8 және 9-баптарына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  3. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;,
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

   

 

 

Ойыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

Б. Жумырбаев

Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы

 

Е. Жиеналин

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Ақтөбе облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 14.09.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 7407 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Уилского районного маслихата - Руководитель отдела Уилского районного маслихата Шолпан Габбасовна Карабалина, 11.09.2020 10:37:50, положительный результат проверки ЭЦП

Уилского районного маслихата - Секретарь Уилского районного маслихата Еркин Жумагазиевич Жиеналин, 11.09.2020 10:40:43, положительный результат проверки ЭЦП

Уилского районного маслихата - Председатель сессии Уилского районного маслихата Берген Ертаевич Жумырбаев, 11.09.2020 10:41:37, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Актюбинской области - Руководитель департамента юстиции Актюбинской области Бекбулат Жуматаевич Колумбаев, 11.09.2020 15:44:14, положительный результат проверки ЭЦП

Қосымша
Дата публикации
16 марта 2022