Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың 2022 жылы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының  33-бабының 2-1-тармағына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшері 1-3-қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

Кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен шығуы үшін оларға мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе желілік басылымдардағы, теле-, радиоарналардағы жарияланымдар көлемін өз беттерінше қайта бөлуге құқылы.

  1. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жолдансын.
  2. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет- парақшасында жариялансын.

Комиссия төрағасы                                                Н. Жүсіпов

Комиссия хатшысы                                                Е. Шангереев

Ақтөбе қаласы,

2022 жылғы 25 қаңтар,

№65

Дата публикации
02 февраля 2022