|
|
|
«БЕКІТЕМІН» Аудан әкімі ______________ А.Қазыбаев 2022 ж. ___________ «____»
|
Ойыл ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ету және заңнама талаптарын бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Әдеп жөніндегі уәкілдің 2022 жылға арналған
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Ойыл с. 2022 ж. қаңтар
|
№ |
Іс-шаралар |
Орындалу мерзімі |
Аяқтау нысаны |
|
Ұйымдық-әдістемелік жұмыс. Мемлекеттік органдардың ұйымдастыру мәдениетін жетілдіру |
|||
|
1. |
Әдеп жөніндегі уәкілдің жылдық жоспарын жасақтап бекіту |
2022 жылғы қаңтар |
Жоспарды бекіту |
|
|
Мемлекеттік қызметшілер мен өзге де азаматтардың жеке қабылдауларын, оның ішінде көшпелі кеңестер мен жеке қабылдауларын өткізу. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. |
Тұрақты түрде |
Жарияланым, Облыс әкімі аппараты мен уәкілетті органға ақпараттар ұсыну |
|
2. |
Әдеп жөніндегі уәкілдің байланыс деректері бар ақпарат және қабылдау кестесін аудандық «Ойыл» газеті мен аудан әкімдігі сайтына орналастыру.
|
Қаңтар-ақпан |
БАҚ, ММ сайттарында жарияланымдар |
|
3. |
Ойыл ауданы бойынша мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік кеңесі жұмыстарына қатынасу барысында қызметшілердің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау. |
Кеңес жоспары бойынша |
Жарияланым |
|
4. |
Бос мемлекеттік қызметшілер орнына жарияланған мемлекеттік мекемелердің конкурстық комиссияларының жұмысына қатысу. |
Тұрақты түрде |
Ақпарат және жарияланым |
|
5. |
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы ақпараттар мен атқарылған жұмыстарды БАҚ мен аудан әкімдігі сайтына жариялау |
Жарты жылда бір реттен кем емес |
Жарияланымдар |
|
6. |
БАҚ және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру фактілері туралы материалдарды жариялау. |
Жыл ішінде
|
Жарияланымдар
|
|
7 |
Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру (мемлекеттік қызметке жұмысқа тұруға ниет білдірушілермен кездесулер өткізу) |
Жарты жылда бір реттен кем емес |
Жарияланымдар мен ақпарат ұсыну |
|
Қызметтік этика нормаларын сақтау мониторингі, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал |
|||
|
8. |
Мемлекеттік органдар басшыларының көтермелеу және жаза алу кезінде мемлекеттік қызметшілер қызметінің нәтижелерін әділ және объективті бағалау бөлігінде заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған талдау жүргізу. |
2022 жыл ішінде |
Ақпарат, ұсынымдар
|
|
9. |
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізу, мемлекеттік органның басшылығына оларды жою жөніндегі ұсынымдар беру |
құқық бұзу деректері бойынша |
Ақпарат, ұсынымдар |
|
10. |
Қызметтік этика нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін сақтау үшін жылына 2 рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама ұйымдастыру және өткізу.
|
маусымға, 20 желтоқсанға дейін |
Сауалнамаларды талдау, ақпарат |
|
11. |
Ауданның мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің деректері туралы жағымсыз материалдардың БАҚ-та жариялануына мониторинг жүргізу. |
2022 жыл ішінде |
Ақпарат, ұсынымдар |
|
Түсіндіру жұмысы, әдеп бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының алдын алу |
|||
|
12. |
Аудандық әкімі аппаратының құқықтық білім мектебінің сабақтары шеңберінде мына бағыттар бойынша: - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы; - бейінді мамандарды тарта отырып, мемлекеттік сатып алу заң ережелері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізу |
2022 жыл ішінде
|
Жарияланым, ақпарат ұсыну |
|
13. |
Аудандық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын, коммуникативтік құзыреттілік стандартын (мемлекеттік қызметшінің азаматтармен қарым-қатынас жасау ережесі түсіндіру бойынша кездесулер өткізу. |
2022 жыл ішінде |
Ақпарат ұсыну, жарияланымдар |
|
14. |
Еңбек заңнамасы мен Әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша (Интернет-порталдар, әлеуметтік медиадағы аккаунттар, сыйлықтарды тапсыру, мемлекеттік меншіктің сақталуы, мүдделер қақтығысы, жұмыс уақыты, еңбек жағдайы) мониторинг жүргізу |
2022 жыл ішінде |
Ақпарат ұсыну, жарияланымдар |
|
15. |
Жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, еңбек тәртібін сақтау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу, бұзушылықтар анықталған жағдайда материалдарды уәкілетті органдарға жіберу. Сегіз сағаттық жұмыс күнінен кейін икемді жұмыс кестесін, компьютерлерді автоматты түрде ажырату жүйесін енгізу мәселесін пысықтау. |
2022 жыл ішінде |
Жарияланымдар, ұсынымдар беру |
|
Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық моделін өзгерту бойынша ақпараттық-имидждік жұмыс |
|||
|
16. |
БАҚ, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытында мақалалар жариялау (мемлекеттік органдармен бірлесе). |
2022 жыл ішінде |
Жарияланымдар
|
|
17. |
Уәкілетті мекемемен бірлесіп «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай ауданның мемлекеттік қызметшілері арасында спорттық ойындар ұйымдастыру |
17-18 маусым |
Ақпарат ұсыну, жарияланымдар |
|
18. |
Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, патриоттық тәлім-тәрбиені шыңдау мақсатында «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай аудан бойынша зейнеткер мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастыру |
23 маусым |
Ақпарат ұсыну, жарияланымдар |
|
19. |
Мемлекеттік қызметші күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу бойынша ұсыныстар енгізу. |
23 маусымға және 16 желтоқсанға дейін |
ақпарат |
Әдеп жөніндегі уәкіл Е.Тлепов