Қайыңды ауылдық округінің әкімі И.Т.Косдаулетовтың 2021 жылғы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттері жөніндегі есебі.

 

Қайыңды ауылдық округінің әкімі И.Т.Косдаулетовтың

2021 жылғы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттері

жөніндегі есебі.

 

 

            Жыл сайын еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығын іске асыру аясында барлық деңгейдегі әкімдердің жергілікті жерлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар болуын арттыруға, халықты толғандыратын проблемалық мәселелерді шешуге, билік органдарының беделін арттыруға бағытталған халық алдында есеп беруі өткізіледі.

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы – бүгінгі жағдайда ерекше мәнге ие болып отырған біздің халқымыз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Ол жүргізіліп жатқан әлеуметтік – экономикалық және саяси реформалардың сабақтастығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатты растады және нақты практикалық істердің бағдарламасы болып табылады. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттілігіне жедел ден қою барлық мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдықтары болып табылады.

          Ел экономикасының өркендеуі мен қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету бағытында, сондай-ақ тұрғындардың әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асырылып  жатқан іс шаралар аз емес.

          2020 жылғы аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің есеп беру кездесулерінде тұрғындармен әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар көтерілді, олар бақылауға алынып, өз шешімін тапты:

          а)  Ақжар-Саралжын бағытындағы көтерме жолға екі рет қыру жұмыстары 

               жүргізілді

          ә)  Ақжар және Көсембай ауылдары жастарының бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында шағын футбол алаңдары іске қосылды.        

          б)  Көсембай елді мекені тұрғындарына хоккей корты пайдалануға берілді.

          в)  Ақжар, Көсембай ауылдарының көшелеріне жаңадан жарық шамдар орнатылды.

          г) Ақжар ауылының кіре берісіне жаңадан белгі орнатылды.

          ғ) Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2021 жылы ауылдық округте жаңадан 1 шаруа қожалығы және 9 кәсіпкер өз жұмысын бастады, т.б. талап тілектердің орындалуына, шешілуіне қызмет жасалды.

          2021 жылдың қортындысы бойынша 2022 жылдың қаңтар айының 18 жұлдызы күні Көсембай елді мекенінде тұрғындарымен кездесу жиыны өтті. Ол жиынға тұрғындардың қатысуы, олардың ұсыныстары мен өзекті мәселелерді айтуы жақсы дәрежеде болды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудандық және аумақтық бөлімдер мен ұйымдардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарынан жауапты азаматтар  қатысты. Жиынға 43 адам қатынасып 2 адам шығып сөйледі.

          Мемлекет басшысы тарапынан алдымызға қойған жаңа міндеттер мен талаптарды орындау негізінде және ауыл тұрғындарының кездесулер кезіндегі ұсыныстары мен сын ескертпелерін қанағаттандыру мақсатында 2021 жылы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты бірқатар жұмыстар жүргізді.

          Қайыңды ауылдық округіндегі Ақжар, Көсембай ауылдарында  жалпы 

халық саны  2021 жылы 1196 адам, 2020  жылмен салыстырғанда халық саны 12 адамға өскен, Биыл 20 сәби дүниеге келді. Округте барлығы  199  үй бар, онда 232 отбасы тұрады. Ауыл төңірегінен 37711 гектар жер әкімшілікке бекітіліп берілген. Бұл округ тұрғындарына мал басын өсіруіне, қыстық мал азығын дайындауға, бау-бақша егуге толық мүмкіндік береді.

          Қазіргі таңда округте барлығы 1 ЖШС, 3 АӨК, 39 шаруа қожалығы және 34 жеке кәсіпкерлік субъектілері  бар.  Биылғы жылы 1 шаруа қожалығы, 9 жеке кәспкерлік субъектісі өз жұмысын жаңадан бастады.

          Ауылдық окург бойынша қысқа түскен МІҚ – 3339 бас, қой-ешкі – 6784 бас, жылқы – 606 бас, құстың барлық түрі – 1025. Округте 4 мал дәрігері қызмет жасайды. Олар жоспарға сай мал ауруларына қарсы екпе жұмыстарын жүргізіп отырады. Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігінің және мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмыстарының арқасында округте мүйізді ірі қара малдарына жұқпалы бруцеллез ауруына сәуір айында  қойылған шектеу шаралары  желтоқсан айында алынды.  Барлығы 9 мәрте қан алынып, нәтижесінде мүйізді ірі қара бойынша 1428 бас тексеріліп, оң нәтиже берген 196 бас мүйізді ірі қара малы  түгелдей жойылып тиісті көлемде өтемақы төленді. Тұрғындардың мал қораларына дәрігерлік шаралар жүргізілді. Қоршаған ортаға малдарға зиянын келтіретін бұралқы иттердің көбейіп кетуіне байланысты оларды жою мақсатында ветеринария мамандары арқылы жылдық жоспар бойынша аулануға тиісті 114 бас бұралқы ит жойылды. 5700 бас ҰММ бірдейлендірілді. № 1 үлгідегі анықтама алу үшін 500 қызмет көрсетілді. 31600 әртүрлі жануарларға егу жұмыстары жүргізілді. Малдарды электронды базаға енгізу жұмыстары уақытылы жүргізіледі. Дегенмен тұрғындардың сойылған, кеткен малдарын ИСЖ базасынан есептен өздігінен шығаруы баяу. 2021 жылы ауылдық округ бойынша 31500 тонна ірі сабақты мал азығы дайындалып, уақытында тасып алынды. Тапсырма 100 пайызға орындалды. Шөп шабу науқанына барлығы 30 трактор, 12 рулон пресс,  10 шөп тиегіш, 27 тіркеме, 3-автомашина 50-орақ, 30-тырма қатысты.   Шаруа қожалықтары артық шөптерін көршілес Ойыл, Ақшатау, Қаракемер, Құрман елді мекендеріне тасыды.

Ауылшаруашылық саласында: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы (Есен, Омаш-Даулет) 160,5 млн теңге несие алды. 2 шаруа қожалығы (Омаш-Даулет, Әлім) лезингке жаңадан ауыл шаруашылық техникаларын алды. Ауылдық округ бойынша МІҚ сатып алу жоспары 175 бас болса 470 басқа немесе 268,6% (Орынғали-75, Бекей-55, Омаш-Даулет-340), қой сатып алу жоспары 286 бас болса 364 басқа немесе 268,6% (Көбек-364) орындады. Мал бордақылау алаңына 178 бас бұқашықтар (Құттығай-44, Бекей-30, Орынғали-20, Сенім-13, Бекжан-20, Азамат-30, Елдос-21) тапсырылды. Асыл тұқымды қой сатып алғаны үшін 7,8 млн теңге (Адал, Елдос, Табынай, Аманбек, Есбол), мүйізді ірі қара малдарын сатып алғаны үшін 300 мың теңге (Орынғали), мүйізді ірі қара малына мал азығын дайындағаны үшін 26 млн теңге (Есбол, Орынғали, Бекей, Есет, Құттығай, Сенім, Тұнық Таз, Бекжан, Құлмырза), жылқы малына мал азығын дайындағаны үшін 7,1 млн теңге (Көбек, Құттығай, Аманбек), қой малына мал азығын дайындағаны үшін 14,2 млн теңге (Есбол, Көбек, Сенім, Аманбек, Адал, Табынай) шаруа қожалықтарына субсидия төленді. Мемлекеттен берілетін көмектің арқасында өткен 4 жылда округтегі шаруа қожалықтары 13 жаңа трактормен 11 рулон шөп байлағышын  алды. Мемлекетіміздің көмегінің арқасында 19 шаруа қожалығы күннен қуат алатын батерейка тегін қондыртып алды. Қазіргі кезде мұздатқыш пен теледидарды ауылдағыдай көріп отыр.

Кәсіпкерлікті дамыту саласында: Ағымдағы жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында округтің 6 тұрғыны 3,5 млн теңге мемлекеттік грантты иеленіп, мал шаруашылығымен айналысуда. Ақжар ауылы орталығынан жеке кәсіпкер А.Қошқаров жылы жай құрылысын аяқтап, 2 жылдан бері шілде айының аяғында өнімін арзан бағамен ауыл тұрғындарына ұсынуда. Ағымдағы жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамсыз ету» бойынша 5 адам қысқа мерзімді  кәсіптік оқытуға жолданды. Ауыл тұрғындары 4-5 жылдан бері қаз, үйректің балапандарын алып бағуды кәсіп етуде. Әр қазды 7000 теңгеге, үйректі 2500 теңгеге сатты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлмалар саласы бойынша:

2021 жылы «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша округ бойынша төрт жас жастар тәжірибесінен өтті. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде жасыл ел қоғамдық жұмысына жастарды жұмысқа тарту мақсатында 21 жұмыссыз жас пен студенттер жұмыс жасады. Ағымдағы жылы аз қамтылған, көп балалы отбасының 45 мүшесі  қоғамдық жұмысқа тартылды. 3 жас жастар тәжірібесінен өтті. Жастарды ауылға тұрақтандыру мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 4 жас маман 1,2 млн теңге көтерме ақы, тұрғын үй алу үшін 2 маман 6,2 млн теңге несие алды. Округ бойынша 14 отбасының 76 мүшесі соның ішінде 53 баласына 4,9 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Округ бойынша тұрақты жұмысы жоқ, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар саны – 150. Осы ретте шаруа қожалықтарының жұмыс күшіне үнемі мұқтаж болып отыратындығына назар аудара кеткім келеді. Сонымен бірге округте қоғамдық табынды бағуға малшы шықпайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Денсаулық кепілі – дене шынықтыру. Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтып өтті. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатынгда Ақжар, Көсембай ауылдарында шағын футбол алаңдары пайдалдануға берілді. Көсембай ауылында хоккий корты салынды.

Білім саласында:  Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз. Округте 1 орта, 1 негізгі мектеп бар. Оқушылар саны 168, даярлықта 20 бала, оларға 54 мұғалім дәріс береді. Округте 1 бала бақша мен Көсембай негізгі мектебі жанындағы шағын орталық жұмыс жасайды. 2020-2021 оқу жылында мектептетердегі білім сапасы 51/61,8 пайызды көрсетті. ҰБТ көрсеткіші бойынша орташа балл  71.  Саға Мектеп-балабақшасында 7 оқушы мектеп бітірді. 1 оқушы  “Алтын белгі” иегері  атанды.  Ол: Даденбаева Ақнұр Есентайқызы. 6 оқушы жоғары оқу орындарына грантпен оқуға түсті. 1 оқушы колледжге грантпен оқуға түсті. Саға мектеп-балабақшасы және Көсембай негізгі мектебіндегі ұлағатты ұстаздардың еңбек жолында жеткен жетістіктеріне тоқталсақ: Турлан Дуйсенгалиев - Облыстық педагогикалық олимпиадасында 1 орын,  Жақсыбай Ардақ - «Үздік педагог-2021» байқауы – 2 орын, Жақсыбай Ардақ, Майра Кенжегазина, шипажайға жолдама, Мамбеткереева Асем - Ziatker.kz  - Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым порталында авторлық  материал жариялағаны үшін алғыс хат, Гульнар Бахтыгереева - ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы, Анаргуль Амирова - Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиада ІІІ дәрежелі Диплом, Дана Өмірова - «Цифрлық ғасыр ұстазы» Облыстық байқауының І дәрежелі диплом иегер, Райымбек Курмангазин - Ақтөбе обылысында дене шынықтыру және спортты дамытудағы жемісті еңбегі үшін "Алғыс хат",

Алтынзер Акбисенова - Облыстық педагогикалық олимпиадасы 1 орын, Лаззат Бикирова - облыстық білім басқармасы Алғыс хат, Женис Татебаева - Құрмет грамотасы облыстық кәсіподақ ұйымы. Аққошаров Ерсайын облыстың үздік ұстазы, Дәрібаева Шара аудан бойынша Шебер ұстаз марапатына ие болды. Елғондина Дина – шипажайға жолдама. Мұғалімдер  арасындағы  педагогикалық олимпиададан  математика  пәнінің мұғалімі Нургалиев  Есмухан  II орын, Тарих  пәнінің  мұғалімі  Даулетова  Жұмагүл  I орын, ағылшын  пәнінің  мұғалімі  Мырзагалиева  Алтыннұр  III орын, орыс тілі пәнінің мұғалімі Урынбаева  Аида III орын, Бастауыш сынып  мұғалімдері   Желдибаева  Марфуга, Азанова  Шара, Акылбекова  Алия  II орын, Аққошқаров  Ерсайын, Султангалиева  Жанар  II орын, қазақ тілі пәнінің мұғалімі  Сисенов Медет I орынға  ие болды. Республикалық  дебат ойынының  аудандық кезеңінде  «Дебат» үйірмесінің жетекшісі Керей Айнагүл III орынға ие болды. Бұл да болса ұстаздар қауымының өлшеусіз еңбектері деп есептеймін.

Денсаулық саласы бойынша: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған – деп атап айтты.

          Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт және 1 автокөлік бар. 6 дәрігер жұмыс жасайды. Биылғы жылы округ бойынша 20 сәби дүниеге келді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 5 сәбиге кем. 8 адам қайтыс болды. 0-7 жас аралығында 147 бала тіркелген. Жүкті аналар уақытынан бүрын ауруханаға жберіліп отырады. Үйінде босану фактілері орын алған жоқ. Биылғы жылы флюроға 430 тұрғын түсуге тиісті болса, олар түгел қамтылған. Тұмауға қарсы 110 адам тегін, 70 адам ақылы егілді. Округ бойынша пандемеяға қарсы 215 адам екпе алды. Округте сарып, туберкулезбен ауырғандар тіркелмеген. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге дәрілер алынып қойылады. Бір қынжылтарлық жағдай жедел жәрдем көлігі ескірген. Жиын сайын осы мәселе айтылып келеді. Кей кездері дәрігерлер науқастарды аудан орталығына жеке көліктермен апарады. Округ аудан орталығынан қашық болғандықтан жедел жәрдем машинасынан көмек болса.

          Мәдениет саласы бойынша: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында мәдениет саласына айрықша тоқталды. Соның айғағы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері жоғары наградалармен марапатталды. Округте 2 ауылдық клуб, 2 ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. 18045 кітап қоры, оның ішінде 10093 ана тіліміздегі кітаптар. Кітапханалар жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. Ауылдық әкімшіліктің басшылығымен кітапхана, клуб қызметкерлері мектептермен бірлесіп, жыл бойғы мерекелерді ұйымшылдықпен өткізіп отырады. Бұл мерекелерден ауылдың қарттары мен көп балалы аналар және мүмкіндігі шектеулі жандар тыс қалмайды. Биылғы жылы аудан орталығында өткізілген мәдени шараларға ауылдық округте өз үлесін қосты. Облыс, аудан аумағында өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне ауыл тұрғындары мен шаруашылық субъектілері өз үлестерін қосуда. 2021 жылдың басынан ауылдық округтегі кітапханалардың қорына жаңадан кітаптар келіп түсті. Осы мақсатта, оқырмандарды кітапханаға көптеп тарту және күнделікті жаңалықтардан ақпараттар беріп отыру үшін жаңа жылдан бастап  кітапхана   «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан», «Ақтөбе», «Ойыл» «Жалын», «Жұлдыз», «Айгөлек», «Балдырған» , «Қазақстан әйелдері», «Парасат», «Ақжелкен», «Жыл он екі ай»  т.б. керекті мерзімді басылымдарға  5 газетке, 8 журналға жазылды.  Кітапхана – кітап арқылы және адамның жан-жақты білім алып, сонымен қатар  оқырмандардың талап-тілектерін қанағаттандырып жан-жақты ақпараттық  қажеттілігін ескеретін орын. Оқырмандар кітапханадағы кітапхана қорындағы  кез-келген ақпарат көзін - анықтамаларды, эциклопедияларды, сөздіктердіді дұрыс пайдалана білу деген сөз. Кітапханаға келген оқырмандарға жаңа басылымдармен таныстырып, шолу жасап отырылады. Кітапханада  жаңа  келген әдебиеттермен таныстыру мақсатында, «Жаңа кітаптар әлемі» деген тақырыпта  кітап көрмесі жасақталынып,  библиографиялық шолу өткізіліп отырады. Сонымен қатар кітапханаға келген оқырмандар тобына әдеби жаңалықтарды таныстыру мақсатында, кітапханалық гүлзар ұйымдастырылып отырады, яғни жаңадан келіп түскен кітаптарға библиогрфиялық шолу өткізіліп тұрады. Ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету шаралары кітапханаға келген жаңа кітаптарды таныстыру үшін арнайы ұсыныс тізімдері, көрсеткіш құралдарды естелік кітапшалар, кітап көрмелері ұйымдастырылып оқырман топтарына ұсынылды.

2021 жылы ауылдық клубтар мен кітапханаларда өткізілген мәдени шаралар. 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай Ақжар ауылдық клубында кітапхана, клуб және мектеп ұжымының қатысуымен «Сыйынар ем – ана деген тәңірге» атты мерекелік шара өтті. 14 наурыз күні Ақжар модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  Амал мерекесіне орай «Амал келді, жыл келді!» атты бейнебаян жасақталынды. Ақжар модельді ауылдық кітапханасы 21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні» орай «Ұлттық  тағамдар-ұлттық құндылығымыз» атты кітап көрмесі жасақталынды. 1 мамыр Қазақстан Республика халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан-біздің ортақ шаңырағымыз» атты әр ұлттың мерекелік құттықтау бейнебаян жасақталынды. 7 мамыр –  Отан  қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған «Жас сарбаз» клуб мүшелері арасында 8-9 сынып оқушыларымен «Ерлік –ұрпаққа мұра» атты әңгіме сағаты өткізілді. Шараға Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, аға сержант Базарбай Сағынғалиұлы қатысып,  болашақ сарбаздарымызға елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға шақырды. 9 мамыр – Ұлы женістің 76 жылдығына орай Ақжар модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  «Ерлік даңқы мәңгілік» атты кітап көрмесіне онлайн шолу өткізілді. 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай кітапхана, клуб бірлесе ұйымдастырылған «Отбасы – бақыт аясы» атты онлайн бейнебаян ұйымдастырылды. Шараға Қошқаровтар отбасы қатысты.

21 мамыр – Мәденит және өнер қызыметкерлер күніне орай Ақжар модеьді ауылдық кітапхансы мен Ақжар ауылдық клубы бірлесе отырып «Мәдениет пен өнер – рухани өміріміздің мәйегі»  тақырыбы аясында бейнебаян жасақталынды. 1 маусым –Балаларды қорғау күніне орай кітапхана, клуб  бірлесе отырып «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі!» атты мерекелік шара өтті.   6 шілде – Астана күніне орай  «Нұрсұлтан - ел тірегі , ел мұраты» бейне ақпарат өткізіліп, «Мәңгілік ел – Нұрлы болашақ» виртуалды кітап көрмесі жасақталынды. 30 тамыз Конституция күніне орай Ақжар модельді ауылдық кітапханасы мен Ақжар ауылдық клубы бірлесе отырып «Елдің асыл тірегі – Ата заң» атты мерекелік құттықтау жасақталынды. Ақжар модельді ауылдық кітапханасы мен Ақжар ауылдық клубы бірлесе отырып, 1 қазан – Қарттар күніне орай «Қарттар – алтын қазығымыз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. 10 қазан – Мүгедектер күніне орай  Әкімшілік, кітапхана, клуб ұжымдары  бірлесе отырып «Қайырылымдық- қадірлі іс» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі жандарға сыйлықтар таратылды. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы мен Елорда егіз ұғым» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. 16 желтоқсан–Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – қазақтың сан  ғасырлық арманы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Аудандық әкімшілік ауылымыздың 3 ардагерін «Тәуелсіздіктің 30 жылдық» мерекелік медалімен және бірнеше ауыл тұрғындарын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Ауылымыздың әкімі  халыққа мерекелік лебізін білдіре отырып, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып жүрген ауыл тұрғындарына сыйлықтар мен  алғыс хаттар табыстады.

Көркейту, көгалдандыру бойынша: Облыс әкіміінің жыл сайынғы «Облыстық елді мекендерде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» қаулысын орындау мақсатында, ауылдық округтің елді мекенінде көктем-күз айларында санитарлық тазалық сенбіліктері өткізілді. Тазалық айлығына 8 мекеме, 333 адам, 4 техника қатынасты. Тазалық айлығы кезінде  473 тонна күл қоқыс сыртқа шығарылды. 9 - мамыр қарсаңында Ақжар ауылындағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болғандар ескерткішіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Мекемелердің айналасы тазартылып, тал түптері ақталып, қоршаулары   сырланды. Округтегі «Жастар саябағы» тазартылып, ішіндегі отырғыштар мен үстелдеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңадан баннерлер орнатылды. Округ аумағында 43942 шаршы метр алаң қоқыстардан тазартылды. Бұрынғы егілген талдар уақытылы әктеліп, қоршаулар қайта сырланды. Сенбілік кезінде 30 түп жеміс ағаштары, 300 түп көшет түрлері отырғызылды. Ақжар, Көсембай елді мекендеріндегі шамдар жаңартылды. Биылғы жылы Көсембай елді мекені тұрғындарына орталықтандырылған ауыз су құбыры пайдалануға берілді. Саралжын - Ақжар бағытындағы көтерме жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттары жасақталды.

           Ауылдық округтегі салық төлемдері бойынша мүлік және жер салықтарынан – 38687 теңге түгел жиналды. Көлік салығы жоспар бойынша 931749 тенгенің 1 желтоқсанға дейін 378000 теңгесі немесе 40,6 пайызы жиналды. Ауыл тұрғындарын жеке көліктерінің салықтарын кешіктірмей төлеу керектігі бірнеше рет ескертілді. Ауыл тұрғындарын көлік салығын қысқа мерзімде төлеуге шақырамын. Алдағы уақытында салық төлеуден бас тартып жүргендерге заңды шарасын алу үшін жұмыстар жасайтын боламыз.

           Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысына сәйкес, ауылдық округте  қазіргі таңда 20 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2021 жылы ауылдық округ бойынша 202 мемлекеттік қызмет көрсетілді оның барлығы да электрондық түрде көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында округте іс-шаралар жоспары құрылып, қажетті ақпараттар орналастырылған ақпараттық стенд орнатылды.   Округте  ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызметтер алуына жағдай жасалынып, мемлекеттік қызмет алушылардан ешқандай арыз шағымдар түскен жоқ. Барлық қызмет мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша жүргізілді. Әкімшілікте өзіне-өзі қызмет көрсету орыны жасақталған. Ауыл тұрғындары қажетті құжаттарды алып тұрады.                     

           2021 жылы заңды және жеке тұлғалардан барлығы 7 өтініш түсіп 6 қанағаттандырылып, 1 түсіндірілді. Ауыл әкімінің жеке қабылдауы бойынша 3 өтініш тіркеліп, қабылдауда болған азаматтарға түсінік берілді. 

           Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шеңберінде Қайыңды ауылдық округінде  мекеме басшылары арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп,  Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөнінде жоспар жасалынды. Ақжар модельді ауылдық кітапханасы мен ауылдық клубы бірлесе отырып, «Жемқорлыққа жол берме» атты виртуалды кітап көрмесі жасақталды. Республикалық «Парасат жолы» жоба аясында «Сыбайластық - жемқорлыққа тура жол» тақырыбында ауыл тұрғындары мен мекеме ұжымдарына  парақша таратылып, кең көлемде мағұлмат берілді. Көсембай негізгі мектебінде “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. Жоспар негізінде оқушыларға тұрақты жұмыстар жүргізіліп, оқушыларға түсініктер беріліп келеді. Атап айтсақ: 7-8-9 сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол» тақырыбында тәлімгер С.Таждауов дөңгелек үстел жұмысын жүргізді. Сонымен бірге 5-6 сыныптар арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында әлеуметтік педагог М.Сисенов сурет байқауын ұйымдастырды. Қорытындысы бойынша үздік сурет салған оқушылар мақтау қағаздарымен марапататталды. «Жемқорлық індет-жою міндет» тақырыбында 5-сынып оқушыларына арнаған тәрбие сағаты өтті.

20  қаңтар күні  Саға мектеп бала –бақшасында   «Сыбайлас-  жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі»  атты 7-8  сынып оқушылар арасында адалдық сағаты  өткізілді. Адалдық сағаты барысында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында видео ролик көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында слайд көрсетілді. 10 маусым күні «Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуын шектейтін қауіпті індет»  онлайын виртуалды ақпарат жасақталды.  10 тамыз күні кітапхана оқу залында «Жемқорлық – адалдықтың қас дұшпаны» атты кітап  көрмесі  ұйымдастырылып, оған   «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес»  туралы  ҚР заңы, әдебиеттер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша мағұлматтпар ұсынылды. 28 қазан күні кітапхана оқу залында оқырмандарды ақпараттандыру мақсатында «Сыбайластық-жемқорлыққа тура жол» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мерзімдік басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар мен дәйек сөздер, кітаптар қойылды. Қайыңды ауылдық округінің орталығы Ақжар ауылы Мектеп көшесі № 6 мекенжайда діни экстремизм мен терроризмге қарсы сипаттағы банер орналастырылған.

        2021-2022 оқу жылында Саға мектеп-балабақшасы бойынша 9 сынып оқушыларымен «Дінтану негіздері»  курсы жүргізіледі. Курсты тарих пәнінің мұғалімі Т.Дүйсенғалиев жүргізеді.  Мұғалім тарих пәнінің мұғалімі, қосымша дінтану курсын оқыған. Мектептердің психологтары 8-9-10-11 сынып оқушылары арасында «Терроризм актісінің  қаупі төнген жағдайда немесе терроризм   актісі жасалған жағдайдағы мінез-құлық дағдысын анықтау» бойынша сауалнама алынды. Мақсаты: терроризм жасалған жағдайдағы мінез-құлықтың алдын-алу. Саға мектеп бала–бақшасымен бірлесе отырып, «Діни  экстремизм терроризмнің алдын алу» мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. «Ислам діні–ұлт тірегі»   атты бейнебаян жасақталынды. «Тәрбиеде имандылық иірімдерін қолдау» атты бейнебаян жасақталды. «Дін және қоғам»  тақырыбында  ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында  кездесу өтті. Облыстық «Нұр Ғасыр»  орталық мешітінің бас имамы Смағұлов Нұрбол Берікболұлы ауыл тұрғындары мен оқушылармен кездесті. Ақжар ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Г.Мұханбетқалиева «Дінсіз тәрбие-тамырсыз көшет» атты ауыл тұрғындарына «Радикалды діни ағымдардың ықпал ету әсері», «Таблиғи жамағат елге жат ағым» тақырыбында әдістемелік құралдар таратылды. Ақжар модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Имандылық – әдебиеттің күре тамыры» тақырыбында Ауылымыздың иманы Қ.Алмановпен WhatsApp мессенджері арқылы онлайн әңгіме сағаты өткізілді.

Ақжар модельді ауылдық кітапханасы мен Ақжар ауылдық клубы бірлесе отырып,   «Діни экстремизм, терроризм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты дөңгелек үстел  ұйымдастырылды. 9-11 сынып оқушылары арасында  «Діни экстремизм  және терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу сағатын ұйымдастырды. Кездесуге «Шағатай - Хазірет» мешітінің имамы Алманов Қайырғали Арынғазыұлы және дінтану пәнінің мұғалімі Т.Дүйсенғалиев діни экстремизм туралы мағлұмат беріп өтті. Ақжар ауылдық клубы мен кітапханасында 2021 жылдың бірінші тоқсанында «Діни экстремизм терроризмнің алдын алу» тақырыбы бойынша әңгіме сағаты өткізілді. Екінші тоқсанда «Дін мен дәстүр бірлігі - ұлт болашағының кепілі» атты ауыл тұрғындарына парақшалар таратылды. Үшінші тоқсанда «Шағатай хазірет» мешітінің имамы Қ.Алманов кітап оқырмандарына «Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі» атты дәріс оқыды. Төртінші тоқсанда «Тәрбиеде имандылық иірімдерін қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Қайыңды дәрігерлік амбулаториясының фельдшері Аққошқарова  Райхан Құрлысқызы  денсаулығымызды сақтау және ауырған кезде дәрігерге хабарласау кереке екенін айтты. Зейнеткер Набиева Мағрипа  өз денсаулығымызды сақтау үшін көпшілік жерлерге бармауға, далаға шыққанда бет берде киіп жіруді, қолымызды жие –жие сабынды су мен жуу туралы мағұлымат берді.

          Учаскелік инспектормен бірлесе отырып, ауыл тұрғындарымен және жастармен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Алматы, Ақтөбе қалаларынан келген теологтармен және имамдармен бірлесіп кездесулер өткізіліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. 2021 жылы сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.

           Жыл ішінде атқарылған және атқарылуына белгілі себептер соның ішінде қаржы мәселесі қиындық келтіріп отырған жұмыстардан жіберілген кемшіліктерді саралай келе әкімшілікке айтылған талап, тілектерді ескере отырып, алдағы уақытта төмендегідей мәселелерді шешуге ұйтқы болу, қызмет ету жоспарланып отыр:

- Ақжар-Саралжын бағытындағы көтерме жолды жөнге келтіруге ықпал жасау;

- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатқа Ақжар ауылындағы орталық көшелерге асфальт салу;

-  Округ орталығы мен ауылдарда халыққа қызмет көрсететін орындар ашу;

- Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында ауылдық округте жаңа кәсіпкерлерді анықтау және оларға қолдау көрсету;

- Ауыл тұрғындары әсіресе ауыл жастары арасынан әр түрлі кәсіпкерлікпен

айналысу үшін, несие алуына көмек көрсету және ұйымдастыру;

- Ақжар, Көсембай ауылдарында жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін демалатың орындар мен шағын ойын аландарымен баркауттар орналастыру;

- Ақжар, Көсембай ауылдарының көшелеріне қосымша жарық шамдар орнату;

- Қыс мезгілінде Ақжар, Көсембай көтерме жолының қар ұстау қауіпі бар жерлеріне тал отырғызу;

- Ауыл шаруашылыға саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын жүзеге асыру;

           Округтегі әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларды шешуге аудан әкімшілігі ұдайы көңіл бөліп отырады.

            Біз өз жұмысымызды аудан әкімдігі мен оның бөлімдерімен тығыз байланыста  жасайтын боламыз.

            Округ тұрғындары ағымдағы жылды жақсы, табысты  аяқтауға бір кісідей ат салысады деп сенемін.   

                                                                                    

 

Қайыңды ауылдық округі әкімі

И.Т.Косдаулетов

 

 

Дата публикации
19 января 2022