Ойыл ауылдық округінің әкімі С.Даулетқалиевтің 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есепті баяндамасы
Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.
Індетпен күрес халқымызға бірлігі арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.
Осы орайда мемелекет басшысының қойған мақсаттарды орындау бағытында ауылдық округ әкімі аппараты барша халықпен бірлесе отырып осы ортақ тапсырманы орындау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізуді жоспарлады. Халық көп шоғырланатын село көшелерінде дезинфекция жұмыстары уақытылы жүргізіліп тұрды.Дүкендер, Цон, казпошта.....
Ауылдық округ аумағында санақ процессі жүріп жатыр. 2021 жылдың 1 шілдеге 7070 адам құраса, 7200 қазір жетті. Оның ішінде Ойыл селосы халық саны – 5906, дүниеге келген сәби-124,қайтыс болған-21.
Ойыл ауылдық округі бойынша «Алтын алқа», «Күміс алқа» алғандар:
Ойыл селосы бойынша 2021жылдын 9айына , «Алтын алқа» - 3,»Күміс алқа» -6.
Зейнеткерлер округ бойынша 710 адам. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар 207 адам. Студенттер 237 адам
Бюджет:
Дүсіпов, Оноприенко, Байғанин, Тапалова, Еркінов көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына «ЗапКазПромСтрой» ЖШС -мен келісім шарт жасалып, 109 млнға жөндеу жұмыстары аяқталды.
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша –3 млн тенгеге көшелерге қиыршық тас (щебень) алынды.
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бағдарламасы бойынша брусчатка және бордюр төсеужұмыстары жүрді.
Ағаш бұта түрлерін түгендеудің жұмысы аудан орталығынан дендрологиялық жоспарын жасақтау қызметіне 3 812,7 мың теңге иегрілді.
Көшелерге 3740 мың тенге бейнекамера орнату жұмыстарына төлем аударылды.
Ауыл шаруашылығы:
Ауылдық округтің ауылшаруашылы қалқабы 160 491 га. Шаруашылық құрылымдары иелігінде114949 га жеручаскесі бар. Ауылдық округтің аумағында 61 ШҚ, 20 ЖШС, 4 АӨК бар. Шаруа қожалықтарында тіркелген жұмысшылар саны 84адам. Еңбек дауларытуындаған жоқ. Округ бойынша асылтұқымды мал басыналубойыншажұмыстар жасалып жоспарорындалуда. Барлық ШҚ мен ЖШС-ларқысқы мал азығын жеткілікті қылып жинап алды. 2021 жылдың 01 қазанына санақ қорытындысы бойынша округ тұрғындары, шаруа қожалықтары және заңды тұлғалар бойынша мал басы саны : МІҚ 10377 бас, жылқы-3256 бас, қой-ешкі - 33902 бас, құс-8210 бас. Осы орайда округте сиыр мен жылқы басының өсуінде жақсы көрсеткіш бар екені көрінуде. Жыл басынан бері округте мал дәрігерлік шаралар жоспарға сай жүргізіліп отырылды. Елді мекендердегі тұрғындардың үй жануарларының ветеринариялық I-ші жарты жылдық тексеру нәтижесінде 10158 бас қой-ешкі бурцелезге тексеріліп, мүйізді ірі қара бойынша 6337 бас тексеріліп, оң нәтиже берген 45 бас қой-ешкі, 54 бас МІҚ түгелдей жойылып тиісті көлемде өтемақы төленді. Қоршаған ортаға малдарға зиянын келтіретін бұралқы иттердің көбейіп кетуіне байланысты оларды жою максатында ветеринария мамандары арқылы I-ші жарты жылдық жоспары бойынша аулануға тиісті 105бас бұралқы ит жойылды.
Жалпы округ бойынша 4 бағытқа сиыр бағу табыны ұйымдастырылған.Алдарында 110-150 бас шамасында сауын сиырлар бар. Дегенмен белгілі бағыттар бойынша шыққан мал табындарынада малдарын қоспайтын азаматтарда бар. Қоғамдық табындарға 11 бұқашық қосылды. Бау-бақша өсіру бойынша ауыл сыртындағы өзен жағасына мекемелер, жеке тұрғындар 3,5 га жерге картоп екті. Кәсіпкерлік: Округ бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 420 бірлік. Оның ішінде – ЖШС – 20, ШҚ – 59, ЖК – 335, АӨК – 4. «Еңбек Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жоспар саны 16 болса 14-і орындалды. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жоспар орындалды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жоспар орындалды. Мал бордақылау алаңдарына бұқашықтар тапсыру бойынша - 410бас тапсырылды, кәсіпкерлік нысандары қалыпты жұмыс атқаруда. 2021жылы Шыңбаев Асқар «Кереге» атты кәсіпкерлік нысанын қолданысқа берді
Әлеуметтік қорғау:
Газ тарту жұмысы Ойыл ауылы бойынша 99 пайызға аяқталды. Ойыл ауылы орталығында 1208 үй көгілдір отынның игілігін көріп отыр. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 40 адам жұмыс жасады. Округ 8 наурыз және 9 мамыр мерекесіне орай тыл еңбекккерлері, батыр аналар мен «Алтын алқа» иегерлеріне 52 сый табысталды.
Қайырымдылық шаралары төмендегідей: -
Ауылдық округ тарапынан жалғызбасты қарттарға, тыл еңбеккерлеріне, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен аз қамтылған отбасыларға түрлі (азық-түлік, қысқы отын, мал азығы) көмектер берілді.
Қаңтар айы: Жаңа жыл мерекесіне орай көп балалы, аз қамтылған 16 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. (160 000 тг)
Ақпан айы: «Қарттарды ардақтайық» акциясы, Н.Селбаев (1 көлік отын – 15 000 тг)
Наурыз айы: 1 наурыз – алғыс айту күні мерекесіне орай аз қамтылға 3 отбасыға азық-түліктей көмек (60 000 тг), 1 отбасыға қаржылай көмек (газ кіргізу үшін – 35 000 тг). 22 наурыз – Ұлыс күніне орай аз қамтылған, көп балалы 42 отбасыға азық түліктей көмек (892 000 теңге)
Сәуір айы: Аз қамтылған 5 отбасыға ақшалай көмек көрсетілді (30 000 тг.)
Мамыр айы:9 мамыр – Жеңіс күніне орай ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдарға және тыл еңбеккерлеріне «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында округтегі 29 тыл еңбеккерлеріне сый-сияпат жасалды (62 500 тг.)
Маусым айы: 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалар да назардан тыс қалмай, сыйлықтар таратылды (70 000 тг). Аз қамтылған 1 отбасыға азық-түліктей (10 000 тг), 1 отбасыға отыннан (20 000 тг) көмек көрсетілді.
Шілде айы:«Құрбан айт» мерекесіне орай округтегі халықтың аз-қамтылған, қауқары төмен 36 отбасына көмек берілді (330 000 тг). Аз қамтылған 4 отбасыға мал азығынан (шөп) (200 000 тг) көмек көрсетілді.
Тамыз айы: Окургке қарасты Ақшатау, Қаракемер елді мекендеріндегі халықтың аз-қамтылған, қауқары төмен 2 отбасының аулаларына 7 тонна көмір түсірілді (175 000 тг).
Қыркүйек айы: Окургке қарасты Ақшатау елді мекеніндегі халықтың аз-қамтылған, қауқары төмен 2 отбасының балаларына оқу құралдары алып берілді (18 000 тг). Округке қарасты «Абду» ШҚ, «Дүйсен» ШҚ демеушілігімен 2 аз қамтылған отбасыға мал азығынан (шөп) көмек көрсетілді (100 000 тг).
Қазан айы: 1 қазан – Қарттар күні мерекесіне орай округтегі қарттарға сый-сияпат көрсетілді (66 000 тг). Балалар үйінің тәрбиеленушісі, Ойыл аграрлық колледжінің студенті Т.Молдағалиевке Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан берілген тұрғын үйінің ауласындағы тұрмыстық қалдықтары шығарылып берілді (20 000 тг). Ақшатау елді мекенінің қауқары төмен Нұрмағамбетовтер отбасына 1 көлік мал азығы (шөп) және 1 бас ұсақ мал (қой) алып берілді (80 000 тг).
Қараша айы: Ақшатау елді мекенінің аз қамтылған отбасыларына 2 көлік мал азығы (шөп) алынып берілді (100 000 тг), 1 отбасына 1 тонна көмір (27000), Қаракемер елді мекенінің аз қамтылған 1 отбасына 1 көлік мал азығы 1 отбасына 2 тонна қатты отын (көмір) алынып берілді (100 000 тг).Ойыл ауылының 1 отбасының үйі өртеніп кетуіне байланысты қаржылай көмек көрсетілді. (50 000 тг).
Мемлекет басшысының «5 институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам», Ұлт жоспарындағы «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру» атты 84-қадамын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Аталған көмек осыған дейін көрсетіліп келген үш түрлі әлеуметтік көмекті өзіне біріктіреді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 %-нан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.
2021 жылдың 1-ші желтоқсанына дейін құрамында 2194 адамы бар 392 отбасы құжат тапсырды. Құжаттарын тапсырғандардың ішінде, құрамында 1342 адамы бар 245 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Оның ішінде құрамында 1303 адамы бар 236 отбасы шартты және құрамында 39 адамы бар 9 отбасы шартсыз ақшалай көмек алушы болып табылады. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде жұмысқа қабілетті 96 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (24 адамды ақылы қоғамдық жұмысқа, 59 адамды тұрақты жұмысқа, 2 адамды әлеуметтік жұмысқа, 4 адам жастар тәжірибесіне, 7 адам кәсіпкерлікке) тартылды. Құрамында 822 адамы бар 146 отбасының кірістері асып кетіп АӘК тимей қалды.
|
АӘК тиген адам саны (барлығы) |
Әйел адамдар |
18 жасқа дейінгі балалар |
Барлық топтағы мүгедек |
Зейнеткер |
Студент (курсант, магистрант) |
Мүгедекке күтім көрсетуші |
Еңбекке қабілеттілер |
Жұмыссыз |
Жүгіну мезетінде жұмысы бар
|
Бала күтіміндегі
|
|
1352 |
690 |
797 |
14 |
8 |
75 |
8 |
40 |
35 |
252 |
128 |
Білім беру:
Округ бойынша 1 колледж, 4 орта мектеп, 2 негізгі мектеп, 5 бала бақша, 2 мектеп жанындағы балаларды шағын дамыту орталығы, 1 спорт мектебі және ФОК қызмет етуде.
Денсаулық сақтау:
Аудан орталығында аурухана, Қаракемер, Ақшатау, Екпеталда 3 ФАП қалыпты жұмыс жасап тұр. ФАП-тар алғашқы көмек көрсететін қажетті дәрілермен қамтылған.
Мәдениет және спорт:
Округ бойынша 1 орталық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 4 ауылдық кітапхана, 1 мәдениет үйі, 1 Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс орталығы және 1 ауылдық клуб халыққа қызмет көрсетуде.
Округ бойынша түрлі деңгейде спорттық және бұқаралық спорттық жарыстар аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміміен бірігіп ұйымдастырылып тұрады.
Ауылдық округ бойынша бір мешіт тіркелген. Діни жағдайы қалыпты. Террористік тұрғыда осал нысан болып есептелгендіктен мешіт ішінде бейне бақылау камерамен қамтылған. Басқа ағымға еліктеген адамдармен алдын алу жұмыстары жүргізіліп келеді. Ойыл селосының тұрғындарының демеушілігімен мешіт аллеясы ашылды. Мешіт жанынан демеушілер көмегімен «Біз бюіргеміз» акциясы аясында 20 отбасыға азық-түліктен көмек берілсе, «Рамазан қоржынынан» 40 отбасыға көмек берілді. Қоғамдық тәртіп сақтау мақсатында 2 учаскелік инспектор және сарбаздар жұмыс атқаруда.
Санитарлық тазалық және абаттандыру.
Ауылдық округтің санитарлық тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмыстарын, абаттандыру басты назарда. Аудан орталығының көшелері ақылы қоғам қызметкерлеріне бекітіліп, тазалық жұмыстарын жүргізіліп, сенбіліктер ұйымдастырылды. Абай көшесі бойына 350 м жерге, Құрман көшесіне 270м жерге жаяу жүргіншілер жолы төселді. Көкжар көшесінің бойына 200 метр суағар тас бетонмен жаңартылды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ойыл ауданының 100 жылдығына арнап және де Ойыл ауданының тарихи тұлғаларына Құрман көшесіндегі бағаналарға тақтайшалар орнатылды. Шернияз көшесінің темір бағаналарына жарық беретін өрнектер орнатылды. Жолмырзаев 42 үйдің ауласына балалар ойын алаңы орнатылды. Атаусыз 3 көшеге көше атай берілді. Аль-Фараби, Х.Досмұхамбетов, Асан қайғы жырау.
Селодағы Амангелді, Ержанов, Құрманов көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді
Ойыл селосынын 5 көшесіне қатқалдандыру (асфалть) жұмыстары бойынша жалпы көлемі 109 393,0 теңгеге Еркінов, Тапалова, Оноприенко, Дүсіпов, Байғанин, көшелеріне жүргізіліп толық аяқталды.
Жыл басынан бері2560 метрге 700 тонна шебін
Ойыл ауылдық округі бойынша жыл басынан Әскерге шақырылушы азаматтар 200 азамат олардын 87 азамат оқып жатқандығы туралы анықтама жеткізіп берді, келгендер саны 192, әскерге шақыруға келмей жүрген 8 азамат оларға шақырту қағазы бірнеше рет таратылғанымен ешқандай себепсіз келмей отыр.
Ақшатау елді мекеніне биллайн, теле2, кселл байланыстары орнатылды.
Ойыл селосының көшелері уақытылы қардан тазартылып, қазіргі таңда 320 куб қар шығарылды.
Ойыл селосындағы көшелерге жаңадан жол белгілері қойылып, жолақтар салынды, сонымен қатар қозғалыс көп көшелерге жасанды кедергілер орнатылды.
Құжат айналымы:
Округ әкімімен 2021 жылдың басынан бері барлығы 179 өкім, 139 шешім шығарылып, оның ішінде 125 шешім тұрғын үй салуға бөлінген жер телімдеріне алынған.
2021 жылдың мекемеге 674 кіріс құжаттары түсіп тіркелді және 545 шығыс құжаттары жөнелтілді. 2020 жылы округ әкіміне 187 жеке тұлға, 15 заңды тұлға арыз жазып, оларға заң талаптарына сай уақытында жауап берілген. Қаралмаған арыз немесе өтініш жоқ.
«Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту» қызметіне 2 өтініш түсті, қанағаттандырылды. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін сұраған 30 арыз қанағаттандырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:
«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Сенім телефоны» жұмыс жасайды, мекеме орналасқан ғимараттағы №69 №204 кабинетте арыз шағымдарға арналған жәшік және арыз-шағымдар кітабы орнатылған. «Ашық әкімдік» кабинеті және медиация кабинеті жұмыс жасайды. . «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 35 бап 20 тармағына және «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларына» және Ақтөбе облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларына сүйене отырып, көшеге егілген ағаш көшеттерін жеп, көгалданған аумақты бүлдіру, мезгілсіз уақытта қамалмай көліктер мен жаяу адамдардың жүріс-тұрысына бөгет келтірмеу үшін, мал уақытында жайылысқа айдалып, кешкісін аулаға қамалуы тиіс.Жыл басынан бері қағидаларды сақтамаған тұрғындарға, мал иелерін анықтап, Ойыл селосы бойынша 26-на айыппұл салынып 21-не ескерту беріліп жалпы көлемі 2 52806тг қаржы өндірілді.
2022 жылы ауылдық округтің даму жоспары:
Есепті уақыт ішіндегі атқарылған жұмыстарды саралай отырып, жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп алдағы жылға төмендегідей жұмыстарды атқарамыз деп мақсат қойып отырмыз.
Ойыл ауылдық округі әкімі С.Дәулетқалиев