Саралжын ауылдық округінің әкімі М.Т.Тажигалиевтің 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есепті баяндамасы

Саралжын ауылдық округінің әкімі М.Т.Тажигалиевтің 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есепті баяндамасы

         Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы  №190 жарлығын іске асыру мақсатында Саралжын ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын шығара отырып, атқарылған жұмыстардың орындалуы жөнінде есебімді ұсынамын:

Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында  «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс»- деп ашып көрсетті. Жолдауда берілген тапсырмаларды орындау мақсатында  2021 жылы жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуда мақсатты жұмыстар жүргізілді.

Саралжын ауылдық округінің  жер көлемі 212000 -  га құрайды.  Халық саны 1725 адам, оның ішінде:29 жасқа дейінгі жастар -  427 адам. Жалпы округте 309 аула,   экономикалық тұрғыдан белсенді халық- 820, зейнеткерлер саны-159, мүгедектер-26, мектепке дейінгі балалар- 241, оқушылар-355 , студенттер-102, жұмыссыздар саны – 24 адам.

2021 жылғы есепті кезеңдегі ұсыныстар мен сұрақтар бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы:

Өткен есептік кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстары мен сұрақтарына байланысты бірқатар жұмыстар атқарылды.

Өткен есептік кездесуде  төмендегідей мәселелер көтерілген болатын:

  • Бестамақ ауылына ұялы байланыс орнату мәселесі /Қалауов Анарбек «Даулен» ШҚ төрағасы/
  • Бестамақ ауылына ұялы байланыс орнату үшін тұғыр орнатылып, ұялы байланыс орнату үшін ұсыныс берілді;
  • Қоңырат елді мекенінің көтерме жолына жөндеу жүргізу мәселесі /Кенешов Ұзақбай Қоңырат елді мекенінің тұрғыны/
  • Салалық мекемелерге ұсыныс беріліп, жоспарға енгізілді;
  • Шиқұдық елді мекенінен шағын спорт кешенін салу мәселесі /Шиқұдық ауылының тұрғыны Сисенбаев Дәулеткелді/
  • Шиқұдық елді мекенінен шағын спорт алаңын жасауға жобалық сметалық құжаттар жасақталып, 2022 жылға құрылысын бастау үшін аудандық бюджеттен қаржы сұратылды;
  • Саралжын ауылдық округіне жол аршитын техника алу мәселесі /Шиқұдық ауылының тұрғыны Аренов Нұржан/
  • Ойыл аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мекемесі арқылы қар ашитын техника шақыртылып тұрады. Сонымен қатар округке қарасты шаруа қожалықтарымен қыс мезгілінде жолдарды қардан тазалау үшін келісім-шартқа қол қойылды.

Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Жыл ішінде округтің әлеуметтік экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды.  

Инвестициялық субсидия алған шаруа қожалықтар:

2 шқ (Ербазы ШҚ және Тәжібай Агро ЖШС)  техника және агрегаттар сатып алды.

 

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы 2 ЖШС 11 млн 883 мың теңге (Тәжібай Агро 9 млн.064, Байсейіт ШҚ 2 млн 819 мың), 7 ШҚ 15 млн. 332  мың (Ербазы 2 802,9, Нұр-Асыл ШҚ 1470,0, Жігер ШҚ 1642,1, Дәулет-3 ШҚ 1345,8, Ақорын ШҚ 3547,3, Дархан-1 ШҚ 1415,0, Тайсойған ШҚ 3 111,0 ), қойлардың асыл тұқымды аналық басы 2 ШҚ (Нұр Асыл ШҚ 3 млн.572 мың, Орынша ШҚ 1 млн.776 мың), қойлардың тауарлық аналық басы 5 ШҚ 3904 мың теңге (Дархан ШҚ 1317,0 Нұр-Әулиет ШҚ 1822,0 Жанаман ШҚ 765,0), ұсақ мүйізді малының аналық басы үшін мал азығын алуға 2 ШҚ 7 млн 155 мың теңге (Нұр Асыл ШҚ 4 млн 465 мың, Ақ Орын ШҚ 2 млн 700 мың), жылқы малының мал азығын алуға 1 ШҚ 3 млн 180 мың (Ербазы ШҚ)теңгеге субсидия алды. Округ бойынша 18 шаруа қожалық субсидиялаудың 5 бағытымен барлығы 46 млн 802 мың теңге субсидия алған.

Ауылдық округ негізінен ауылшаруашылығымен айналысады. «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж.арналған бағдарламасы арқылы «Жанаман» ШҚ 9 млн.тг, 120 бас қой, «Олжа» ШҚ 30 млн. тг, «Нұрислам» ШҚ 20 млн.теңгеге  несие алды. «Жарсай» ЖШС «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 20,3 млн. теңгеге несие алып 21 бас жылқы алды. «Тәжібай Агро» ЖШС 74 млн.теңгеге несие алып 160 бас «Ангус» асыл тұқымды МІҚ малын сатып алды.  Жеке кәсіпкер Калдыбекова Ж. 5 млн.теңгеге несие алып 21 бас МІҚ малын алды. ЖК Нурымжан қой шаруашылығына 3 млн.900 мың, Спарта ШҚ бау-бақшаға 6 млн теңгеге Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы несие алды.

Бюджет саласы бойынша

         Ағымдағы жылы жергілікті және өзін-өзі басқарудың дербес бюджетінің 4-ші деңгейі ретінде жергілікті өзін-өзі басқарудың есеп шотына 6 салық түсімі бойынша 1,912 млн.теңгеге жоспарланса, ол 3,162 млн теңгеге, яғни  165 пайызға орындалды.

         2020 жылға бюджеттік қаржы толық көлемде игерілуі қамтамасыз етілді.

Елді мекендерді көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары

Ауылдық округ бойынша санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру айлығы кезінде нақты іс-шаралар жоспары қабылданып, ауылдық округтегі барлық мекемелер қамтылып, тазалық жұмыстары атқарылды.

Округ бойынша елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету ерекшелігі бойынша  жалпы сомасы 1700,0 мың теңге қаражат жұмсалды. Оның ішінде Кемер елді мекенінің кіре берісіне отырғызылған тал көшеттерін қоршау үшін 500,0 мың теңге, жанар-жағар май отынын алу үшін 250,0 мың теңге жұмсалды.

Елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру ерекшелігі бойынша 8 млн 042 мың қаражат бөлініп, оның ішінде  округ бойынша Кемер елді мекенінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша 2 бейне бақылау орнату үшін 800,0 мың теңге, жобалық сметалық құжаттар  жасау үшін 470 мың теңге,  ауыл кіре берісіне  0,75 га «Жасыл белдеу» егуге 100,0 мың теңге жұмсалды.  Бестамақ елді мекеніне ұялы байланыс тарту үшін мұнара орнатуға 1 млн 900 мың теңгеге орнатылды, Кемер ауылының атауы жазылған тұғыр 400 мың теңгеге, Тәуелсіздікке 30 жыл стелласына 500,0 мың теңгеге жасақталды.  Ауылдың құрметті азаматтарының тақтасы 700,0  мың теңгеге жасақталды. Кемер, Бестамақ, Шиқұдық, Қоңырат елді мекендерінің көшелерін жарықтандыру үшін  1 млн 705 мың теңгеге жарықтандырылды

Округ бойынша Кемер, Шиқұдық елді мекендеріндегі күл-қоқыстар шығарылды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

Округ бойынша МІҚ-4568, ҰММ-17708, Жылқы-1390 бас есепке алынды. Қысқы мал азығымен толық қамтамассыз етілді. 5 ШҚ-мен мал азығы қорын сақтауда келісімшарт жасақталды. Округте ветеринариялық жұмыстар жүргізу үшін төмендегідей іс-шаралар атқарылды.

Сібір жарасына қарсы ҰММ-ға 17500 бас, МІҚ малынан 4500 бас егілді, надулярды дерматитке қарсы – 4000 бас МІҚ,
қарасанға қарсы МІҚ-5500 бас егілді. Округте  мемлекеттік тапсырыс бойынша серологиялық әдіспен МІҚ -6800 бас, ҰММ- 17500 бас тексерілді. Тексеріс нәтижесінде МІҚ-138  бас, ҰММ-5 бас оң нәтиже көрсетті. Барлық оң нәтиже көрсеткен малдар мал сою пунктінде жойылды. Саралжын ауылдық ветеринарлық бекетінде   мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 395 адамға ветеринарлық анықтама беру қызметі көрсетіліп, 5041 басқа бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді.

         Саралжын ауылдық округі Кемер елді мекенінде 2 бағыт бойынша Алтыбай қыр, Бор сай бағыттары бойынша мал күтулері ұйымдастырылып , күтудегі тұрғындардың малдарын асылдандыру үшін 2 бағыттың мал күтулеріне асыл тұқымды аталық малдары қосылды. Ауыл тұрғындарының бойдақ малдарын бағу үшін 2 бойдақ мал күтулері ұйымдастырылды.

         Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 2021 жылғы суармалы егіс егу жоспары толық орындалып, нәтижесінде «Спарта» ШҚ 15 га жерге бақша өнімдерін екті, 180 тн қарбыз,  800 цн қауын, 50 цн қияр өнімдерін алды.Жеке тұрғындармен  5 га жерге картоп  егу жұмыстары  ұйымдастырылып , өткен жылмен  салыстырғанда  егуге ниет білдіруші тұрғындар саны екі есеге  артты. Биылғы  жылы да осы жұмыстарды ұйымдастыру көзделуде.

 

Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініш

         2021 жылы ауылдық округі әкімінің  аппаратына  жеке тұлғадан  60, заңды тұлғадан  2 өтініш түсіп, барлығы толық қанағаттандырылды.Сонымен бірге ауылдық округ әкімінің аппараты тарапынан ағымдағы жылда 64 шешім, 110 өкім қабылданып, 132 нотариалдық қызмет көрсетілді.

 

«Еңбек»Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы

««Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж.арналған бағдарламасын» орындау бойынша «Бизнес бастау» жобасымен  8 адам арнайы кәсіптік білім алды,  «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасымен 2 жеке кәсіпкер 5,3 млн.теңгеге несие алса, тұрақты жұмысқа 13 адам орналастырылды. «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы 30 жас жұмысқа тартылса, 69  тұрғын қоғамдық жұмысқа алынды. Әлеуметтік жұмыспен қамту бойынша шаруа қожалықтармен жеке кәсіпкерлерге 13 жұмыссыз орналастырылды. «Спарта» ШҚ 5 азаматты маусымдық жұмысқа қабылдап, 25 оқушы жаз айларында бос уақыттарын тиімді пайдаланды. 

Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында округ бойынша  2 жас,  3 көпбалалы ана, 3 өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғын  қайтарымсыз несие алды.

Кемер елді мекенінде ЖК Туремуратов Спартак тойхана нысанының құрылысын бастаса, Тәжібай Агро ЖШС газ құю бекетінің құрылысын бастап, 2022 жылдың ІІ жарты жылдығында іске қосуды жоспарлап отыр.

Салық базасын нығайтуға байланысты жұмыстар барысында жыл ішінде жаңадан  17 жеке кәсіпкер тіркелді (такси қызметі, қызмет көрсету, сауда).

Округ бойынша мемлекеттік атаулы көмек алуға 53 отбасы өтініш беріп, 49 отбасының өтініші қанағаттандырылды. Атаулы әлеуметтік көмектің жалпы соммасы – 5712,7 млн теңгені құрады.

Жыл ішінде «Кемер» бастауыш партиясының ұйымдастыруымен қамқорлық іс-шаралар өткізіліп  аз қамтылған және көп балалы жанұяларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты түрде материалдық көмектер көрсетіліп, нәтижесінде 352,0 мың теңге көлемінде демеушілік көмектер берілді.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласы

Округ аумағында 4 мектеп, 1 балабақша, 1 мектеп жанындағы бюджеттік интернат, 1 дәрігерлік амбулатория, 4 фелдщерлік пункт, 4 ауылдық клуб, 3 ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. Мектептердегі оқушы саны 348. Мектепке дейінгі мекемелерде 78 тәрбиеленуші. Бюджеттік интернатта 16 тәрбиеленуші. Биылғы жылы орта мектепті –15 түлек аяқтады.

Амбулаторияда 1 дәрігер, 4 фельдшер, 6 медбике тұрғындарды үнемі бақылап, дәрігерлік тексеруден өткізіп, ана мен бала жағдайын қадағалауда. Биылғы жылы ана мен бала өлімі болған жоқ. Жыл басынан бері 29 бала дүниеге келді. Дәрігерлік амбулаторияда есепте тұрған науқастар саны – 113. Жоспар бойынша 880 адамның, 776 адамы жылжымалы флюрографиялық тексеруден өткізіліп, жоспар 88,1%-ы орындалды.

Сонымен қатар арнайы жастағы тұлғаларды қауіпті факторлармен ауруларды ерте анықтау, сонымен қатар емдеу тиімділігін арттыру мен аурудың асқынуынан алдын-алу үшін 670 адамға профилактикалық медициналық (скрининг) жүргізілді.

Елді мекендердегі мәдениет ғимараттарында жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындардың, жастардың уақытын тиімді өткізу бағытында дөңгелек үстелдер, танымдық сағаттар, мәдени кештер  өткізіледі.  Барлығы  10  қызметкер жұмыс  жасайды.  Мәдени қызметкерлер  күнтізбелік  мерекелерді  уақытында  тұрғындармен  бірлесе өткізіп, барлық іс–шараларды   ұйымдастырып  отырады.

Жастар саясаты

Округте 14-29 жас аралығында 427 жас тіркелген, бұл ауыл халқының 24% құрайды. Жыл ішінде жастармен 66 мәдени іс-шаралар өткізілді.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 30 жас еңбекке тартылды. 4 жас жастар тәжірибесінен өтті. 2 жас мемлекеттен қайтарымсыз 583,0 мың теңгенің грант ұтып алып, өз кәсіптерін  жүргізуде. Округ бойынша 2 жас жеке кәсіпкер болып  тіркелген.

 

 

Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі.

2021 жылы 2 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.  Тазалық бойынша 18 тұрғынға, бос иттерді күтіп ұстау бойынша 8 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Салынған айыппұл 394 698 теңге, оның ішінде өндірілгені 367 553 теңге. Пробация қызметі бойынша 3 адам 100 сағаттық ақысыз қоғамдық жұмысқа тартылды.

 

2022 жылы алға қойылған  міндеттер:

 

  1. Шиқұдық, Ақкемер елді мекендеріне шағын футбол алаңдарымен ойын алаңдарының құрылысын жүргізуді ұйымдастыру;
  2. Ақкемер және Бестамақ елді мекендерінен мал бордақылау, мал сою алаңдарын ашу үшін жергілікті жердегі шаруа қожалықтарға ықпал ету;
  3. Кемер аулынан салынатын құрылыс нысандарының(ангарлы спорт кешені, әкімдік ғимараты) жүргізілуіне ықпал ету;
  4. Елді мекендер аралық көтерме жолдарын жөнделу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
  5. Қоңырат елді мекенін абаттандыру жұмыстарын жүргізу.
Дата публикации
19 января 2022