Сарбие ауылдық округінің әкімі Д.Бисебаевтың 2021 жылғы ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы есептік баяндамасы
2021 жылдың халық санағы бойынша Сарбие ауылдық округінде 1242 адамды құрап отыр. Сарбие орталығында – 1119 адам, Қаракөл елді мекенінде 2020 жылы 137 адам болса, 2021 жылы 118 адамды құрап, 19 адамға азайып отыр.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА:
БАУ- БАҚША ӨНІМДЕРІ, ЕГІС АЛҚАПТАРЫ БОЙЫНША :
«Бұйра» ЖШС 5 га жерге бау-бақша дақылдарын егіп мол өнім алып отыр. «Жақып» Ш/Қ, «Ағайын» Ш/Қ 120 га алқапқа тары дақылы егілді. Округте қоғамдық табын мал бақтыру, екі бағытта ұйымдастырылса, мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілді. «Атамекен» Ш/Қ, «Рахым» Ш/Қ көп жылдық жетнияк шөбін 400 ша аумаққа сеуіп жұмыстарын толық аяқтады.
ОКРУГТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫНАСУЫ:
«Еңбек» бағдарламасы 7/2 орындалғаны 2. Қосымша ниет білдіріп құжаттарын жинақтап отырған 2 Ш/Қ, бір тұрғын қаржылай қолдау қорында қаржы болмауына байланысты тоқтап тұр. Қарапайым заттар экономикасы бойынша ДКБ-1, Жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2020/2025 бағдарламалары орындалмай отыр. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ниет білдірушілер жоқ. Техника алу 2/4, ұңғыма құдық қазу 1/3 Округтегі барлық субьектілер саны 28 Ш/Қ, 27 Ж/К субьектілердің белсенділігі 100 % құрауда.
САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІНЕН ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР:
Ауылдық округтің кіріс бөлігі: 2020ж 1300 / 2021ж 1370 қәзіргі таңда орындалуы 1715,7 яғни 125,1 % артық орындалып отыр.
ЕЛДІ МЕКЕНДІ АБАТТАНДЫРУ МЕН КӨГАЛДАНДЫРУ БОЙЫНША :
«Ауыл – Ел бесігі жобасы шеңберінде Ауылдың төрт көшесіне Жекенді, Ақтөбе, Астана, Әйтеке би көшелеріне жалпы ұзындығы 2,7 км асфальт төселіп қыркүйек айында қолданысқа берілді. Жоба құны 120 млн теңге болса, үнемделген қаржы 340 мың теңгені құрап отыр. Елді мекенді сумен жабдықтау Қаракөл елді мекеніне кешенді блок модульі 9,484 мың теңгеге орнатылды. Ауыл көшелеріне бардюрлар мен брусчаткалар төсеу жұмыстары жүргізілсе Дендрологиялық жоспар жасақталып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай белгі (конструкция) орнатылды. Қаракөл елді мекеніне баннерлер ілетін қалқаншалар ж/е көшелерге қатты қалдықтар салатын жәшік орнатылып т.б жұмыстар жүргізіліп отыр.
АУЫЛДЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ:
Ауыл аймағына тазалық жұмыстары жүргізіліп 60 т жуық күл-қоқыс қатты қалдықтар полигон аймағына шығарылды. 70 түп клён, 120 түп қарағаш талдары отырғызылды. Абаттандыру қағидаларын бұзған 5 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды.
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША:
Ақылы қоғамдық жұмысқа уақытша 69 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы» - 2025 бағдарламасы арқылы жастар тәжірибесінен өтуге 8 жас жұмысқа қабылданса, «Гүлдене бер туған ел» бағдарламасымен 30 жас жұмыспен қамтылып отыр. Қысқа мерзімді тракторист-машинист т.б мамандықтар бойынша 11 адам толық аяқтап, куәліктерін алуда, әскерге шақырту жоспар толық орындалды. Округ бойынша 4 жасөспірім әскер қатарына қабылданып отыр. Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің көмегімен ауыл тұрғындарын азық-түлік, тұрмыстық заттармен қамтемелеп, аймақта өтетін мәдени іс – шараларға аз қамтылған отбасыларына тұрақты түрде қамқорлықтар жасалуда. Қайырымдылық есебі бойынша ауылдық Ш/Қ, Ж/К – ер ауылдың ерікті жастарының көмегімен 1,4 млн. көлемінде қайырымдылық іс-шаралар өткізілді.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ:
БІЛІМ САЛАСЫ:
2020-2021 ж оқу жылында 224/12 даярлық тобы аяқтаса 2021-2022 жылы оқу жылына 204/19 даярлық тобы қабылданып отыр. Биылғы оқу жылында 20 оқушыға азайып отыр.Ұлттық біріңғай тестілеуге 10 оқушы қатынасып, 3 оқушы ЖОО, 8 оқушы арнаулы оқу орнына түсіп оқуларын жалғастыруда. Сапақкөл орта мектебі биылғы жылы модернезациядан өтті. Қаралған отын көлемі 337 тн. Қаракөл бастауыш мектебінде 8 оқушы білім алуда. Отынмен толық қамтылған жылу жүйесіне қосымша поровойлар қосылды.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ:
Халықтың рухани байлығын молайтып, мәдениетін арттыру, ұлттық мәдениетті сақтауда кітапханалар мен мәдениет үйлерінің алар орны ерекше. Округ бойынша екі кітапхана, бір клуб үйі жұмыс жасайды. Биылғы жылы шаралар онлайн форматта -23, офлайн форматта – 15 іс-шара өткізіліп әлеуметтік желіге уақытылы жарияланып отырды. Жергілікті бюджеттен 3 млн 284 мың теңге бөлініп, Сапақкөл ауылдық клубында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2022 жылға жоспарланған жұмыстар
Қорытынды: Есепті уақыт ішінде атқарылған жұмыстар мен жіберілген кемшіліктерді саралай отырып, жергілікті қоғамдастықпен бірге ағымдағы жылы және алдағы уақытта :
1.Әкімшілік ғимаратын іске қосу. (ЖСҚ. Жасақталды)
2.Балалар ойын алаңын жасақтау.
3.Ауыз су мәселесін ретке келтіру.