Қараой ауылдық округінің әкімі А.У.Султановтың 2021 жылғы ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы есептік баяндамасы
Жыл басында әр саладағы атқарылған жұмыстарды, қол жеткізген көрсеткіштерді саралап, қорытындылайтын дәстүр бар.
Қоғамдастық кеңес мүшелерімен, жалпы халықпен алты айдың және он екі айдың қорытындысы бойынша жиындар өткізіліп, атқарылған және алда атқаратын жұмыстарды талқылап, халықтың ой-пікірін ауылымыздың әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткішін, нәтижелі жұмыс жасау барысында қандай мәселелер барлығы талқыланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында, «Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес.», деп өз жолдауын да тоқталып кетті.
Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы.
Жолдауда заман талабына сай мемлекет қалыптастыру мәселесіне басты назар аударылды. Президенттің ұстанымы – Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртуға басымдық беру арқылы экономикалық реформадағы табыстарды қамтамасыз ету. Мұндай даму жолы «Күшті Президент – ықпалды Парламент, есеп беретін – Үкімет» формуласы негізінде іске асырылуда. Оның нәтижесі мемлекет тұрақтылығының кепілі болмақ.
Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялауына орай іс-шаралар жоспары, ауылымыздың белсенді азаматтары және жастардан арнайы жұмыс тобы құрылды.
Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында, «Елдіктің жеті тұғыры» атты мақаласын таныстырды.
Таныстыру барысында, «Алдағы 30 жыл – елдігімізді нығайтудың жаңа кезеңі болары хақ. Ол әр азамат ұлтымыздың болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, оны толық сезіне білген кезде жүзеге асады.Осындай игі жұмыстың басы-қасында жүру – билеуші партияның ұзақ мерзімді көшбасшылығының кепілі.
Ендігі кезекте осы мерейлі күнге жеткізген, ырысымызды арттырған Жаратқанға шүкіршілік етіп, ертеңге сенімді қадам басу қажет. Рухымызды қайрап, еңсемізді тіктеп, бұдан да биік асуларға жету үшін және Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында тынбай жұмыс істеуге тиіспіз!» деп өз сөзін аяқтады.
2021-2022 оқу жылы Қараой мектеп – балабақшасы «2021-2022 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде құны 711 200 мың теңге көлемінде, «Модернизация-2021» бағдарламасы аясында, мектептің дәліздері жалпы құны, 1 699 000 теңгеге болатын, заманға сай, акрил бояуымен әрленді. Соныме қатар, мектептің қызметтік бөлмелеріне жеке киім ілінетін шкафтар мен мектеп кітапханасына арнайы кітаптар қойылатын жаңа стеляждар, жаңа үстелдер әкелінді.
Қараой мектеп-балабақшасы 2021-2022 оқу жылының І тоқсанын 189 оқушымен аяқтады. 11 класс комплектісі бар, ұлы – 102, қызы – 87. Оның ішінде:
1-4 класс аралығында – 79 оқушы
5-9 класс аралығында - 93 оқушы,
10-11 класс аралығында - 17 оқушы бар.
І тоқсан бойынша жалпы білім сапасы – 50,8%. 189 оқушының 36- үздік оқушы, 63-екпінді, қалған оқушыларымыз үлгерушілер қатарында. 9-сынып бойынша 7 оқушы үздік аттестатқа үміткер, 11 сынып бойынша 1 оқушы Алтын белгіге үміткер. Мүмкіндігі шектеулі 2 оқушымыз мектеп партасында инклюзивті білім алса, 1 оқушымыз үйден оқиды.
Кадр мәселесіне келетін болсақ мектебімізде 35 мұғалім және 4 тәрбиеші мамандығы бойынша жұмыс жасайды. Оның 33 жоғары білімді, 6 арнаулы орта білімді мұғалімдер. Педагог – зерттеуші – 5, педагог – сарапшы – 6, педагог – модератор – 9, бірінші санатты – 5, екінші санатты – 7, санаты жоқ – 6 мұғалім қызмет етуде.
Қазіргі таңда мектебіміздегі барлық отбасы саны саны – 102, оның ішінде жалпы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары саны – 19, аз қамтылған отбасы балалары – 14, көп балалы отбасы балалары – 109, толық емес отбасы балалары – 6, өгей әке-шешемен – жоқ, мүмкіндігі шектеулі балалар – 3, ата-әжесімен бірге тұратындар – 3. Қыркүйек айында осы санаттағы оқушылардың отбасыларына материалдық зерттеу актісі толтырылып, мектептің әлеуметтік паспорты жасалды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебімізде «Мектепке жол» акциясы бойынша әр түрлі санатты 14 оқушы қамтылды. «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан» атаулы әлеуметтік көмек алатын оқушыларға қыркүйек-қазан айларында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай спорттық киімдер мен мектеп формалары, аяқ киімдер берілді.
Мектебімізде әлеуметтік педагог Ж.Балғынбаеваның ұйымдастырумен әлеуметтік бұрыш жасақталып, жұмысы жүргізілуде.
Жалпы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларыны мен мүмкіндігі шектеулі 2 оқушымыз, яғни барлығы 21 бала ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Мектебімізде оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ақылы 6 үйірме, 6 спорттық секция және Ойыл спорт мектебі жанынан ашылған «Күрес» үйірмесі жұмыс жасайды. Оқушылардың үйірмелерге қамтылуы – 69%, спорттық секцияларға қамтылуы – 65,1% пайызды құрайды. Сонымен қатар «Кәусар» қыз балалар клубы, «Жігер» ер балалар клубы, «Парыз» әскери - патриоттық клубтары жұмыс жасайды.
2022 жылға арналған міндеттер:
Бұл сала бойынша ауылда күндізгі стационарлық амбулатория, Құбасай елді мекенінде ФАП жұмыс жасайды. Мекеме ғимараты жаңа, жылуы қалыпты, тоқпен жылытылады. 2021 жылы Қараой ауылдық дәрігерлік амбулаториясына «Covid»-ке қарсы пайдаланатын дәрі-дәрмектер мен пневмонияны анықтайтын импульстонометр және іс-қағаздар жүргізу үшін компьютер мен принтер. Қазіргі уақытта ауруханаға бас дәрігер қажеттілігі туындап отыр.
Ағымдағы жылы дүниеге келген бала саны - 16, қайтыс болған ересек адамдар саны - 6 адам, бала саны - 1 адам. Диспансерлік тіркеу бойынша 60 науқас әр түрлі сырқат бойынша тіркеуде тұрады. Халықтың флюрографиядан өтілуі толық қамтылды.
Салауатты өмір салтымен өмір сүру және аурудың алдын алу шаралары бойынша, ауыл тұрғындарының 98%-ы пневманияға қарсы екпе алды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, тренингтер өткізіліп, дәрістер оқылып, жадынамалар таратылды. Мемлекеттік әлеуметтік міндетті сақтандыру туралы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Округ орталығында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға пандемия байланысты құрылған арнайы мониторингтік топ арқылы түсінік беріліп, санитарлық талаптарды сақтау құрылғылары берілді.
2022 жылға арналған міндеттер:
-Салауатты өмір салтымен өмір сүру және аурудың алдын – алу бойынша халықты ынталандырып, ақпараттануын арттыру;
-Тұрғындардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мәселелері бойынша жұмыстар жүргізу;
-алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге басым бағыт бере отырып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
-Материалдық техникалық базасын нығайту;
-Тұрғындарды МӘМС жүйесі бойынша толық қамтамасыз ету;
-Жоғары білімді дәрігер әкелу мәселесін шешу.
Округте 1 модельді кітапхана және 1 клуб тұрақты қызмет етеді. Мәдениет қызметкерлері, ауыл жастары, мектеп ұжымымен бірлесе отырып мерекелік жиындар, тақырыптық кештер, мәдени шараларды карантиндік шектеулерге байланысты онлайн және офлайн, ашық аспан аясында, мерекелік іс-шаралар үздіксіз ұйымдастырылып отырды. Мәдениет саласында ұйымдастырылған іс – шаралар саны - 25. Ауылдық клубта «Тағылым» аналар клубы, «Алмас қылыш» оқушылар театры, «Айгөлек» қызығушылық клубы, домбыра үйірмесі және әр түрлі өнерге баулуға арналған үйірмелер жұмыс жасайды. Оқушылардың дарынын шыңдау мақсатында «Алмас қылыш» оқушылар театр жұмысын бірлесіп жалғастырды.
Қараой модельді ауылдық кітапханасының кітап қоры - 11565. Оқырмандар саны - 685. 2021 жылы түскен жаңа кітап саны - 108. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттарға жаңа кітаптарды үйлеріне апарып беру және жайлауда мал бағып отырған азаматтарға көшпелі кітапхана қызметін көрсету ұйымдастырылды.
2022 жылға арналған міндеттер:
- Ауылдан шыққан, елге еңбегі сіңген белгілі тұлғаларға арналған танымдық кештер, кездесулер ұйымдастыру;
- халықтың рухани дамуына ұйтқы болып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру;
- тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында үйірмелердің жұмысын жандандыру;
- ауылдық клубта үйірмелер санын көбейтіп, тұрғындарды өнерге баулу;
- материалдық-техникалық базасын нығайту.
Ауыл тұрғындарын тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылы ауыл тұрғындарының 39,5%-ы яғни 440 адам жаппай спортпен айналысатындарды құрады.
Аудандық деңгейдегі жарыстарға 350 адам қатынасты. Жүлделі І орынмен 15 адам, ІІ орынмен 18 адам, ІІІ орынмен 25 адам марапатталды. Аймақтық жарыстарға 47 адам қатынасты. Ауыл ішінде барлығы округ бойынша бұқаралық спорттық 14 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Шараға 440 адам қатысты.
2022 жылға арналған міндеттер:
-бұқаралық дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың санын арттыру;
-халық арасында салауатты өмір салтының қалыптастыруына жағдай жасау, ынталандыру;
-ұлттық спорт түрлерін дамытуға ықпал ету;
-спорттық секциялардың санын көбейту, аула клубын ашу.
Тұңғыш Елбасымыз 2021 жылды «Тәуелсіздіктің 30» жылы деп жариялады.
Округтегі тіркелген жастар саны - 250. Оның ішінде студент - 85, оқушы – 61, жас отбасы - 55, толық емес отбасы - 18, мүмкіндігі шектеулі жас-1. 200 жас жұмыспен қамтылып 50 жас өзін-өзі жұмыспен қамтуда. Әскер қатарындағы жастар саны - 7. Басшылық қызметтегі жастар саны - 3. Мемлекеттік қызметте – 3. Бюджеттік мекемеде қызмет жасайтын жастар саны – 30, кәсіпкерлік саласындағы жастар саны – 10. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1 жас оқып, 583 мың теңге грант иегері атанды.
Жастар тәжірибесі бойынша 7 жас, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 26 жас жұмысқа тартылды.
2021 жылдың Ауыл жастары ұйымшылдығын көрсетіп, ауыл тұрғындарының, соның ішінде жалғыз басты қарт кісілерге әр мезгіл сайын қажетті көмектерін бірлесіп көрсетіп отырды. Сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауылдық жастарды барлық аудандық, ауылдық іс-шараларға, әр айдағы мерекелік шараларға белсене араласуына барлық жағдай жасалып, жастар жаппай тартылып отырды. Оның дәлелі ретінде, әлеуметтік желілерден көре аласыздар. Сонымен қатар, ауылдық клубта, үстел теннисі, мектепте волейбол, үстел теннисі, хоккей мұз айдыны, тренажерде жаттығулар, домбыра үйірмелері жұмыс жасайды.
2022 жылға арналған міндеттер:
- Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды патриоттық тәрбиелеуге, еріктілік қозғалысын дамытуға, ауылдың жұмысшы жастарын қолдауға бағытталған жұмыстарды жүргізу;
-Кәсіптік білім алуына бағыт бағдар беру;
-«Жастар Үйі» ғимаратын ашуды қолға алу.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша УПИ полиция қызметкерімен және бекітілген кестеге сәйкес мекеме басшыларымен «Түнгі көше» рейдтері ұйымдастырылды.
Қараой мектеп – балабақшасында, «Құқық бұзушылықтың алдын алу ақпараттық түсіндіру» кеңесі құрылып, құрамы бекітілді.
2020-2021 оқу жылына арналған құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жылдық жұмыс жоспары мен іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.
Қыркүйек айында оқушыларды «Бала құқығы туралы конвенсиямен» таныстырып, түсіндіру ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді және барлық сыныптарды «Мен және менің құқығым» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының және ауыл жастарының ішінде кәмелет жасқа толмағандардың мезгілсіз уақытта көшеде жүрмеуін қадағалау мақсатында мектепшілік және әкімшілік рейдттер уақытылы жүргізіліп отырды. Ауылымыз бойынша жалпы түнгі рейд жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Мектептегі оқушылар мен кәмелетке толмаған ауыл жастарының ата-аналарымен күнделікті кезекшіліктегі жандар тығыз байланыс орнатып отырады. Оқу жылы басында және І,ІІ тоқсанда «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстықтың алдын алу» тақырыбында жыл бойына 5 түсінік жұмыстары мен кездесу жұмыстары жүргізілді.
Мал ұрлығына жол бермеу, болдырмау мақсатында төмендегідей профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды:
-Жылқы малдарын таңбалау және арнайы қондырғы (GPS) спутник арқылы бақылау құрылғысын алу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді;
Қараой ауылдық округі бойынша 2021жылдың қаңтар айынан бастап ҚРӘҚБтК 440-бабы бойынша қоғамдық орында мас күйінде жүрген адамдарға 14 - әкімшілік хаттама толтырылды. Жəне түн мезгілінде яғни, 23:00 ден кейін қоғамдық орында жүрген кəмелет жасқа толмағандар бойынша ҚРӘҚБтК 442 –бабы, 1бөлігі бойынша ата-аналарына 10-əкімшілік хаттама толтырылды. Жəне тазалық бойынша 12-адамға ҚРӘҚБтК 505- бабы 1бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Малдарын бағусыз жіберген үшін 15-адамға ҚРӘҚБтК 408-бабы 1бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, мал ұрлығы бойынша бір қылмыстық іс қозғалып, ізі суымай ашылып сотқа жолданып қысқартылды.
- Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында округ орталығына Қазақстан-2030 көшесі және Тәуелсіздік көшесінің қиылысына бейне бақылау камерасы орнатылды.
2022 жылға арналған міндеттер:
-заң бұзушылық деңгейін төмендету, заң бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ, оған ықпал ететін себептермен жағдайларды зерттеу және сол бағытта жұмыстану;
-Құқықбұзушылықтың алдын алу маұсатында, «Сергек» камераларының санын арттыру.
Округ бойынша 30 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Шаруа қожалықтары ауыл тұрғындарына қыстық мал азығын дайындаумен айналысады. Тапсырма 31,0 мың тонна қысқы мал азығын дайындау, орындалғаны 31,0 мың тонна қысқы мал азығы дайындалып тапсырма 100% - ға орындалды.
Ауылда 23 жеке кәсіпкер тіркелген. Азық – түлік саудасын 5 кәсіпкер жүргізеді. Осы орайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында меморандум жасалды. Дәстүрлі емес шаруашылықты дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
«Ырыс» шаруа қожалығы (басшысы Жантолы Серікбол) 9,8 млн, «Қайрат» шаруа қожалығы (басшысы Оразғалиев Қайрат) 8млн 880 мың теңге, «Кете» шаруа қожалығы (басшысы Жұмабаев Жәнібек) 12 млн, «Әділет» шаруа қожалығы (басшысы Ғазиз Әділет) 26 миллионға ауылшаруашылық техникаларын алды.
2 шаруа қожалық ауыл шаруашылығы тауарларының негізгі түрлеріне бағаның ауытқуын төмендету мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкелерге Ақтөбе қаласына - 1 мәрте, Ойыл ауданына - 1 мәрте қатынасып 790 мың. теңгенің өнімдерін өткізді.
2022 жылға арналған міндеттер:
-азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру;
-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру, қолдау және жұмыс ауқымын кеңейту және халыққа қызмет көрсету салаларын көбейту;
Қазіргі уақытта орталықтағы 195 тұрғын үй толық 100% ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауыз су халыққа тұрақты беріліп отыр. Су ашу – жабу құдықтары уақытында құмнан тазартылып тұрды.
Биылғы жылы, Құбасай елді мекеніне ел игілігі үшін мемлекет есебінен 10 044 791 теңгеге арнайы блок модульді су тазартқыш қондырғысы орнатылды.
2022 жылғы арналған міндеттер:
- «Көкжар» КМК су ғимаратының ауласына бейне бақылау орнату;
- Резервуарларға толығымен тазалық жұмысын жүргізілуін қадағалау;
- Ауыл ішіндегі жарылған су құбырларын ауыстыру;
- Ажыратқыш құрылғыларын ауыстыру жұмыстарын толықтай жүргізу.
Ауылдың 10 көшесіне 104 фонар ауылдық округке қарасты Құбасай елді мекенінің 1 көшесіне 10 фонар толық орнатылды. Ауылдық кей көшелердің фонарлары жарық үнемдегіш 44 лед-фонармен ауыстырылып көшелер қайта жарықтандырылды. Ауыл ішіндегі электр сымдарына кедергі келтіріп тұрған талдар кесіліді.
Окург бойынша жасалған ветеринариялық шаралар бруцеллезге қарсы 3110 бас МІК, 14161 бас ҰММ, 30 бас жылқы, 20 иттен қан алынды.
Қараой ауылдық округі бойынша 2021 жылға жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық алдын – алу іс шаралар жоспары бойынша, сібір жарасы МІҚ – 3500 бас , сібір жарасы ҰММ -12400 бас, сібір жарасы жылқы - 600 бас, пастереллез МІҚ-1500 бас, пастереллез ҰММ –1500, қарасанға қарсы – 4000 бас, эхинококкозға иттерді дәрілеу-150бас, туберкулезге аллергиялық тексеру МІҚ-5000 бас, нодулярлы дерматитке қарсы -4000 бас малға екпе жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы ҰММ-14260 бас тексеріліп, 28 бас сарып ауруына оң нәтиже көрсетіп, оң нәтиже көрсеткен малдар ветеринариялық заңдылыққа сай жойылды.
Қараой ауылдық округі бойынша қанғыбас 114 бас ит ауланып жойылды. Қараой елді мекенінің тұрғындарының қосалқы шаруашылығындағы МІҚ малдары сарып ауруына шалдығуына байланысты 2019 жылы шектеу қойылды. Қазіргі таңда МІҚ малынан 28 рет қан алынып 847 бас сарып ауруына оң нәтиже көрсетіп, көрсеткен малдар ветеринариялық заңдылыққа сай жойылды. Шектеу бойынша бруцеллез 228 бас МІҚ малы анықталып, толық жойылды. 85 тұрғын үйге дезинфекция жасалды. Қазір таңда, соңғы алынған қан қорытындысының таза болып шығуына орай, ауылдық округтен шектеу шараларын алып тастау туралы жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылғы арналған міндеттер:
-жоспарлы жұмыстармен қатар шаруашылық құрылымдармен, жеке тұрғындармен мал ауруларының алдын алуға , мал тұратын аулаларға қолайлы жағдай жасауға түсінік жұмыстарын жүргізу;
-мал дәрігерлік шараларды жүргізуге ауыл шетінен мал тоғыту дәрілеу ваннасы, ұсақ малдарды қырқу пунктін салу;
- Ветеринариялық талаптарды, ережелерді сақтау бойынша жұмыстарды жүргізу.
Округтің халық саны - 1219. Экономикалық тұрғыдан жұмыспен қамтылғандар – 725. Өзін – өзі жұмыспен қамтығандар саны – 581. Кәсіпкерлік субъектілер бойынша – 58. Бюджеттік мекемелерде қызмет жасайтындар – 161. 0-5 жас бала саны – 100. Мектеп жасындағы бала саны – 189. 14-29 жастар саны – 271. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны – 48 адам 2,5% құрайды.
Округ бойынша зейнеткерлер саны - 116. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны – 12. Биыл, «Анвар» ЖШС-тің бас директоры, Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты, өзіміздің Ойылдық жерлесіміз, Талғат Салфиков Маратұлы, наурыз мерекесі қарсаңында, аз қамтылған – 10 отбасыға, тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай аз қамтылған – 3 отбасы, барлығы - 13 отбасына үлкен көлемде азық-түлікпен әлеуметтік көмек көрсетті. Мүгедектік зейнетақы алатындар саны - 26. Тұрғындардың зейнетақысы, басқа да төлемдері уақытылы әкеліліп отырады. Округте 42 алтын алқалы, 23 күміс алқалы аналар тұрады.
Округтегі өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық. Бұл бағытта мемлекетіміз қолдау жасап «Жұмыспен қамту 2021 жол картасы» бағдарламасын жасады.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту». «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы бағдарламаның 2-ші бағыты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып, 558 мың теңге қайтарымсыз грант жеңіп алып жеке кәсіпкерлігін тіркеп жұмыстарын бастады.
«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 26 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа 50 адам, барлығы 76 жұмыссыз тұрғындар ауысымдық жұмысқа тартылды.
2022 жылға арналған міндеттер:
-кадрларды дайындау бағыттары бойынша мемлекеттік тапсырысқа ауыл шаруашылығы, медициналық мамандықтарға, білім беру, кәсіпкерлік салалары бойынша қайта даярлауға сұраныстар беру көзделуде.
15 наурыздан – 15 маусымға дейін 3 айлық және 29 қыркүйектен – 12 қарашаға дейінгі екі айлық тазалық жұмыстары жарияланды. Бірінші жарты жылдықта 500 түп тал отырғызылды. Ауылдың тазалығы басты назарда. Қазіргі уақытта қыстан қалған қоқыстар «Бегалы» шаруа қожалығының демеушілігімен толық тасылды. Тазалық айлығы кезінде тұрғын үйлердегі, көшедегі қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары ұйымдастырылып 160 тонна қалдықтар шығарылды. Иесіз тұрғын үйлердің сыртын, орталық саябақтағы және көшелердегі талдарды әктеу жұмыстары жүргізілді. Соныменбірге, көшедегі банер, бильбордтар жаңартылып орналастырылды. Және «Қараой», «Рухани Жаңғыру», «Жастар» стеллаларыы қайта жасақталынды.
Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай, «Тәуелсіздікке 30 жыл» жазуы бар шағын сәулетті формада тақтайша орнатылды. Қазақстан – 2030 көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салуға қосымша 1 000 000,0 мың теңге төсеніш тастары мен бүйір тастары сатып алынып, қазіргі таңда тастарды төсеу жұмыстары қарқынды жүруде.
Ауыл ішілік жолдарды күтіп ұстау мақсатында «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде құны 111 973 620,32 мың теңгеге 3 көшеге, яғни Қазақстан-2030, Астанаға 10 жыл, Тәуелсіздік көшелерінің автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары, жасалынып, қазіргі таңда, халыққа пайдалануға берілді. Ауылдың орталық көшелерінің бағаналарына, ауылдың құрметті азаматтарының фотосуреттері бар жарық тақтайшаларын орнату жұмыстары қарқынды жүруде.
Көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін округ орталығына және Қараой, Құбасай елді мекеніне дендрологиялық жоспар жасақталды.
2022 жылға арналған міндеттер:
Салық базасы-жергілікті бюджет кірістерінің бір бағыты салық түсімдері. Бұл бағыт бойынша жеке тұрғындардың малдарын бағушылар, елді мекен жерін ауылшаруашылық мақсатында пайдаланып отырған шаруа қожалық төрағалары, кәсіпкерлер, тұрғындар және жолаушы тасымалдайтын (такси қызметі) азаматтар да түскен қаражаты есебінен салық төлеп отыр. Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеттің төртінші деңгейі ретінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді. Округ бюджетіне 4 бағыт бойынша яғни, салықтық және салықтық емес түсімдер, мүлікті сату және трансферттер бойынша қаражат кірістеледі. Округ бюджетіне түсірілген қаражат 19 бағыт бойынша шығысталады.
2021 жылғы жоспар 1130,0 мың теңге. Қазіргі уақытта түсірілгені 1456,000 теңге. Жоспар 129,0 %ға орындалды.
2022 жылға арналған міндеттер:
Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» халыққа жолдауында «Туған жерге - туыңды тік» бөліміне сәйкес округте бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Осы акция аясында «Батыр», «Теңдік» шаруа қожалықтары, аз қамтылған 2 отбасыға ҰММ етін көмек ретінде тарту етті.
Қараой ауылдық округ әкімшілігі 2 отбасына, мектеп әкімшілігі 3 отбасына, Ойыл аудандық қаржы бөлімі 1 отбасыға, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Утепова 2 оқушыға, орыс тілі мен әдебиетіі пәні мұғаімі Г.Абдраемова 2 оқушыға және Жұмабаева Зәуреш Жиенбекқызы 4 оқушыға киім-кешекпен демеушілік көрсетті.
Ауыл азаматтарының және жерлес кәсіпкерлеріміздің қолдауымен «Қазбағамбет Хазырет ата» атына мешіт имандылық үйіне қажетті керек-жарақ құралдар сатып алынды. Олардың ішінде, Қараой ауылының 1978 жылы туылған азаматтары 260 мың теңгеге және жеке кәсіпкер, Ж.Ажигалиев 60 000,0 теңгеге мешітке арнайы азан шақырылатын дыбыс ұлғайтқыш құрылғыларын тарту етті.
Сонымен қатар, «Қараой мектеп-бала бақшасының материалдық-техникалық базасын нығайту есебінде, ауылдың 1994 жылғы түлектері мекеме ғимараты сыртына 130 000,0 теңгеге «Кел, балалар оқылық», «Білім-барлық адамның ортақ қазынасы» атты жазықтық әріптер орнатып, тарту етілді.
2022 жылға арналған міндеттер:
- Мешітке арнайы соңғы үлгідегі терезе жапқыштар алу;
- Округ орталығына балалар ойын алаңын салу;
- Округ орталығына жаяу жүргіншілерге арналған тратуар санын ұлғайту.