Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі А.Избасовтың 2021 жылғы ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы есептік баяндамасы

Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі А.Избасовтың 2021 жылғы ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы есептік баяндамасы

 

 

Округтің демографиялық көрсеткіштері

 

2021 жылы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің халық саны — 1782 адам.

Экономикалық белсендi халық саны — 341 адам, онын iшiнде жұмыс iстейтiндер — 341 адам, зейнеткерлер — 162 адам, әртүрлi топағы мүгедектер — 41 адам,жұмыссыздар — 102 адам.

2021жылы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің аппаратына азаматтардан 23— өтiнiш келiп түстi, оның iшiнде 16— өтiнiш қосалқы шаруашылығын жүргізу  үшін жер телімін сұрау, 7-і  маусымдық кезде шөп дайындау және мал бағу үшін  жер телімін сұрау. Өтініштерді заң аясында аудандық жер комиссия арқылы  қоғамдастық келісім кеңестің келісім негізінде қанағаттандырылды.

 Қабылдау кестеге сәйкес округ тұрғындарды  8 әр түрлі өтінішішпен қабылдады.Қабылдау кезінде түсінік беріліп,нәтижесінде өтініштерді қанағаттандырылды.

 

Салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинау, салық салынатын базаны кеңейту

 

Ауылдық округтің кіріс бөлігі:

-         көлік салығы – 1 495 000 теңге – орындалуы 1 557 800,47=104,2%;

-         жер, мүлік салығы – 95 306 тг

Барлығы  1 653 695,89 теңге (100%) орындалды.

 

Кәсіпкерлік саласы бойынша

 

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша округте кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда ауылымызда наубайхана, монша, тойхана, шаштараз, тігін цехы, сауда дүкендері және такси қызметі ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп, жұмыс жасауда. 46 жеке кәсіпкер бар. 2021 Ойыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына 7 жеке кәсіпкер тіркелді, оның ішінде 1 кәсіпкер 583 мың теңге грант  алды.

Бағдарламалар бойынша: Бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша Ешпанова Назгул кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 2 млн 200 мың тг несие алды. Еңбек бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер Сагатов Болат 2,5 млн алып, 10 бас ірі қара мал алды.  Ермагамбетов Марат 3 млн 1 мың тг 10 бас ірі қара алды, Елеуов Ерик 1 млн тг несие алып, 20 бас қой алды. Пробация есебінде тұратын Төлепбергенов Тұрарбек 583 400 теңге қайтарымсыз грант алды.

Техника: «Ақбота» шқ – 1 пресс, 1 – тіркеме, «Сәт» шқ пресс – 1(3 млн 100 теңгеге), «Жаңаталап» шаруа қожалыығы 1  трактор «Беларусь - 92» . «Бек  -нұр» шаруа қожалығы погрузчик КПП – 15 млн 500 мың тг. «Мэлс» шаруа қожалығы «Беларусь – 82,1», «Елім-ай» ШҚ - Беларусь 80,1
 «Марал» ШҚ     Беларусь 892,1 сатып алды.   

 

Мал саны, ауылшаруашылығы саласында жүргізілген жұмыстар және ветеринариялық іс-шаралар

 

2021 жылы округтегі мал саны МІҚ 5393 бас, 12372 ҰММ, жылқы 2814 бас, түйе 34 бас дерекқор базаға тіркелген. Округ бойынша 2935 бас малға бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, сырға салынып, дерекқор базасына енгізілді. 44 аулаға дезинфекция жұмыстары жасалынып, 114 ит ауланды. Жоспар бойынша егу жұмыстары уақытымен орындалды.

МІҚ 7990 бас, ҰММ 18000 бас, түйе 20 бас және 28 ит «серрологиялық» тексеруден өтті.

Округ бойынша мал бордақылау алаңдарына, яғни «АкТеп» ЖШС 9 бас МІҚ, «Кублей» ЖШС 18 бас МІҚ , Қобда Беф 116 бас МІҚ тапсырылды. Округ бойынша жыл басынан бері бір  «Шектеу іс-шаралары» белгіленді. Атап айтқанда, Құмжарған ауылы «Шәңке» шаруа қожалығы бойынша МІҚ малдары арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты ветеринариялық-сантиарлық іс-шаралар белгіленді.

Құмжарған ауылы аумағындағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу» туралы 2021 жылдың 14 шілдедегі № 23округ әкімінің шешімі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне 2021 жылдың 15 шілдеде №23557 болып тіркелді.

12.08.2021 жылы ветеринариялық-санитарлық іс-шараларының аяқталуына байланысты «Шектеу іс-шараларын белгілеу» туралы шешімінің күші жойылды.

 

  БАУ-БАҚША ӨНІМДЕРІ,ЕГІС АЛҚАПТАРЫ  БОЙЫНША :

 

«Тәуекел» шаруа қожалығы 50 га жерге көпжылдық шөп екті.  «Болашақ» ШҚ 5 га жерге бау-бақша дақылдарын егіп мол өнім алып отыр.  Ауылдық округ бойынша «Болашақ» ШҚ басшысы бау-бақша егіп, қарбыз, қауын, қияр көкөністерін ауыл, аудан тұрғындарына ұсынып, аудандық, ауылдық жәрмеңкелеріне қатысты. «Ақжол-М» Ш/Қ 200 га алқапқа тары дақылы егілді.Округте қоғамдық табын мал бақтыру,екі бағытта ұйымдастырылса,мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілді.

 

Бағаларды тұрақтандыру бойынша жұмыстар

 

Дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жеке кәсіпкелермен бағалардың көтерілуін болдырмау туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жоғарғы сұрып нанның бағасы 120 теңге. Округ бойынша Қаратал аулындағы 4 дүкен және Құмжарған ауылындағы 1 дүкен иелермен мониторинг жасалды. Ауыл әкімдігі ауылшаруашылық және кәсіпкерлік саласын дамыту бағытындағы барлық бастамаларды қолдай отырып, кәсіпкерлер мен шаруа қожалық құрылымдарын бірлесе жұмыс жасауға шақырады.

Қайырымдылық шаралар

         Ауылдық округ бойынша 37 адамға 512000 теңге қаражат көлемінде көмек көрсетілді, оның ішінде 27 аз қамтылған отбасы (297000 теңге), 7 мүмкіндігі шектеулі жандар (136 000 теңге), 3 жалғыз басты аналар (. Ойыл ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі, ауылдық округ әкімшілігімен бірлесе, берілген тізім бойынша әлеуметтік осал топқа жатқызылған 6 отбасының үйілеріне улы газ датчигі қондырылды. Сондай-ақ округтегі жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіліп, үйлеріне отын түсірілді.

Білім саласы

Ш.Берсиев атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылы бойынша 50 педагог, 42 кіші қызметкер,2 интернат тәрбиешісі, 2медбике жұмыс жасайды. Мектепте 303 оқушы білім алуда. Мектепалды даярлық сыныбында 23 бала. Мектептегі санитарлық-эпидемологиялық жағдайы, оқушылар мен мұғалімдердің температурасын өлшеу қалыпты жағдайда. Бұл салада нақты міндет – білім беру сапасын арттыру. Мектеп интернатындағы оқушылар саны – 12, ҰБТ қатысатын оқушылар саны -11, Алтын белгіге үмыткер – 1, Қызыл аттестатқа үміткер 11 сынып бойынша -2, 9 сынып бойынша ерекше белгіге үміткер – 5 оқушы.

Соркөл орта мектебінде 30 мұғалім жұмыс жасайды. Оқушылар саны – 123. Мектепке дейінгі даярлық сынып- 8.

Құрманов бастауыш мектебінде 2 мұғалім, 1 тәрбиеші, 4 кіші қызметкер бар. 2021-2022 оқу жылында 9 оқушы білім алып отыр. 1 сынып – 4 жоқ,        2 сынып – 4 оқушы, 3 сынып – жоқ, 4 сынып – 2 оқушы.  Мектеп алды даярлық тобында 3 бала. Мұғалімдер мен кіші қызметкерлер түгел вакина алды.

       Мектепке  8 камера орнатылды. Оның 4-еуі сыртта, 3-еуі коридорда, 1-еуі  акт залы есебінде пайдаланып отырған кабинетке қондырылған. Камералар жұмыс жасап тұр.

    Мектеп интернет желісіне қосылған. Жазда ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған. Мұғалімдер мен кіші қызметкерлер антисептектер мен  маскалармен толық қамтамасыз етілген. 4 кварц бөлмелерге қондырылған және 1-еуі жылжымалы қызмет атқарады. Жылыту маусымында мектеп тоқпен жылытылып тұр.

   Қолданылып, тозуына байланысты еден жабындысы (ленолеум) және сыртқы ағаш есік ауыстыруды қажет етіп тұр.

Мектеп ішіне дәретхана мен қолжуғыш, қолкептіргіш орнатылып, есік алдына кілемшелер төселіп, оқушылар келген кезде және кетер кезде қызуларын өлшейтін тепловизормен қамтамасыз етілген. Мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге  антисептиктер мен маска және қолғаптармен жеткілікті түрде жеткізілген.

«Балбөбек»бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында 2021-2022 оқу жылында 9 педагог, 16 кіші қызметкер жұмыс жасайды.Балабақшада 54 бала  тіркеуде тұр.

Тәрбиеші жетістігі :

Шауменова Раушан Жауғаштықызы Ақтөбе білім басқармасының құрмет грамотасымен және  аудандық  «Nur Otan»партиясының және ауыл әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Кіші қызметкер Абилова Дидар аудандық кәсіподақ ұйымының жолдамасымен Ақтөбе қаласына «Юкон» шипажайына барып,демалып келді.Ал тәрбиеші Өтетілеуова Бекзада Түркістан қаласына туристік саяхатқа барып келді. Абиева Т  мен Нарынбаева Б облыстық кәсіподақтан құрмет грамотасын алды. Тәрбиеші Нарынбаева Б аудандық  «Nur Otan»партиясынан алғыс хатымен марапаталды. Кіші қызметкер Қабижанова Г Аудандық кәсіподақтан Алғыс хатпен сыйлыққа ие болды.  Тағанова Б Тәуелсіздіктің 30 жылдығына ауыл әкімінің алғыс хатын алды.

Денсаулық саласы

         Ауылдық округ бойынша 2021 жылы 27 бала дүниеге келді, қазіргі таңда есепте 8 жүкті әйел бар. 150 адам тұмауға қарсы екпе алды, 480 ересек адам және 400  бала скринингтен өтті. Ақпан айындағы авто поезға 40 ересек, 30 бала, 24 әйел қаралды.Жылжымалы флюорографияға 263 адам түсті, жалпы 600адам. Тіркеуде 107 адам тұрады, барлығына тегін дәрі беріледі. Күндізгі стационарда 101 адам емделді.     

Жастар саясаты бойынша

Округ аумағында 14-29 жас арасында 139 үйге мекен-жайлық жұмыс нәтижесі бойынша 527 жас бар. Оның ішінде өзін-өзі қамтыған жастар саны 201, мүмкіндігі шектеулі жастар саны 2, оқушы жастар 109, студенттер 165, жұмыссыз жастар саны 50.  

Әскерге шақыру

Әскерге шақырылған азаматтар саны — 43.Әскерге қабылданған сарбаздар саны – 5 адам. Оның ішінде 9 студент, 5 еуі – әскери билет (әскерге жарамсыздығы жөнінде).

Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы

Ақылы қоғамдық жұмысқа 80 адам тартылған. «Гүлдене бер, туған ел!» акциясы аясында жазғы демалыс кезінде студенттер,жұмыссыз жастар және  жоғары сынып оқушыларына арналған қоғамдық жұмысқа 40жас тартылды.

Жоғары немесе арнаулы орта білім алған  18 азамат пен азаматшаларды әр салаға жастар практикасы бойынша тартылды.

Округ бойынша мекемелерден тұрақты және маусымдық жұмысқа 15 адам қабылданды.

 

 Бюджет саласы

 

Осы жылға Шығанақ Берсиев атындағы  ауылдық  округі әкімінің аппаратына 160,083, 700 млн тг бөлінді, оның ішінде:

     Аппаратқа 35 млн 616 мың 900 теңге бөлінді.

оның ішінде: еңбек ақы, салықтар, іс сапар шығындары, коммуналдық шығындар, байланыс өзге де қызметтер мен шығындар.

Әкімшілік ғимаратын ағымдағы жөндеуге 11 млн.

Елді мекендегі көшелерін жарықтандыруға 9млн 113 мың теңге;

оның ішінде 5 млн 713мың теңге. Қаратал ауылы кіреберісіне 20 дана темір бағана мен жарық шамдары қондырылды.

Атап айтқанда Қаратал, Құмжарған, Қарасу елді мекендерінің көшелеріне 1млн 700 мың теңгеге жарық шамдары орнатылды.

Елді мекендердің санитарлық тазалық жүргізу үшін 525 мың теңге қаражат жұмсалды. Атап айтқанда:

полигонның айналасын қыру, тазалау, жинау, тегістеу.

Жерлеу орындарын күтіп ұстап және туыстары жоқ адамдарды жерлеу бағдарламасы бойынша 874 000 теңге берілді. Атап айтқанда 800 мың теңге қаражатқа Қаратал ауылындағы зиратты қоршау үшін жұмсалды. 74 000 теңге зираттың айналасын тазарту үшін.

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бағдарламасы бойынша 16 млн 784 000 теңге бөлінді. Атап айтқанда

Құмжарған ауылына шағын футбол алаңын салу үшін 4 млн 500 мың теңге;

Қаратал орталығына хоккейкорд салынды 1млн 448 мың тг:

Дендрологиялық жоспар жасақтау 753 000 тг;

Құрмет азаматтардың тақтайшасын жасақтау 700 мың тг;

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған конструкциялық белгі 500 мың тг;

Қарсу ауылына ұңғыма құдық қаздыруға 300 мың тг;

Қаратал ауылына Қаратал атауы жазылған белгі орнату үшін 550 мың тг;

ФОК тың сметасын дайындау, жер актсін дайындау, спорт алаңының инженерлік жұмыстары үшін 2 млн 116 мың теңге;

Қаратал ауылының көшелеріне асфальт бетіне жол белгілерін салу жұмыстары үшін   650 мың теңге.

Қаратал ауылына екі қосымша бейне камера орнатылды 800 мың тг.

Қосымша баннерлер орнату, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік органдардың күрделі шығындар бағдарламасы бойынша    9 млн 500 мың теңге, Қарасу елді мекеніне блок модельдік кешен орнату үшін.

Ауыл ел бесігі жобасы шеңберінде Сүлеймен әулие және Ш:Берсиев көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары екі көшеге асфальт төселді. облыстық бюджеттен бөлінген 8 млн 773 мың тг, Ұлттық қорынан бөлінген қаржы 78 млн 972 мың тг.

Барлығы 87 млн 639 мың теңге қаржы.

Жыл бойғы берілген қаражат толығымен игерілді.

Мәдениет саласы

Берсиев ауылдық клубы бойынша 2021 жылдың 12 айының көрсеткішіне сәйкес мәдени шаралардың саны 73, оның ішінде онлайн 20 шара. көрермен саны – 7928.  Ауылдық клуб 400325 теңгеге ағымдағы жөндеуден өтті. Ш.Берсиев модельді кітапханасының 2021 жылы кітап қоры 12695, жаңадан келген кітаптар 111. Оқырмандар саны 1113, барлық өткізілген мәдени шаралар саны 44, оның ішінде пандемияға байланысты бейнебаян түрінде өткізілгені 27, көреремен саны 6825, оның ішінде Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы көрермендер саны 5121.  

 

Мал азығын дайындау

Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі бойынша қысқы мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында 1,5 жылдық мал азығы қорын дайындау 32,0 мың тонна, орындалуы 100%, барлық тасылғаны 32,0 мың тонна, тасылуы 100,0%, оның ішінде қыстаққа тасылғаны 11,1 мың тонна, орындалуы 40,0%, оның ішінде жұртшылыққа 16,7 мың тонна, тасылуы 60%. Ауланың саны 279, оның ішінде тасылғаны 184, орындалуы 66,0%.

 

Санитарлық тазалық және көгалдандыру

Жылдағы дәстүр бойынша округтегі мекемелер айналасына сенбілік жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округ бойынша тазалық және көгалдандыру жұмыстарына шілде-тамыз айларында 41 студент, 2 оқушы жұмысқа алынды. Қаратал ауылындағы Ш.Берсиев атындағы орта мектебі мен ҰОС құрбандарына арналан саябаққа Ойыл орман шаруашылығымен келісім жасалып 700 түп қарағаш егілді.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Ауылдық округ бойынша Қаратал,Құмжарған ауылдары 100%орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды.Қарасу ауылында ауыз су бойынша  кешенді модельді ауыз су құбыры орналастырылды.

Электр желісі

         Округ бойынша биылғы жылы Қаратал ауылының кіре берісіне 20 жарық шамдары, Құмжарған ауылына 2 көшесіне 19 дана жарық шамдары, Қарасу ауылына 1 көшеге 6 дана  жарық шамдары орнатылды.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша

         Қаратал ауылы бойынша 2021 жылы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 30 отбасы өтініш білдіріп, 13 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.Қазіргі таңда соңғы тоқсан бойынша 4 отбасы әлеуметтік көмек, балаларға жасына байланысты әлеуметтік пакет беріліп отыр. Қаратал бойынша 8, Құмжарған 3, Қарасу 2 отбасы.

Тұрғындармен жұмыс

         «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сақтау, қоғамдық ұйымдар және қарапайым азаматтармен диалог, ашықтық, адамдардың қажеттілігіне жедел әрекет ету, халықпен тұрақты кездесулер, жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі басты қағидат. 2021 жылы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі бойынша тұрғындармен барлығы 29 кездесу жиыны өткізілген. Оның ішінде 10 қоғамдастық жиыны, - Сондай-ақ ауылдық округ бойынша мәслихат депутаттарымен ауыл тұрғындарымен қабылдау өткізілді.

округ аумағында кәсіби емес медиаторлар төрт дөңгелек үстел, сегіз отырыс ұйымдастырылды.Отырыста қаралған мәселелер бойынша дауды шешу мақсатында ақыл-кеңес берілді.

 

 

Құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде.

-«2021-2022 жылдарға Ойыл ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес округ бойынша төрт мекемемен меморандумға отырған.

-учаскелік инспекторы мен қоғамдық көмекшісімен бірігіп апталық кесте бойынша мекеме адамдарымен кезекшілікке шығады.

-округ аумағындағы темір бұйымдарын қабылдаумен айналысатын екі кәсіпкерлер арасындағы түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға отырылды.

 

 

«Туған жерге тағзым» акциясы

 

         Округ бойынша атқарылған игі шаралардың қатарында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Қаратал  ауылында демеушілікпен  бірқатар жұмыстар атқарылды. Оладың қатарында Ш.Берсиев атындағы орта мектебіне  жылғы түлектер12үздік оқушыларға барлығы 360 000тг бір жолғы степендия берілді.

1964 жылғы туылған азаматтар мен азаматшалар 80 000т гкөлемінде теннис ойын үстелін сыйлады..

2020 жылдың есеп беру кезінде жасалынатын жұмыстары  жөнінде:

-көшелерді жарықтандыру -  көшелерді жарықтандырылды.

-Құмжарған ауылына шағын футбол алаңы салынды.

-Қарасу ауылына кешенді блок модуль ауыз су құбырын орналастырылды.

-Қаратал ауылының Ш.Берсиев және Сүлеймен әулие көшелеріне күрделі жөндеу жүргізілді.

-Әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

 

 

 

Алдағы міндеттер:

         Атқарылған жұмыстарды саралай отырып, жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп алдағы жылға төмендегідей жұмыстарды жасаймын деп мақсат қойып отырмыз.

  • Округ бойынша көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру:
  • Округтің көркеюін одан әрі жақсарту үшін «Туған жерге тағзым» акциясын жандандыру;
  • Қаратал ауылының Ө.Бақаев, И.Қарағұлов, Тәуелсіздік және Қобыланды батыр көшелеріне асфальт төсеу үшін ЖСҚ әзірлеу;
  • Қаратал ауыл сыртына мал суару үшін ұңғыма құдық қаздыру.

 

ИЗБАСОВ ӘДІЛБЕК ЖАНСЕРІКҰЛЫ

Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі

Дата публикации
19 января 2022