Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы есебінің ТЕЗИСТЕРІ
Құрметті аудан тұрғындары !
Елбасының 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес халықты елде іске асырылып жатқан реформалар, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, түйінді мәселелер және оларды шешу бойынша жоспарлар туралы хабардар ету мақсатында әкімдердің дәстүрлі есеп беру кездесулері өткізілгелі отыр.
Есептік кездесулер-өткен жылғы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жылда аудан экономикасының дамуының тұрақтылығын сақтау арқылы тұрғындардың әлеуметтік ауқаттылығын одан әрі арттыру жолдарын жетілдіру жолдарын анықтау маңыздылығымен ерекшеленуде.
Өткен жылғы есеп беру кездесулерде аудандық маңыздағы автокөлік жолдарын жөндеу, елді мекендерді ұялы байланыспен қамту, типтік үлгідегі спорт алаңдарын салу және әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерi жөнінде 10 мәселе аудан деңгейіндегі іс-шаралар жоспарына енгізіліп, толық орындалуда, оның ішінде 7 елді мекеннің кіре беріс автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, Ойыл ауылдық округінің Қаракемер, Ақшатау елді мекендері ұялы байланыспен қамтамасыз етіліп, 3 елді мекенде типтік үлгідегі жасанды-жамылғылы спорт алаңдары салынып пайдалануға берілді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық одан әрі дамуы бағытындағы атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "" СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ " атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және іске асыру шараларымен жалғасты.
Аудан әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-насихаттау тобы, облыстық, республикалық ақпараттық насихаттау топтары жыл бойы Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау мен түсіндіру мақсатында елді мекендерде кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырды.
Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру аудан экономикасының ілгері дамуын қамтамасыз етті.
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 105,6 %, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 174,2% өсті.
Аудан экономикасының нақты секторында жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізіліп, бюджеттік қаржылардың толық игерілуі қамтамасыз етілді.
Ауданның жергілікті бюджетінің 11 айдағы кіріс жоспары 102,0 пайызға, жергілікті бюджетке түсетін салықтардың жоспары 131,0 пайызға орындалды. Оның ішінде 4-деңгейлі бюджет салық түсімдері жоспары 113,1 пайызға орындалды.
Аудандық ішкі резервтерді анықтау комиссиясы арқылы салық базасын кеңейту жұмыстары жүргізіліп, бюджетке қосымша жоспардан тыс 12,9 млн. теңге түсірілді.
2022 жылғы мақсат:
бюджеттік тапшылықты барынша қысқарту;
бөлінген бюджеттік қаржының мақсатты да тиімді жұмсалуына тұрақты бақылауды жалғастыру;
жергілікті бюджеттік кіріс түсімдерін ұлғайту бойынша қосымша шаралар қабылдау;
Аудан экономикасының негізін құрайтын ауыл шаруашылығы саласында:
4 түлік мал саны артып, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен мал басын өсіру мен мал тұқымын асылдандыру жөніндегі тапсырмалар толық орындалды.
Мемлекеттік бағдарлама аясында 1435 (жоспар-1400 бас) бас мүйізді ірі қара сатып алуға көмек беріліп, жоспар 102,5% , 2776 (жоспар 2700 бас) бас қой сатып алуына қолдау көрсетіліп, жоспар -102,8 % пайызға орындалды. 21 шаруа қожалығы қыстағында ұңғымалы құдық қазылып, 34 шаруа қожалығына лизингтік жүйемен 255,8 млн.теңгеге 25 ауыл шаруашылығы тракторлары мен 19 қосалқы техникаларын сатып алуына көмек берілді. 6 шаруа қожалығы өз қаржылары есебінен 28,8 млн.теңгеге 2 трактор мен 4 қосалқы ауылшаруашылығы техникаларын материалдық-техникалық базаларын нығайтты.
Аудан шаруашылықтарына өткен көктемгі далалық жұмыстары үшін 13,0 тонна, күзгі далалық жұмыстары мен мал азығын дайындау жұмыстарына 213,0 тонна облыстан бөлінген дизель отынын қолайлы бағада алуына қолдау көрсетілді.
2021-2022 жылдың қысына мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында 220,7 мың/тн. мал азығы дайындалып, жоспар толық орындалды, оның ішінде: қыстақтарға 115,0 мың.тонна тасылып, тұрғындарға 105,7 мың тонна тасылып, 2008 аула шөппен толық қамтылды.
Ауыл тұрғындарына шөппен қамтамасыз етуге қолдау көрсету мақсатында аудан орталығында шілде айынан бастап 1 қарашаға дейін әр сенбі сайын жәрмеңкелер өткізілді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында ағымдағы жылы Саралжын ауылдық округінде «Ербазы» ШҚ 70 бас сауын сиырмен тауарлы сүт фермасын ашып, Ойыл ауылдық округінде «Тұлпар» ШҚ 17 бас аналық жылқымен қымыз өндірді .
Егіс шаруашылығында егіс жоспары толық орындалды. Салада суармалы егіс көлемін арттыруға басым бағыт берілуде. Суармалы жерлерде 100 га картоп, 105 га көкөніс, 50 га бақша дақылары егіліп, 1200 тонна картоп, 143 тонна көкөніс, 775 тонна бақша өнімдері жиналды.
Қолданыстағы суармалы жер алқабын одан әрі ұлғайту мақсатында өткен жылы 3 шаруа қожалығы жерлерінде 540 га суармалы алқаптың инфрақұрылымын жасақтау жұмыстары аяқталып, шаруа қожалықтары қажетті техникаларын алып, іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізуде.
«Бизнес жол картасы-2025» бағдарламасы аясында «Тәжібай-Агро» ЖШС жоба құны 150 млн. теңге 150 га жер учаскесін суландыруға инфрақұрылым жүргізу жобасы мемлекеттік грантқа ұсынылып, оның ішінде 50,0 млн. теңге республикалық бюджеттен қаржыландыруға қолдау көрсетілді.
Мал дәрігерлік қамту шаралары бойынша бюджеттен 67,1 млн. теңге бөлініп, игерілуде. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу және қан алу жұмыстары толық орындалды.
41054 бас мүйізді ірі қарадан қан алынып 496 бас бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсеткен малдар арнайы мал сою пунктінде сойылып жойылды, 92545 бас қой-ешкіден қан алынып, оң нәтиже көрсеткен - 151 бас мал ИП "Саулебаева" шұжық цехына өңдеуге тапсырылды.
Дегенмен, ауыл тұрғындары арасында ветеринарлық талаптарды бұзу фактілері әлі де кездесіп, бруцеллез мүйізді ірі қара малдарын уақытылы жоймаған тұрғындарға аумақтық инспекция арқылы әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды
Тұрғындардың 85 аула қора жайларына жалпы көлемі 8293,5 шаршы метр аумаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
901 бас бұралқы иттер мен мысықтар ауланып жойылды.
Қараой, Қайынды ауылдық округтерінде мүйізді ірі қарадан бруцеллезге шектеу қойылып, іс-шаралар жүргізіліп шектеу алынды.
Жер ресурстарын басқару.
Аудан аумағында 1145686 га жер учаскелері бар, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 735737 га, елді мекен жерлері 407134 га, мекеме, кәсіпорын, өндіріс орындарының жерлері -2870 га, орман жерлері 28340 га.
2021 жылы мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген 22 ауылшаруашылығы субьектілерінің 10327 га жер учаскесі толықтай және ішінара ауданның босалқы жер қорына қайтарылып,
48 ауыл шаруашылығы субьектісіне жер көлемі111551 га жер учаскелерін мақсатына сай пайдалануы туралы ескерту хабарламалар жіберілді.
Ағымды жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер конкурсқа шығарылып, жаңадан құрылған 1 ауылшаруашылығы субьектісіне 2000 га, 7 ауылшаруашылығы субьектілеріне қосымша 12290 га жер учаскесі табысталды.
Кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелеріне жерге орналастыру жобалары дайындалып, электронды аукцион өткізіліп, 7 жер учаскесі 231мың013 теңгеге сатылып, бюджетке өндірілді.
Халықтың малдарының жайылымын кеңейту мақсатында Көптоғай елді мекенінің жер көлемін 2593 га, Ш.Берсиев ауылдық округінің жер көлемін 6770 га, Саралжын ауылдық округінің жер көлемін 650 га және де Сарбие ауылдық округінің жер көлемін 13541 га ұлғайту мақсатында жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылғы міндеттер:
мал шаруашылығында: мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік субьектілерінің ұсынылған жобаларына мемлекеттік қолдау көрсетуді;
шаруашылықтардың мал сатып алу үшін несие алуларына, лизингтік жүйемен жаңа техникалар алуына, малды асылдандыру жұмыстарына қолдау көрсетуді одан әрі жалғастыру;
ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпкерлігін одан әрі дамыту, инвесторлар іздестіру;
жұқпалы мал ауруларына қарсы ветеринариялық жұмыстар деңгейін одан әрі жоғарылату;
жергілікті көкөніс, картоп, бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз етуді одан әрі жақсарту мақсатында суармалы тары, көкөніс алқабын ұлғайту;
шаруа қожалықтарына суару техникаларын алуға қолдау көрсете отырып, инфрақұрылымы дайындалған 540 га суармалы алқабын іске қосу;
жылыжай ашуға тілек білдірген кәсіпкерлерге қолдау көрсету; жер учаскелерін мемлекеттік қорғау және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету жұмыстарын пәрменді жалғастыру.
Кәсіпкерлік саласы. Ауданның кәсiпкерлiк құрылымдары аудан экономикасының дамуына, халықты жұмыспен қамту мәселесiн шешуге, қызмет көрсету саласының кеңеюiне өз үлестерiн қосуда.
Субъектілер саны 1038 бірлікке жетіп , өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101 бірлікке артып, 110,4 пайызға өсті.
«Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 84 адам кәсіпкерлік негіздерін оқытылып, жоспар 135,5 пайызға орындалды. «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау» қорынан 35 жоба бойынша 126млн715,0 мың теңге несие алуына, жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 71 адамға өз ісін ашу үшін 41млн420,8 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант беріліп, жоспар 102,8 пайызға артығымен орындалды.
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 31 жоба бойынша 62,6 млн. теңге несие алынып, "Ойыл ауылындағы жылыжайды кеңейту" мақсатында ЖК ""С.Мырзағалиеваға 4,0 млн.теңге, Айдаров Дарханға алма егісі бойынша 3,0 млн.теңге қайтарымсыз мемлекеттік грант алуына қолдау көрсетілді.
«Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында «АгроБизнес, Іскер» бағдарламаларымен қолдау көрсетіліп, 7 жоба бойынша 276,0 млн. теңге көлемінде несие алынып, жоспар толық орындалды.
Ағымдағы жылы бюджеттен тыс жеке қаржылармен 853,0 млн.теңге инвестиция салынып, 1 жанар-жағармай құю стансасы, 1 монша, 5 тамақтану орындары-дүкендер,1 балалар ойын орталығы, салынып іске қосылды.
2022 жылғы жоспар:
ұсынылған өндірістік және тың кәсіпкерлік жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету;
«Бизнестің жол картасы 2025», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясындағы «АгроБизнес», «Іскер», т.б. бағдарламалар аясында шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бөлінген несиелелерді бірінші кезекте өнім өңдеу мен тұрмыстық қызмет көрсету салаларында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағыттау;
ауданда дәстүрлі емес кәсіпкерлік саласын одан әрі дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету.
Әлеуметтік салада жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерiне ерекше көңiл аударылуда.
Кешенді жоспарға сәйкес, 2401 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
2021 жылдың 1 қарашасына 1757 жаңа жұмыс орындары ашылып, 968 адам жұмысқа орналастырылып белгіленген жоспар толық орындалды.
Мемлекеттік қолдау шараларын қолданбастан 1000 адам жұмысқа орналастырылды.
«Еңбек» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 52 адам, кәсіптік оқытуға 42 адам оқуға жіберіліп, оқуды аяқтаған 45 адамның жұмысқа орналасуына ықпал етілді. 99 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 101 адам жастар тәжірибесіне, 895 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Құрамында 1318 адамы бар 242 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде жұмысқа қабілетті 96 адам жұмыспен қамтылды.
Туберкулездің әртүрлі нысандарымен және онкологиялық аурулармен ауыратын тұрғындарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 38 адамға 6907,6 мың теңге тағайындалып, төленді.
Өмірлік қиын жағдайына байланысты 13 отбасына 1450,0 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар оңалту Бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылуда.
Ауданда мүгедек санаттары бойынша барлығы 423 адам, оның ішінде І топта - 29, ІІ топта – 159, ІІІ топта - 160 адам және бала кезінен 16 жасқа дейін 75 бала есепте тұрады.
Бекітілген жұмыс орындарының квотасы негізінде 22 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 11 уақытша жұмысқа, 11 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
25 мүгедекке протездiк-ортопедиялық көмек ұсынылып, 61 мүгедек сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы 27 мүгедекке жеке көмекшiнiң және есту кемiстiгi бар мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметтерi көрсетілді.
4 мүгедекке кресло-арба беру қаралуда. 19 мүгедектің ипажайда ем алуына көмек берілді. 28 жалғызбасты қарттар мен жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедек балаларға үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетілуде. 19 мүгедек баланың Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған 554,0 мың теңге шығындары өтелді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес – 12 мүгедек балаға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесімен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.
Аудандық бюджеттен 4289,3 мың теңге бөлініп 74 мүгедектің қажеттілігіне орай «Инва такси» қызметі көрсетілуде.
2022 жылғы жоспар:
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасына жұмыссыздар мен аз қамтылған отбасы мүшелерінің қатынасушылар санын арттыруға ықпал ету;
мүгедектерге арналған қолжетімді ортаны қалыптастыру жұмыстарын жалғастыру;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың нәтижелілігін арттырып, аз қамтылған отбасыларды азайту бойынша шаралар қабылдау;
Денсаулық сақтау саласында –1 АА, 6 ДА, 1 ФАП, 14 МП қызмет көрсетеді.
10000 тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамту көрсеткіші –16,8, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,6 бірлікке өсті.
4896 ересек, 4812 бала әлеуметтік маңыздағы ауруларға қарсы тегін скринингтік тексерулерден өткізіліп, ауру анықталған 63 ересек адамға емделуге жолдамалар берілді, 63 бала сауықтырылды.
Аудандық орталық аурухана арқылы 5 жасқа дейінгі балалар 2млн 389,2 мың.теңгенің сүт-қобдишаларымен, дәрілермен және «Д» есептегі науқастар 34 млн 573,3 мың теңгенің тегін дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз етілді.
Материалды-техникалық базаны нығайту бойынша: Аудандық ауруханаға жылжымалы флюорографиялық кешен, 2 санитарлық атокөлік және эндоскопиялық бейнеақпарттық жүйе сатып алынып, Ойыл аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін және Көптоғай елді мекеніне типтік жобада аусымына 50 адам қарайтын дәрігерлік амбулаториясын салу үшін жобалау-сметалық құжаттары дайындалды.
2022 жылғы жоспар:
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің талаптарын одан әрі дамыта отырып, әлеуметтік маңызы бар аурулар санын азайту мақсатында профилактикалық шараларды одан әрі күшейту;
тұрғындарды туберкулезге қарсы толық тексерумен қамтып, анықтау арқылы туберкулезбен алғашқы сырқаттану деңгейін төмендету бойынша шараларды жалғастыру;
емдеу мекемелерін жоғары кәсіби медициналық кадрлармен қамтамасыз ету шараларын жалғастыру;
аудандық орталық аурухана мен ауылдық округтердегі емдеу мекемелері ғимаратын жөндеуге ұсыну мен емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын одан әрі жақсарту бойынша шаралар қабылдау;
Көптоғай ауылдық округ орталығында дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізуге ұсыныс беру
Білім беру саласында жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселелері аудан әкімдігінің басты назарында ұсталуда. Ағымдағы жылдан бастап ауданның білім беру саласы облыстық бюджеттен қаржыландыруға көшті.
Өткен 2020-2021 оқу жылында 3389 оқушы аяқтап, оның ішінде 950 үздік, 760 екпінді оқушы аяқтады. Ұлттық біріңғай тестілеуге 11 сыныпты аяқтаған 178 оқушы қатынасып, 117 түлек мемлекеттік грант иегері атанды.
2021-2022 оқу жылында оқушылардың індетке қарсы қауіпсіздіктері қамтамасыз етіле отырып, жаңа оқу жылына бірінші сыныпқа 368 оқушы қабылданып, жалпы бала саны 3403 баламен 13 орта мектеп, 7 негізгі және 3 бастауыш мектеп, 2 қосымша білім беру ұйымы дәстүрлі негізде жұмыс жасауда.
Теректі НМ 9,7 млн.т, Қарасу НМ 6,8 млн. тг. ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
3426,0 мың теңгеге 6 мектеп және аудан орталығындағы интернатқа 7 комплект турникет орнатылып, 24,9 млн. теңгеге қосымша мектеп жиһаздары, асхана және кітапхана жабдықтары алынды.
75,0 млн.теңге бөлініп, 4 мектепте модернизациялау жұмыстары жүргізілді.
2022 жылғы жоспар:
- оқушыларға білім беру сапасын одан әрі арттыру бойынша шараларды, оның ішінде дарынды балаларды анықтап, олармен жұмыс жүргізу шараларын жалғастыру;
- мектептер мен бала бақша ғимараттарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсыну;
- білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту шараларын жалғастыру;
- балаға білім мен тәрбие берудегі мектеп және ата-ананың бірлескен жұмыстарының тиімділігін арттыру;
- инновациялық технологияларды, интерактивті білім беруді іске асыруды дамыту
Мәдениет саласында халықтың рухани байлығын молайтып, мәдениетін арттыру, ұлттық мәдениетті сақтауда кітапханалар мен түрлі мәдени мекемелердің алар орыны ерекше.
Мерекелік күндермен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына, Ыбырай Алтынсариннің 109 жыл толуына орай шаралар өткізілді.
Облыстық бюджеттен 21,2 млн. теңге бөлініп «Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ғимаратына күрделі жөндеу, Амангелді ауылдық клубына, Тайсойған, Сапақкөл, Берсиев ауылдық клубына –ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық бюджеттен 312,5 мың теңге бөлініп, Қарасу ауылдық клубының орындықтары ауыстырылды.
Аудандық балалар кітапханасында аудандық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен қазақи нақыштағы «Рухани жаңғыру-бала шақтан» мүйісінің авторлық кабинеті және аудандық орталық кітапханада заманауи коворкинг орталығы ашылды.
2022 жылғы жоспар:
-мемлекеттік мерекелерге және аудандық деңгейдегі мерейтойлық арналған іс-шараларға аудан тұрғындарының барынша көп қатысуын ұйымдастыру;
-аудан өнерпаздарының облыстық-республикалық деңгейде танылуына мемлекеттік қолдау көрсету;
-мәдени мекемелерді жөндеу мен материалдық-техникалық базасын жақсарту шараларын жалғастыру;
- мәдени мекемелердің ақылы қызмет көрсету ауқымын одан әрі кеңейту шараларын қабылдап, мерекелік шаралар өтетін мәдени орындарды жаңа заман талабына сай безендіру жұмыстарын жалғастыру
Жастар саясаты
Аудандағы жастар саны (14-29 жас аралығы) 5143 адамды немесе аудан тұрғындарының 31% құрайды.
Ағымдағы жылы мамандығы бар 113 жастың тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал етілді, 2 жас мемлекеттік қызметке қабылданды. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында қоғамдық жұмыстарда 224 жас жұмыспен қамтылды.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 28 жас , жастар тәжірибесіне 101 жас тартылып, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздеріне 21 жас оқытылды. Ағымдағы жылы 19 жастың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіліп, 11,0 млн.теңге мемлекеттік грант берілді.
Жастардың көмегімен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 53 маманға жалпы соммасы 15млн460,1 мың теңге көтерме жәрдемақы, 26 маманға 98млн523,5 мың теңге тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит берілді.
Аудан бойынша спортпен шұғылданушылар саны 6264 адамға жетіп, халықты бұқаралық спортпен қамту үлесі көрсеткіш 32,3 пайыздан 33,6 пайызға өсті, оның ішінде «Ақ бидай» ауыл спорт ойындары өткізіліп, 500 жуық спортшы қамтылды. Волейболдан ауданның құрама командасы облыс бойынша жеңімпаз болып, республикалық жарысқа қатысты.
Ағымдағы жылы аудан орталығында 392,619 млн.теңгеге (РБ-353,891 млн.т; ОБ-24,728 млн.т, АБ-14,0 млн.т) дене шынықтыру сауықтыру кешені құрылысы аяқталып, іске қосылып, қосымша спорт үйірмелері ашылды.
Аудандық бюджеттен қаржы бөлініп:
Көптоғай ауылдық округінің Аманкелді , Қайыңды ауылдық округ орталығы Ақжар ауылында, Ш.Берсиев ауылдық округінің Құмжарған ауылында типтік үлгідегі жасанды жамылғылы спорт алаңдары пайдалануға беріліп, Қайыңды ауылдық округінің Көсембай ауылында типтік үлгідегі спорт алаңымен хоккей корты, Ш.Берсиев ауылдық округі орталығында хоккей корты салынды.
Қаратал ауылында 260,0 млн. теңге тұратын спорт зал құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы іздестірілуде.
2022 жылғы мақсат:
-аудан халқын бұқаралық спортпен қамту деңгейін арттыру бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыру;
-барлық елді мекендерді жасанды-жамылғылы спорт алаңдарымен қамтамасыз ету;
-көпшілік спорттық шараларға қатынасушы тұрғындар санын одан әрі арттыруға ықпал ету;
-қысқы спорттық ойындары және ұлттық спорт түрлерін дамыту шараларын қабылдау;
-ат спорты, суда жүзу спортын дамыту шараларын қабылдау
Құрылыс жұмыстары бойынша жеке секторда 8568 шаршы метр 53 тұрғын үй және жалпы сметалық құны 161,0 млн.теңге құрайтын 1891 шаршы метр екі қабатты екі сегіз пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер іске қосылып, өткен жылмен салыстырғанда 113,4 пайызға өсті.
Аз қамтылған, көп балалы отбасыларға елді мекендерден тұрғын үй сатып алып беру мақсатында Республикалық бюджеттен 16,7 млн. теңге қаражат бөлініп, Көптоғай, Кемер, Ақшатау, Ойыл, Қаракемер, Бестамақ, Қараой ауылдарынан 7 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Республикалық бюджеттен 113,0 млн.теңге игеріліп Ойыл селосындағы жаңа тұрғын үй салу алаңы электр қуатымен қамтамасыз етіліп, 108,0 млн.теңге игеріліп ауыз су құбыры тартылды.
2022 жылға жоспар:
-жалдамалы-коммуналды тұрғын үйлер салу және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыларды толық игеру;
-елді мекендерде тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысын салуға қолдау көрсетіп инженерлік-коммуналдық жүйемен жабдықталған тегін жер учаскелерін беруді одан әрі жалғастыру ;
-аудан көлеміндегі жүргізіліп жатқан құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылау орната отырып, бөлінген қаржының мақсатты игеріліп, құрылыс-жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде сапалы аяқталуын қамтамасыз ету.
-жобалау-сметалық құжаттары аяқталған ауылдық округ әкімдігі ғимараттарын салуға ұсыныс беру
Аудандық маңыздағы автокөлік жолдарын жөндеу
«Көптоғай ауылына кіреберіс» 0-21,255км аудандық маңыздағы автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жол сапасын бақылау мақсатында қабылдау уақыты келесі жылға қалдырылды. «Шұбарши ауылына кіре беріс» 0-15,2км автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында.
Қайыңды ауылына кіре беріс 0-26,960 км» автокөлік жолына орташа жөндеу жұмысына жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, 712млн.136мың теңге қажетті қаржыға облысқа бюджеттік өтінім беріліп, конкурс берілуде.
Аудандық маңыздағы Бестамақ, Ақкемер, Кемер, Қаракемер ауылына кіре беріс, Ақшатау-Қаракемер, Құмжарған, Екпетал ауылына кіре беріс автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жобалау сметалық құжаттары жасақталып, сараптамадан өткізілуде.
Көшелерге асфальт салу жалғастырылып, 2021 жылы аудан бойынша 426,0 млн.теңгеге 11,25 км 14 көше асфальттанды, атап айтқанда:
аудан орталығында ұзындығы 4,72 км 5 көше аудандық бюджеттен 107,4 млн.теңге бөлініп, (Тапалова (29781,0 мың т), Дүсіпов (144000,0 мың т) Байғанин (10213,0 мың т), Оноприенко (16319,0мың т), Еркінов (35230,0 мың т) көшелері асфальттанды.
Аудан орталығында ауыр жүк автокөліктері үшін айналма автокөлік жолын салу жоспарға енгізіліп, жобалау-сметалық құжаттары дайындалды.
Оған қосымша, Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда Сарбие ауылдық округі орталығында 4 көшеге (3,35 км-118,8 млн.теңге), Ш.Берсиев ауылдық округ орталығы Қаратал ауылында 2 көшеге (2,4 км-87,7 млн.теңге), Қараой ауылдық округінде 3 көшеге (3,2 км-112,6 млн.теңге) асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.
Келесі жылға Саралжын, Қайыңды, Көптоғай ауылдық округтері көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттары дайындалды.
2022 жылғы жоспар:
-автокөлік жолдарының орташа жөндеу жұмыстарының сапалы аяқталуына ықпал ету ;
-жобалау –сметалық құжаттары дайындалған елді мекендерге кіре беріс автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныстар беру;
-жобалау сметалық құжаттары дайындалған ауылдық округ елді мекен және аудан орталығы көшелерін асфальттау жұмыстарын жалғастыру және ауыр жүк автокөліктері үшін айналма автокөлік жолын салу бойынша шаралар қабылдау;
-аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының күтіп ұстау жұмыстарының сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;
-қыс айларында автокөлік жолдарын қардан аршу жұмыстарына елді мекендердегі шаруашылықтар иелігіндегі техникаларды қосымша жұмылдыру бойынша келісім жасау
Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылып, бүгінгі таңда орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылу деңгейі ағымдағы жылы іске қосылған Бестамақ елді мекенін қосқанда 20 елді мекен қамтылып, -90,9% , халық санына шаққанда 17949 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылып, 96,4 % жетті.
Қалған Көптоғай а/о Қарасу (1,7 млн.теңге) және Шұбарши (4,2 млн.теңге) ауылдарына орталықтандырылған ауыз су құбыры құрылысы үшін ЖСҚ дайындалуда.
Аудандық бюджеттен 28,0 млн.теңге бөлініп, ауданның бес елді мекенінде (Құбасай, Қарасу, Қоңырат, Шиқұдық, Қаракөл) суды тазартатын кешенді блок-модуль орнатылды.
2022 жылғы жоспар:
- жобалау–сметалық құжаттарының аяқталуына орай Көптоғай ауылдық округінің Қарасу және Шұбарши елді мекендерінде орталықтандырылған ауыз су құбыры құрылысын жүргізуге ұсыныс беру;
Елді мекендерді газдандыру
Аудан бойынша екі елді мекен орталықтандырылған газбен қамтылды, ол қамтылған елді мекендер үлесінің 9,1 пайызын, халық санына шаққанда 30,7 пайызды (5729 тұрғын) құрайды.
(Жалпы сметалық құны 547 млн778,0 мың теңге тұратын Қаратал ауылына жеткізуші және ауылішілік газ құбырының құрылысын» (28,8 км, 166 тұрғын үй) Қаратал ауылын есепке алғанда - 3 елді мекен (13,6 пайызды құрап), халық санына шаққанда 42,6 пайызды (7903 тұрғын) құрайды.)
Осы жоба аясында елді мекендерді газдандыру жұмыстарын жалғастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 52,0 млн.теңге бөлініп, Көптоғай, Аманкелді, Екпетал елді мекендеріне жеткізуші және ауылішілік газ құбырының құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 250 адамнан артық тұратын елді мекендерді ұялы байланыспен қамту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары аясында 2021 жылы Көптоғай ауылдық округінің Қарасу, Шұбарши, Ойыл ауылдық округінің Қаракемер, Ақшатау елді мекенінде ұялы байланыс іске қосылды.
Саралжын ауылдық округінің Бестамақ елді мекенін және Ойыл ауылдық округі Екпетал елді мекенін ұялы байланыспен қамту үшін мұнара орнатылып, операторлармен келіссөздер жүргізілуде.
«Қазақтелеком» АҚ Ойыл аудандық бөлімшесі арқылы Көптоғай ауылында KceLL 3G ұялы байланысы, Ойыл ауылында Beeline , Алтел 4G ұялы байланысы қосылды.
2022 жылғы жоспар:
-Саралжын ауылдық округінің Бестамақ елді мекенін ұялы байланыспен қамтып, ауданның барлық елді мекендерін ұялы байланыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу;
-ауылдық округ елді мекендері мен аудан мектептерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.
Елді-мекендердің тұрмыс тіршілігін жақсарту бойынша қосымша бюджет қаржысымен қатар "Туған жерге тағзым", "Түлек KZ", "Ауыл қамқоршысы", "Бақытты бала" секілді жобалар жүзеге асырылуда. 2021 жылы 30,0 млн.теңгеге 30 жоба жүзеге асырылып, демеушілік қаржымен аудан елді мекендерін абаттандыру мен білім, мәдениет және спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүргізілді.
Құрметті аудан тұрғындары !
2021 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қол жеткен жетістіктер- біздің ортақ жемісіміз.
Ауданның өркендеуіне үлес қосқан баршаңызға ризашылығымды білдіре отырып, алдағы есептік кездесулерде аудан халқының ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге белсенді қатынасуға шақырамын.
Мемлекет басшысы 2021 жылғы Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында «Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек. Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз» деп атап көрсеткені белгілі.
Мемлекеттің болашағы үшін өзімізге жүктелген осындай зор жауапкершілікті сезіне отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін одан әрі шешуге бірлесіп, жұмыс жасау - баршамыздың парызымыз.