Ойыл аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілген конкурс отырысы
ХАТТАМА
Ойыл ауылы №2 «11» қараша 2021 жыл
Күн тәртібінде
- Күн тәртібіне сәйкес комиссия хатшысы жер комиссиясында ашылған конверттер бойынша түскен өтінімдерді жариялады8лотқа, №8 учаскеден 25өтінім түсті.
Комиссия барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексерді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес- жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжалды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап салыстыруды жүзеге асырды және зерттеу нәтижесіне сәйкес жер комиссиясы келесідей шешім қабылдады:
(Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының" 22,23,24 тармақтарына сәйкес, әр лот бойынша конкурс қатысушыларына балл беру кестесі хаттамаға қоса жалғанды.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43 бабының 2 тармағы, 43-1 бабының негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану(жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа түскен барлық өтінімдерді әр лот, әр учаске бойынша зерделеп, өтінімдерді бағалап, салыстыра отырып, балл беру жолымен бағаланып салыстыру кестесі негізінде ашық дауыс беру арқылыШЕШІМ ЕТТІ:
- №1 лот, №1 учаске бойынша конкурсқа қатысушылар «Бақыт» ш/қ 5 балл, «Сабыржан» ш/қ 1 балл, ең жоғары балл жинаған: «Бақыт» ш/қ басшысы Г.Мусин жеңімпаз деп танылсын және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге берілсін ;
- №2лот, №1 учаске бойынша конкурсқа қатысушылар «Алпыс» ш/қ 1 балл, «Көбек» ш/қ 5 балл, ең жоғары балл жинаған: «Көбек» ш/қ басшысы К.Усенова жеңімпаз деп танылсын және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге берілсін ;
- №3 лот, №1 учаске бойынша конкурсқа қатысушылар «Береке» ш/қ 3 дауыс, «Мерей» ш/қ 0 дауыс, «Аружан» ш/қ 1 дауыс, «Бек-Сұлтан» ш/қ 4 дауыс, (1 дауыс қалыс қалды) ең жоғары балл жинаған: «Бек-Сұлтан» ш/қ басшысы Е.Алипов ашық дауыс негізінде (4 дауыс) жеңімпаз деп танылсын және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге берілсін ;
- №4 лот, №1 учаске бойынша конкурсқа қатысушылар «Бекзат» ш/қ 15 балл, «Аружан» ш/қ 1 дауыс, «Ақтай» ш/қ 5 дауыс, ең жоғары балл жинаған: (3 қалыс қалды) «Ақтай» ш/қ басшысы Е.Жанабеков ашық дауыс негізінде (5 дауыс) жеңімпаз деп танылсын және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге берілсін ;
- №5 лот, №1 учаске бойынша конкурсқа қатысушылар «Бекзат» ш/қ 15 балл, «Мерей» ш/қ 0 дауыс, «Азамат» ш/қ 8 дауыс, «Ақтай» ш/қ 0 дауыс, ең жоғары балл жинаған: «Азамат» ш/қ басшысы Н.Жайсанбаев ашық дауыс негізінде (8 дауыс) жеңімпаз деп танылсын және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге берілсін ;
- №6 лот, №1 учаске бойынша конкурсқа қатысушылар «Спарта» ш/қ 6 дауыс, 2 қалыс, «Мерей» ш/қ 0 дауыс, 2 қалыс қалды, «Бақыт» ш/қ 10 балл, ең жоғары балл жинаған: «Спарта» ш/қ басшысы С.Туремуратов ашық дауыс негізінде (6 дауыс) жеңімпаз деп танылсын және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге берілсін ;
- №7 лот, №1 учаске бойынша конкурсқа қатысушылар «Аль-Фараби» ш/қ 1 дауыс, «Матай» ш/қ 0 дауыс, «Нұрхан» ш/қ 1 дауыс, «Алжан» ш/қ 15 балл, «Болат» ш/қ 2 дауыс, 5 дауыс қалыс қалды, ең жоғары балл жинаған: «Болат» ш/қ басшысы А.Танкеев ашық дауыс негізінде (2 дауыс) жеңімпаз деп танылсын және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге берілсін ;
- №8 лот, №1 учаске бойынша конкурсқа қатысушылар «Елдос» ш/қ 4 дауыс, «Көбек» ш/қ 3 дауыс, 2 дауыс қалыс қалды, ең жоғары балл жинаған: «Елдос» ш/қ басшысы Е.Акконисов ашық дауыс негізінде (4 дауыс) жеңімпаз деп танылсын және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге берілсін ;