Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округінің
сайланған әкімін тіркеу туралы Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2021 жылғы «25» шілдеде болған әкім сайлауының Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округінің қорытындылары туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Тажигалиев Марат Тлепбергенович, 1963 жылы дүниеге келген, Ойыл аудандық
білім, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ә.Дербісалин атындағы Саралжын
орта мектебі» ММ директоры болып қызмет атқарады, Саралжын ауылдық округінің Кемер
ауылының тұрғыны Саралжын ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
- Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялансын.
- Тиісті куәлік берілсін.
Сайлау комиссиясының төрағасы Б.Т.Бисекенов
Сайлау комиссиясының хатшысы Б.Бақтыгереев
2021 жылғы 26 шілде