Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының "№ 399 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы" қаулысы

ОЙЫЛ      АУДАНДЫҚ     АУМАҚТЫҚ     САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ     ҚАУЛЫСЫ

 

  «19»  шілде  2021 жыл                    №  9                                        Ойыл ауылы

№ 399 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін № 399 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Сидақова Жакен Сакышовна тағайындалсын.
  2. Осы қаулы № 399 учаскелік сайлау комиссиясы мен аудандық мәслихатына жолдансын.

 

Төраға                                                      Б.Бисекенов

 

Хатшы                                                     Б.Бақтыгереев

Дата публикации
19 июля 2021