Ойыл ауданының ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

САЙЛАУ-2021

 

 Ойыл ауданының  ауылдық округтері  әкіміне кандидаттарды  тіркеу туралы Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЫ 

 

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы келесідей ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды тіркеді:

Көптоғай ауылдық округі бойынша:

1.Аманғосов Артур Сәрсенбайұлы -  1975 жылы туған, «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас инспекторы, Ойыл ауданы  Ойыл ауылында тұрады,  өзін-өзі  ұсынған;

2.Асылбаев Ерлан Базарбайұлы -  1975 жылы туған, Көптоғай ауылдық             

округінің әкімі, Ойыл ауданы Көптоғай ауылында тұрады,                                                       «Nur  Otan» партиясы  ұсынған;

3.Сатығалиев Қуаныш Айсаұлы -  1983 жылы туған, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің директоры,  Ақтөбе қаласында тұрады,  «Ауыл»  ХДПП-ы  ұсынған;

Саралжын ауылдық округінің әкімдігіне:

1.Қосбаев Ахметжан – 1981 жылы туған,  «Қазпошта» АҚ  ірі көлемді   

пошта жөнелтілімдері учаскесінің диспечері, Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі, Бестамақ ауылында тұрады, «ADAL» саяси партиясы ұсынған.

2.Рабаева Марина Андрейқызы - 1991 жылы туған,  Теректі негізгі мектебі оқу ісінің меңгерушісі, Ақтөбе қаласында тұрады, Қазақстанның «Ақжол» Демократиялық партиясы ұсынған.

3.Тәжіғалиев Марат Тлепбергенұлы - 1963 жылы туған,  Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің директоры, Ойыл ауданы, Саралжын ауылдық округі, Кемер ауылында  тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
17 июля 2021