Ақтөбе облысы Ойыл ауданының ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабар - 09.07.2021
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы келесідей ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды тіркеді: Көптоғай ауылдық округі бойынша: 1. Аманғосов Артур Сәрсенбайұлы - 1975 жылы туған,Ойыл ауданы әкімінің аппараты ММ-нің бас инспекторы, Ойыл ауданы Ойыл ауылы Сәтпаев көшесі 9 үйде тұрады, өзін-өзі ұсынған; Саралжын ауылдық округінің әкімдігіне: 2. Рабаева Марина Андрейқызы - 1991 жылы туған, Теректі негізгі мектебі оқу ісінің меңгерушісі, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Қарғалы тұрғын үй алабы, 12/92 үйде тұрады, Қазақстанның «Ақжол» Демократиялық партиясы ұсынған.