Саралжын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы ___маусымдағы №___ Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі Бестамақ ауылы «Бірлік» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс – шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылдың 28 мамырдағы № 2-14/80 ұсынысы негізінде, Саралжын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мүйізді ірі қара малдарының арасында пастереллез ауыруының анықталуына байланысты, Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі Бестамақ ауылында орналасқан «Бірлік» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында көпшілік талқылауы үшін 28.05.2021 жылы орналастырылды, нормативтік құқықтық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі 11.06.2021 жылға дейін.
«Саралжын ауылдық округ әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі