|
Ойыл аудандык мәслихатының 2016 жылғы 5 сәуірдегі №77 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы жобасына баспа-релизі |
|
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 және 139-баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Ойыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №77 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4888 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: қаулының атауы келесідей редакцияда жазылсын: «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» ; қаулының 1-тармағы келесідей редакцияда жазылсын: «1.Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.»; көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. «Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №77 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»» Ойыл ауданы әкімдігінің қаулы жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылдың 13 мамырында, e-gov «Ашық нормативтiк-құқықтық актiлер» порталында көпшілік талқылауы үшін 26 сәуірде 2021 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2021 жылы 12 мамырдағы №7 хатымен алынды.
|