қаулы жоба

Ойыл ауданы әкімдігінің                          2016 жылғы 5 сәуірдегі №77 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

  

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 және 139-баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Ойыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №77 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4888 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

қаулының атауы келесідей редакцияда жазылсын:

 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» ;

қаулының 1-тармағы келесідей редакцияда жазылсын:

«1.Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

1) осы қаулыны Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

  1.   Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Аудан әкімі                                                                 А.Қазыбаев

                                                                 Ойыл ауданы әкімдігінің

                                                                   20 жылғы «___» _________

                                                       №__ қаулысына қосымша

 

                                                     Ойыл ауданы әкімдігінің

                                                                   2016 жылғы 5 сәуірдегі

                                                        №77 қаулысына қосымша

 

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

№

Лауазым атаулары

Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1

Аудандық  Халықты жұмыспен қамту орталығының (аудандық маңызы бар  мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының) басшысы

2

Жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы

3

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының басшысы

2

Ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының басшысы

3

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының көркемдік жетекшісі

4

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының сектор басшысы

5

Мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер)

6

Кітапханашы

7

Барлық атаудағы әдістемеші (негізгіқызметтер)

8

Барлық атаудағы суретшілер (негізгіқызметтер)

9

Аккомпаниатор

10

Режиссер

11

Кітапхана меңгерушісі

12

Библиограф

13

Музыкалық жетекші

14

 Хореограф

 

 

 

                                                 

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

О внесении изменений в постановление акиматаУилского района от 5 апреля 2016 года №77 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Дата публикации
17 мая 2021