Ойыл ауданы, Қараой ауылдық округіндегі мән- мағынасы жоқ көше атауларын өзгерту туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы

   

Ойыл ауданы, Қараой ауылдық округіндегі мән- мағынасы жоқ көше атауларын өзгерту туралы жергілікті  қоғамдастық жиналысының

№ 1 хаттамасы

 

Қараой ауылдық округі                                                                      19 сәуір 2021 жыл                        Қараой ауылдық мәдениет  үйі

Сағат: 10:00

 

Қараой ауылында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар мүшелер саны: 15

 

ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:

1.Қараой  ауылдық округі әкімінің м.у.а: Айтқалиев Нұрлан Айсаұлы;

2.Жергілікті қоғамдастық мүшелері;

3.Қараой  ауылының тұрғындары;

4.Темірмұқанов Амангелді Қойшанұлы  – қоғамдастық жиналысының төрағасы;

5.Бозшиева Зоя Ескендірқызы  – қоғамдастық жиналысының хатшысы.

 

Жиналысқа қатысқан қоамдастық мүшелерінің саны – 10

Жергілікті қоғамдастық жиналысын Қараой ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы,  Н.Айтқалиев ашты.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 ақпандағы 2014 жылғы №138 «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын» және «Қазақстан Респуликасының әкімшілік- аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сүйене отырып Қараой ауылдық округі, Қараой ауылының мән-мағынасыз көше атауларын өзгерту туралы.

Жиында қоғамдастық жиналысының төрағасы, А.Қ.Темірмұқанов күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып, Республикалық ономастика комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданған «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және  «Дәстүрлі атаулар» тізімдерінен  «Бауыржан Момышұлы» атауын беруді ұсынды.

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

 

С.С.Жумангалиев: Мен бұл ұсыныспен толық келісемін. Себебі, «Астанаға 10 жыл» деген атаудың ешқандай мән-мағынасы жоқ. Оның орнына Амангелді қойшанұлы айтқандай, кеңес одағының батыры, жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы және  майдангер жазушы – Бауыржан Момышұлы атамызға ауылымыздың бір көшесінің есімі берілуі керек деп есептеймін. Біз осындай жұмыстарымыз арқылы ұлы тұлғаларымыздың, батыр-бабаларымыздың атын өшірмей, өскелең ұрпаққа мұра етіп жеткізе аламыз.

Ш.Султанов: Бұл өзімізге, болашақ жастарымызға қажет. Батырын ұлықтап өскен ұрпақ, өзі де батыр болып есептелмейді ме?! Мен бұл ұсынысты қолдаймын және ұсынылып отырған көше атауына толықтай келісемін.

М.Алпанов: Мен де бұл ұсынысқа келісемін. Жалпы біздің еліміз жерін, елін қорғаған ата-бабаларымызбен бірге тарихи тұлғаларымыздың бірлігінің арқасында талай жетістікке жеткен. Соның бірі, аталып өткендей, Б.Момышұлының есімін көшемізге берсек, нұр үстіне нұр болар еді. Осындай ерен-еңбекпен, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген егемендік елдігімізді алу жолында, ерен еңбегі сіңген батыр-бабаларымыздың бірі, осы Бауыржан Момышұлы атамыз.

Мен осы ауылдық орталық көшелерінің біріне «Бауыржан Момышұлы» деп атау беруіміздің өзі – өскелең ұрпағымыздың алдында, тәлім-тәрбиеміз бен өткенімізді ұлағаттап, рухани-патриоттық тәрбие берудегі борышымыз деп санаймын.

С.С.Мырзағалиева: Біз көше атауымыздың өзгергеніне қарсылығымыз жоқ. Өйткені, бұл көше атауының өзгертілу мәнісі де бар деп есептеймін. Себебі, қазіргі таңда астанамыздың құрылғанына, 10 жылдан да асып кетті.

Біздің тек қамығатынымыз, осы көше атауы өзгертілгеннен кейін, көше тұрғындары өз мекен-жайларын, құжаттарын өзгерту барысында үлкен мәселе болып қалмайды ма?! Міне, осы сауал бізді алаңдатады. Осы жөнінде, біз жоғарыдағы өкілдерден осы көше атауын өзгерту барысында, жеке тұрғындардың жұмысын жеңілдету нұсқаларын таңдауларын сұраймыз.

А.Темірмұқанов: Енді осы ұсынысты дауысқа салу қажет деп санаймын. Сонымен дауысқа салсақ.

      Қараой ауылдық округінің, Қараой ауылындағы мән-мағынасы жоқ көше атауларын өзгерту туралы сұрағы бойынша санау үшін дауысқа салынады.

Ескерту: дауыс беруге  қатысушылардың қол  көтеруімен ұсыныстар анықталады.

 

   «Жақтады»-30

   «Қарсы» - 0

   «Қалыс қалғандар жоқ» - 0

 

     Қоғамдастықты тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қортындысы бойынша Қараой ауылдық округі, Қараой ауылындағы мән-мағынасы жоқ көше атауларын өзгерту мақұлданды.

Жиналысқа қатысқан жергілікті қоғамдастық мүшелері айтылған ұсыныстарды бір ауыздан қолдап ШЕШІМ ЕТТІ:

 

  1. Қараой ауылдық округі бойынша, мән-мағынасы жоқ Қараой ауылындағы «Астанаға 10 жыл» көшесінің атауын «Бауыржан Момышұлы» атауына өзгерту ұсынылсын.
  2. Осы ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының қарауына жіберілсін.

 

 

      Жиын төрағасы:                                                                  А.Қ.Темірмұқанов

      Жиын хатшысы:                                                                 З.Е.Бозшиева  

Дата публикации
20 апреля 2021