ХАБАРЛАНДЫРУ.
Құрметті Ойыл ауылының тұрғындары!
2021 жылдың 19 сәуір күні сағат 15 00 –де «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ойыл ауылы Көкжар көшесі №69 мекен жайындағы кеңсе ғимаратында Ойыл ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді.
Күн тәртібіндегі мәселе:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 ақпандағы 2014 жылғы № 138 «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын» және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сүйене отырып Ойыл ауылының көше атауын өзгерту туралы қоғамдық тыңдалым өтеді.
«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ