1 Қосымша
Аудан әкімдерінің 2021 жылдағы есеп беру барысында айтылған
ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
2021 жылғы 12 сәуір жағдайы бойынша
|
№ |
Айтылған ескертулер және ұсыныстар |
Орындалу жағдайы (шешу жолдары) |
Орындалу сатысы (орындалды / орындалуда) |
|
Ойыл ауданы |
|||
|
1. |
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі Құмжарған ауылының кіреберіс жолына орташа жөндеу жүргізу үшін ЖСҚ жасақтау |
Құмжарған ауылының кіреберіс 2,96 км. жолына мемлекеттік сатып алудың конкурсы өткізіліп, жеңімпаз болып «Игілік» ЖШС анықталды. Келісім шарт жасақталуда. ЖСҚ соммасы 324800 теңге. ЖСҚ жасақталу мерзімі 4-ай. |
Орындалуда |
|
2. |
Ойыл ауылдық округі Екпетал ауылының кіреберіс жолына орташа жөндеу жүргізу үшін ЖСҚ жасақтау |
Екпетал ауылының кіреберіс 1,97 км жолына мемлекеттік сатып алудың конкурсы өткізіліп, жеңімпаз болып «Игілік» ЖШС анықталды. Келісім шарт жасақталуда. ЖСҚ соммасы 246400 теңге. ЖСҚ жасақталу мерзімі 4-ай. |
Орындалуда |
|
3. |
Саралжын ауылдық округі Тайсойған ауылының кіреберіс жолына орташа жөндеу жүргізу үшін ЖСҚ жасақтау |
Тайсойған ауылының кіреберіс 1,84 км жолына мемлекеттік сатып алудың конкурсы өткізіліп, жеңімпаз болып «Игілік» ЖШС анықталды. Келісім шарт жасақталуда. ЖСҚ соммасы 246400 теңге. ЖСҚ жасақталу мерзімі 4-ай. |
Орындалуда |
|
4. |
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі Қарасу ауылын газбен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ жасақтау
|
Қарасу ауылын газбен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ жасақтау мәселесі, Қаратал ауылын газдандырғаннан кейін қаралатын болады. |
Орындалуда |
|
5. |
Көптоғай ауылдық округі Қарасу ауылдық клубының орындықтарын ауыстыру
|
48 орындыққа аудандық бюджеттік комиссиясына 556 800 теңгеге өтінім берілді. Алдағы мәслихат сессиясында қаражат бөлу қаралатын болады. |
Орындалуда |
|
6. |
Ойыл ауылдық округі Ақшатау, Қаракемер елді мекендерін ұялы байланыспен қамту |
Қаракемер елді мекеніне Aktiv байланыс операторы орнатылды. Ақшатау елді мекеніне байланыс мұнарасы орнатылды, байланыс операторымен келісілді. |
Орындалуда |
|
7. |
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі Құмжарған ауылына спорт алаңын салу |
ЖСҚ дайын. Соммасы 264 681,7 мың теңге. Жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысы 23.02.2021 ж. №АЭ-0045/21 бойынша берілген. |
Орындалуда |
|
8. |
Қайыңды ауылдық округі Көсембай ауылының көшелерін жарықтандыру
|
Аудандық бюджеттік комиссиясына 500 000 теңгеге өтінім берілді. Алдағы мәслихат сессиясында қаражат бөлу қаралатын болады. |
Орындалуда |
|
9. |
Қайыңды ауылдық округі Көсембай ауылына спорт алаңын салу
|
Аудандық бюджеттік комиссиясына 5,7 млн. теңгеге өтінім берілді. Алдағы мәслихат сессиясында қаражат бөлу қаралатын болады. |
Орындалуда |
|
10. |
Ойыл ауылдық округі Екпетал ауылына спорт алаңын салу
|
Аудандық бюджеттік комиссиясына 5,2 млн. теңгеге өтінім берілді. Алдағы мәслихат сессиясында қаражат бөлу қаралатын болады. |
Орындалуда |
Аппарат басшысы Е.Тлепов