Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277

«Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы   6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277 «Ойыл      ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және   мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау  қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік     тіркеу Тізілімінде № 4724 тіркелген,  2016 жылы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық–құқықтық  жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және   мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың  Қағидаларында:

5 тармақтағы «Үлгілік» сөзі «Осы» сөзімен ауыстырылсын;

         9 тармақтың 1), 2) және 11 тармақтың 1) тармақшаларындағы  «уәкілетті органның» сөздері «уәкілетті ұйымның» сөздерімен ауыстырылсын.

         9 тармақтың 3 тармақшасындағы «Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» сөздері «Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі» сөздерімен ауыстырылсын.

9 тармақтың 5 тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

            «Қазақстан Республикасының шегінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының  ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері, теміржол көлігінде (екі бағытта) жылына бір рет, бірақ купелі вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде,

Жұмыс берушінің кінәсінен болған еңбектегі мертігуден немесе кәсіби ауырудан мүгедектердің, емделуге жол жүру өтемақысы берілмейді.

          14 тармақтың 3 тармақшасы алынып тасталсын.

17 тармақтың 3 абзацы келесідей мазмұндағы 6), 7) тармақтармен толықтырылсын:

   «6) екінші деңгейдегі банктерде немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде есепшотының бар болуы туралы құжат;

    7)Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, I, II, III топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектер және оларды ертіп жүрген адамдар емдеу орнынан келген күнінен бастап екі айлық мерзімнен кешіктірмей көрсетілген жол жүру дерегін растайтын құжаттарды ұсынады.».

  1. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

решение
Дата публикации
02 апреля 2021