Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелерімен өткізілген жиналысысының хаттамасы

Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің тұрғындары және

жергілікті қоғамдастық мүшелерімен өткізілген

жиналысысының хаттамасы

№5

 

Қаратал ауылы                                                                                             17 наурыз 2021 жыл

                          уақыты: сағ: 15-00

 

«Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ ғимараты.

Қатысқандар:

А.Ж.Избасов – Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі.

Б. Султашева  - «Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ

 бас маманы

Жергілікті қоғамдастық мүшелері – 9 адам, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің тұрғындары – 19 адам, барлығы –28 адам.

Төрағалық етуші: Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың мүшесі – Култемиров Сериккали Баксиыкович .

Хатшы: жергілікті қауымдастықтың мүшесі: - Жуканова Жангүл Ақылбекқызы

Күн тәртібінде:

Ш. Берсиев атындағы ауылдық округіне қарасты Қаратал ауылындағы атауы өзгертілген  көшеyің атауын өзгерту туралы.

 

Жиналыс төрағасы С. Култемиров жиналысты ашық деп жариялап, сөзді Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі А.Ж. Избасовқа берді.

Ш. Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі А.Ж.Избасов қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, Қаратал ауылындағы Конституция  көшесінің  атауын  өзгерту қажеттігін айтты. Соған байланысты аталмыш көшеге атау беру қажеттілігі айтылып, жиналысқа қатысып отырғандардың назарына жаңа атау тізімі ұсынылды (қоса берілді).

Келесі сөз кезегін алғандар көше атауын  қолдайтындарын білдірді. Бұл ұсынысты жиналысқа қатысушылар қолдап, бірауыздан дауыс берді.

 

Жиналыс ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Қаратал ауылындағы Конституция көшесінің атауын  өзгертіп,  көшеге  жаңа атау берілсін.
  2. Ұсынылған көше атауы облыстық ономастикалық комиссияға ұсынылсын.

 

Жиналыс төрағасы:                              С.Култемиров

 

 Хатшы:                                                      Ж. Жуканова

Дата публикации
19 марта 2021