Ойыл ауданы, Көптоғай ауылдық округінің, Көптоғай ауылындағы мән- мағынасы жоқ көше атауларын өзгерту туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының № 1 хаттамасы

Ойыл ауданы, Көптоғай ауылдық округінің, Көптоғай ауылындағы мән- мағынасы жоқ көше атауларын өзгерту туралы жергілікті  қоғамдастық жиналысының                           

№ 1 хаттамасы

Көптоғай ауылдық округі                                15 наурыз  2021 жыл                        Көптоғай ауылдық әкімшілігі

10-00 сағат

         Көптоғай ауылында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар мүшелер саны:44

ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:

1.Көптоғай ауылдық округі әкімі Асылбаев Ерлан Базарбайұлы

2.Жергілікті қоғамдастық мүшелері

3.Көптоғай ауылының тұрғындары

4.Таушанова Нұрлыгүл Жарылғасынқызы – қоғамдастық жиналысының төрағасы

5.Омарова Мейрамгүл Бақтығалиқызы – қоғамдастық жиналысының хатшысы

Жиналысқа қатысқан қоамдастық мүшелерінің саны – 30

Жергілікті қоғамдастық жиналысын Көптоғай ауылдық округі әкімі Е.Б.Асылбаев ашты.

КҮН ТӘРТІБІ:

       Көптоғай ауылдық округі, Көптоғай ауылындағы мән-мағынасыз көше атауларын өзгерту туралы.

       Жиында қоғамдастық жиналысының төрағасы Н. Таушанова күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып, Республикалық ономастика комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданған «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және  «Дәстүрлі атаулар» тізімдерінен  «Жамбыл», «Мәңгілік ел» атауларын беруді ұсынды.

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

       Б.Жұмырбаев: Мен бұл ұсыныспен толық келісемін. Себебі «Тұрғын үй-91», «Астанаға 10 жыл» деген атаудың ешқандай мән- мағынасы жоқ. Оның орнына Нұргүл Жарылғасынқызы айтқандай, Қазақтың аса көрнекті ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толуына сәйкес ауылымыздың бір көшесіне осы ұлы тұлғаның есімі берілуі керек және ұлы тұлғалардың атын өшірмей, өскелең ұрпаққа жеткізу бізге міндет.

       С Дүйсенов: Бұл өзімізге, болашақ жастарымызға қажет. Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы. Мен бұл ұсынысты қолдаймын және аталып өткен барлық көше атауларына келісемін.

      Е Ниязов: Мен де бұл ұсынысқа келісемін. Жалпы біздің еліміз жерін, елін қорғаған ата- бабаларымызбен бірге тарихи тұлғаларымыздың бірлігінің арқасында талай жетістікке жеткен. Соның бірі, аталып өткендей Ж Жабаевтың есімін көшемізге берсек, нұр үстіне нұр болар еді. Осындай ерен еңбекпен, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуы жолында көшенің атауын «Мәңгілік ел» деп аталуы біздің өскелең ұрпағымыздың алдындағы тәлім- тәрбиеміз өткенімізді ұлағаттап, рухани - патриоттық тәрбие берудегі борышымыз деп санаймын.

     Н.Таушанова: Енді осы ұсынысты дауысқа салу қажет деп санаймын.

Сонымен дауысқа салсақ.

      Көптоғай ауылдық округінің, Көптоғай ауылындағы мән- мағынасы жоқ көше атауларын өзгерту туралы сұрағы бойынша санау үшін дауысқа салынады.

(дауыс беруге  қатысушылардың қол  көтеруімен ұсыныстар анықталады)

   «Жақтады»-30

   «Қарсы» - 0

   «Қалыс қалғандар жоқ» - 0

     Қоғамдастықты тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қортындысы бойынша Көптоғай ауылдық округі, Көптоғай ауылындағы мән- мағынасы жоқ көше атауларын өзгерту мақұлданды.

Жиналысқа қатысқан жергілікті қоғамдастық мүшелері айтылған ұсыныстарды бір ауыздан қолдап ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Көптоғай ауылдық округі бойынша мән- мағынасы жоқ Көптоғай ауылындағы Тұрғын үй-91 көшесінің атауын «Жамбыл», Астанаға 10 жыл көшесінің атауын «Мәңгілік ел» атауына өзгерту ұсынылсын.
  2. Осы ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.

      Жиын төрағасы:                                                                  Н Таушанова

      Жиын хатшысы:                                                                 М Омарова

                                                                                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 марта 2021