Көптоғай ауылдық округі бойынша қоғамдастық жиынын өткізу туралы хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Көптоғай ауылының тұрғындары!

     2021 жылдың 15 наурыз күні сағат 1000 -де  «Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Көптоғай ауылы, Достық көшесі №6 мекен жайындағы кеңсе ғимаратында Көптоғай ауылдық округі бойынша қоғамдастық жиыны өтеді.

Күн тәртібіндегі мәселе:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 ақпандағы 2014 жылғы №138 «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру,  оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын» және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сүйене отырып Көптоғай ауылдық округі, Көптоғай ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы қоғамдастық жиыны өтеді.

                «Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ

Дата публикации
15 февраля 2021