|
Ойыл аудандык мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №467 «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасына баспа-релизі |
|
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №467 «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7902 тіркелген, 2020 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақта: 1) тармақшасында: кірістер – «6 408 284» сандары «6 408 315,3» сандарымен ауыстырылсын: трансферттер түсімі – «6 040 304» сандары «6 040 335,3» сандарымен ауыстырылсын; 2) тармақшасында: шығындар – «6 408 284» сандары «6 581 620,9» сандарымен ауыстырылсын; 5) тармақшасында: бюджет тапшылығы (профициті) – «-74 686» сандары «-247 991,6» сандарымен ауыстырылсын; 6) тармақшасында: бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – «74 686» сандары «247 991,6» сандарымен ауыстырылсын: бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – «0» саны «173 305,6» сандарымен ауыстырылсын. 9 тармақ келесі мазмұндағы 3), 4) тармақшаларымен толықтырылсын: «3) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялауға – 1 000 мың теңге;»; «4) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыруға – 2 000 мың теңге.». 10 тармақта: 1) тармақшасында: «966 061» сандары «971 609» сандарымен ауыстырылсын; 10 тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елдi мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 31 935 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 4. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасы http:// uil.akimat.kz/ сайтында 2021 жылы 1 наурызда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 18 ақпанда 2021 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2021 жылы 24 ақпандағы №1 хатымен алынды. |