Ойыл ауданы мен ауылдық жерлерінде сату және салық салу мақсатында жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) және бағалау аймақтарының шекаралары мен жеручаскелері үшін төлем ақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Ойыл ауданы мен ауылдық   жерлерінде сату және салық салу мақсатында жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) және бағалау аймақтарының шекаралары мен жеручаскелері үшін төлем ақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы баспа-релизі

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6 бабын, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8,11 баптарына сәйкес Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ойыл ауданы мен ауылдық елді мекендерінің жерлерінде сату және салық салу мақсатында жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) және бағалау аймақтарының шекаралары мен жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері, осы шешімнің №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

          2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

          «Ойыл ауданы мен ауылдық   жерлерінде сату және салық салу мақсатында жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) және бағалау аймақтарының шекаралары мен жер учаскелері үшін төлем ақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Ойыл аудандық мәслихатының шешім жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылғы 27 қаңтар, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында көпшілік талқылауы үшін 05 қарашадағы 2020 жылы орналастырылды. ЗТБ «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы» қортындысы 2020 жылдың 11 қарашадағы №220 санды хатымен алынды. «Атамекен» Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының қорытындысы 2020 жылғы 18 қараша №2148/РПП04 санды хатымен алынды. «Ойыл аудандық қоғамдық кеңесі» қортындысы 2020 жылдың 24 қарашадағы №05 санды хатымен алынды. «Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің қортындысы 2020 жылғы 11 қарашадағы №220 хатымен алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қортындысы 2020 жылғы  25 қарашада алынды.

. 

 

 

 

         «Ойыл аудандық жер  

қатынастары бөлімі» ММ басшысы:                                     Ж.Ержанов

справка
Дата публикации
01 февраля 2021