Облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, сонымен қатар тұрғындар арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алуға арналған Қазақстан Республикасы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысын орындау мақсатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің 2020 жылы атқарылған жұмыстар және 2021 жылға қойылған жоспарлар туралы халық алдындағы есебі 2021 жылдың 10 ақпанында сағат 11.00-де «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының тікелей эфирінде, aqtobe_press инстаграм және Ақтөбе облысы әкімдігі фейсбук парақшаларында онлайн форматта өтетіндігі хабарланады.
Облыс тұрғындары өз сұрақтары мен ұсыныстарын арнаулы жәшіктерде қалдыра алады, сонымен қатар электронды форматта aqtobe_press инстаграм және Ақтөбе облысы әкімдігі фейсбук парақшалары, aktobe.region@akto.kz электронды поштасы арқылы жолдауға болады.
Жәшіктер мына мекенжайларда орналасқан:
|
№ |
Орналасқан орны |
Мекен-жайы |
|
Ойыл ауданы |
||
|
1. |
Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты |
Ойыл ауылдық округі, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69 |
|
2. |
Ойыл аудандық мәдениет үйі
|
Ойыл ауылдық округі, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 68 |
|
3. |
Қаратал ауылдық клубы |
Ш.Берсиев ат. ауылдық округі, Қаратал ауылы, Ш.Берсиев көшесі, 35 |
|
4. |
Саралжын ауылдық округінің әкімдігі |
Саралжын ауылдық округі, Кемер ауылы, Бөтагөз-2 көшесі,12 |
|
5. |
Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты |
Қайыңды ауылдық округі, Ақжар ауылы, Мекеп көшесі, 6 |
|
6. |
Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты |
Көптоғай ауылдық округі, Көптоғай ауылы, Достық көшесі, 6 |
|
7. |
Қараой ауылдық клубы |
Қараой ауылдық округі, Қараой ауылы, Еңбеккерлер көшесі, 2 |
|
8. |
Сарбие ауылдық клубы |
Сарбие ауылдық округі, Сарбие ауылы, Жастар көшесі, 14 |